gototopgototop
2018 жылдың 3 тоқсаны бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі - 28284 теңге, кедейлік шегінің мөлшері - 14142 теңге, ыстық желінің телефоны – 44061.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

"Өзіңнен баста" акциясы

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Өзіңнен баста»  акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты мемлекеттік қызметкерлерге халықтың сенімін арттыру және табыстарының айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жүргізіліп жатқан акция барысында мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен мүлкі туралы мәліметтер ұсынылды.

№ п/п

Аты  Жөні Тегі

Лауазымы

Айлық жалақысы (тенге)

Мүлігі

1

Томпиева
Жанат Казиевна

Бөлім басшысы

147980

4 бөлмелі пәтер

2

Кондубаева
Алия Бейсембековна

Бөлім басшысының орынбасары

132605

3 бөлмелі пәтер

3

Абдрахманова
Меруерт Жаксылыккызы

Бас маман

74310

жоқ

4

Серикбаева
Жанагуль Тасболатовна

Бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп беру сектор меңгерушісі

99934

жоқ

5

Аулбаева
Лазат Кайратовна

Бас маман

74951

жоқ

6

Садвакасова
Гульжан Агжановна

Жетекші маман

67904

жоқ

7

Касимова
Айгуль Катаевна

Жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік сектор меңгерушісі

93528

жоқ

8

Абдыкаринова
Асель Жабикбаевна

Бас маман

64701

жоқ

9

Айтмаганбетова Айнагуль Бахитбековна

Жетекші  маман

61498

жоқ

10

Махтбекова
Гульмира Айталымовна

Әлеуметтік төлем тағайындау және төлеу сектор меңгерушісі

99934

3 бөлмелі пәтер

11

Алтынбекова
Алмагуль Касымкалиевна

Бас маман

76232

жоқ

12

Киякбаева
Дина Бердыгалиевна

Бас маман

71107

автокөлік

13

Шорманова
Жибек Сибаковна

Ардагерлер, мүгедектер және аз қамтылған азаматтармен жұмыс істеу сектор меңгерушісі

98653

жоқ

14

Таимова Саулеш Садвакасовна

Бас маман

76232

жоқ

15

Рахманова Гульзира Ерболовна

Бас маман

72388

2 бөлмелі пәтер

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүргізілген жұмыстар туралы «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Елбасы жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын сапалы орындау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі практикалық нәтижелердің ең негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 6 бап 1 тармағына сәйкес, өз құзыры шегінде әрбір мемлекеттік ұйымдар мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Сол үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөнінде заңдар мен нормативтік – құқықтық актілер қабылданып, сыбайластықпен күрес жүргізу барысында Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №27/24 қаулысымен «Балқаш қаласындағы 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары», сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің 2013 жылғы 28 қазандағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің ұсынысын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Осы іс-шаралар жоспарын орындау мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 45 бабының 1 тармағына сәйкес және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы қимыл жасауға бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекетік органдардағы лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың сақталуы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның барлық салаларында, яғни әлеуметтік сала бойынша, атап айтқанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2013 жылда төмендегідей шаралар өткізілді.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жүргізген жұмысы жөніндегі ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа уақытылы жеткізіліп отырады (халыққа қызмет көрсету мекеме басшыларының қатысуымен өтетін әкімнің халыққа есеп беру кездесуі, бөлім басшысының есебі және т.б.). «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында барлық анықтама материалдары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландырулар, халыққа қызмет көрсету стандарттарының жобаларын көпшілікпен талқылау, сонымен қатар бөлімнің жүргізетін жұмысы жөніндегі ақпараттар жарияланып және үнемі жаңартылып отырады.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған құқықтық және бөлімнің жүргізген жұмыстары туралы ақпараттарды тұрғылықты халыққа қолайлылығын қамтамасыз ету барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» бойынша тарау орын алған. Осы тарауда бөлімде атқарылып жатқан жұмыстардың, шешімдердің шынайы және ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттар жарияланып және үнемі жаңартылып отырады.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен хабарламалары үшін оңтайлы орында пошталық жәшік орналасқан. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің Ережелерін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу заңдылықтарын бұзу фактілерін хабарлау үшін 2003 жылдан бері үзіліссіз сенім телефоны жұмыс жасап келеді. Сенім телефонының номері бұқаралық ақпарат құралдарында ай сайын жарияланып отырады және бөлімнің ресми сайтында орын алған.

Жергілікті маслихат шешімдерімен бөлінген қаражаттарды мекеме қолданысындағы заңнамалар негізінде игереді. Оның ішінде әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының орындалуына бөлінген әлеуметтік көмектер, аз қамтамасыз етілген азаматтардың есеп шотына аударылады. Бюджеттен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражаттар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес өткізіледі. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы болып табылатын жай, электрондық бағдарлама жасалынып, бекітілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары осы бағдарламалар негізінде жүргізілуде. Бұл электрондық бағдарлама Қазақстан бойынша мемлекеттік сатып алу порталына жол ашты. Барлық мемлекеттік сатып алулар осы бағдарлама бойынша жүзеге асады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды орындау мақсатында, бөлімде 2013 жылға арналған жалпы құқықтық оқытудың жоспары жасалып, бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды орындау мақсатында, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру жөніндегі саясаты негізінде кездесулер мен жалпы құқықтық сабақтар үнемі өткізіліп отырады. Ай сайын бекітілген жоспар бойынша және жоспардан тыс құқықтық сабақтар жүргізілуде. Жыл басынан бері әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында білімін жетілдіру мақсатында 11 құқықтық сабақ өткізіліп, хаттамаланды.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жыл басынан мемлекеттік сатып алу жөнінде ашық конкурс өткізілген жоқ, мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі бағыттарының бірі негізінде бөлімдегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жыл сайын табыстары, жылжымалы және жылжымайтын мүліктері жөнінде декларация өткізіп тұрады.

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 Следующая > Последняя >>

Страница 2 из 2

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сапа жағынан мемлекеттік қызмет түрлеріне қандай бағасын қалай берер едіңіз?