«2016 жыл бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Жанат Казиевна Томпиеваның табысы 2450961 теңгені құрайды. 2011 жылдың 14 ақпанынан бастап «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасайды.

Меншік иесінде Балқаш қаласында 4 бөлмелі пәтері бар.

Жұбайы Кусембаев Жасулан Карбекович «Азия Су Компаниясы» ЖШС филиалында жұмыс жасайды. Меншігінде Балқаш қаласында гараж және 2004 жылы шығарылған Nissan Murano автокөлігі бар.