2017 жылдың 26 сәуірінде «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалының ғимаратында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-мен  жұмыс іздеп жүрген азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға көмектесу, ал жұмыс берушіге жаңа кадрларды таңдауға көмектесу.

Жәрмеңкеге 30 жұмыс беруші қатысып, олар құрылыс, өндіріс, жылу энергетика, білім беру, коммуналдық қызмет көрсету және т.б. салаларына қатысты  180-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналасу, микрокредит беру, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке  консультациялар жүргізілді, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгідегі «Өрлеу» жобасы түсіндірліді.

Аталған шараға 100-ге жуық  жұмыс іздеушілер қатысып, олардың назарларына ақпараттық материалдар (буклеттер, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар) ұсынылды.

Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 20 адам жұмысқа орналастырылды,  41 адам әңгімелесуден өтті, қоғамдық жұмысқа 3 адамға жолдама берілді, әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам, жастар тәжірбесіне – 4 адам жіберілді, 5 адам кәсіптік оқудан өтуге ниет білдірді.