2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуге міндетті.

Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Қарағанды облысы, Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты 75956, 42400 телефон номерлері арқылы ала аласыздар.

 

Жұмыссыз азаматтардың назарына!

2017 жылдың 26 сәуірде сағат 11.00-де қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Балқаш қаласының халықты  жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.

Жұмыс іздеп жүрген  барлық қала тұрғындарын аталған шараға  қатысуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша  4-24-00 телефон  нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.