2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыс берушi бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті.

Уалиханов к-сі, 5 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ- не бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты 75956, 42400 нөмері бойынша ала аласыз.