gototopgototop
2019 жылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі - 29698 теңге, кедейлік шегінің мөлшері - 20789 теңге, ыстық желінің телефоны - 44061.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай...

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы аясында ның жастар тәжірибесіне қатысушы Гульден Ескендировна Абитаеваның үнқатуы

Мен, Абитаева Гүлден 2010 жылы Академик Ж.С. Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжіне түсіп, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 2014 жылы бітіріп шықтым. Оқу бітіргелі, бірнеше жекеменшік кәсіпорындарда әртүрлі уақытша жұмыс істеп жүрдім. 2016 жылы наурыз айында жұмыс іздеп жүріп, жұмыспен қамту орталығына  жүгіндім.  Онда мамандар маған «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасының бағыттары туралы түсіндіріп, мамандығым бойынша «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен информатика лаборантының көмекшесі ретінде жастар тәжірибесінен өтуге ұсыныс білдірді. Мен ойланбастан, құжаттарымды өткізіп, 6 айға дейінгі мерзімге жастар практикасына қабылдандым. Қазіргі уақытта жұмысымды жалғастырудамын. Еңбек ақысы 30 мыңнан асады.  Сондай-ақ, өз кәсібімді шыңдауда, қажетті ақпараттарды алуға үлкен мүмкіндік туғанына дән ризамын. Болашақта өзімді жақсы жақтарын көрсетіп, тұрақты жұмысқа қалуға  тырысамын.

Подробнее...

 

Кездесу өткізу туралы ақпарат

18.05.2016ж. «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ түлектерін жұмысқа орналастыру сұрағын шешуге жәрдемдесу мақсатында осы интернат түлектері арасында жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру, оның ішінде жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, кәсіптік оқытуға және ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу туралы түсіндірме берілді. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге жұмыспен қамту орталығына жүгінуге кеңес берілді.

Подробнее...

 

Жұмыссыз азаматтар назарына!

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы аясында ақысыз үш айлық қайта даярлау курстарына азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Оқыту барысында мемлекеттен шәкіртақы, жол ақысы және тұруына материалдық көмек төленеді.

Подробнее...

 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 06 сәуірінде ата-аналар жиналысы кестесіне сәйкес «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік  бағдарламасын түсіндіру бойынша 11 сынып түлектерінің ата-аналары арасында кездесу өтті. Аталмыш іс-шара  мақсаты кәсіптік даярлау аясында Жұмыспен қамту 2020 жол картасына олардың алғашқы білім алу үшін орта мектеп түлектерін қатыстыру болып табылады.

Подробнее...

 

Жұмыс берушілер назарына!

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің182-бабы 2-тармағының 5)тармақшасына сәйкес жұмыс беруші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жібермеуге тиіс.

Подробнее...

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 9 из 13

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сапа жағынан мемлекеттік қызмет түрлеріне қандай бағасын қалай берер едіңіз?