2016 жылы Балқаш қаласының жұмыспен қамту ортталығына «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысу мақсатында Бағдарлама қатысушысы болған 838 жұмыссыз азамат  өтініш білдірді. Оның ішінде, 430 адам - жастар, Бағдарламаға қатысушының 51,3 %-ы, 24 адам -  мүмкіндігі шектеулі жандар, Бағдарламаға қатысушының 2,9 %-ы, 408 адам -  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, Бағдарламаға қатысушының 48,6 %-ы,   6 адам - еңбекке қабілетті жастағы аз қамтылған азаматтар, Бағдарламаға қатысушының 0,7 %-ы.

496 адам алғаш рет өтініш білдіру барысында жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның бағыттары бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.

       Бірінші бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберіндетұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылым объектілерді, әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге  байланысты жұмыстарда  азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуді қарастырады. 2016 жылы қалада                                  15 инфрақұрылымдық жобалар (білім беру, мәдениет, ТКШ, денсаулық сақтау салаларында) іске асырылды. Осы бағыттың  ерекшелігі  ағымдағы жөндеу кезінде  құрылатын жұмыс орындарының   50%-ы арнайы  Бағдарлама қатысушылары арналған. Құрылған уақытша жұмыс орындарына халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша 117 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде – 2 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар.   

Екінші бағыт: «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» шеңберіндеөз ісін ашу немесе кеңейту мақсатында микрокредит алған 17 адам  аталған бағытқа қатысуға өтініш білдірді.

Микрокредит алған барлық қатысушылар 14 жұмыссыз азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, қосымша жұмыс орындарын құрды.

Үшінші бағыт шеңберінде: «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» шеңберіндекәсіптік оқыту, әлеуметтік жұмыс орны, жастар тәжірибесі бойынша үшінші бағыттың жылдық көрсеткіштері орындалды.

2016 жылы жұмыссыз азаматтар қатарынан тегін кәсіптік оқытумен              98 адам қамтылды. Курстарды аяқтаған барлық қатысушылар қаланың кәсіпорындарында жұмысқа орналасты.

Оның ішінде, 2016 жылдың қыркүйегінде Қарағанды көлік-технология колледжі» КММ  базасында (Қарағанды қ.)  «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы он айлық кәсіптік даярлау курстарына жолданған 22 адам оқуларын жалғастыруда.

Сондай-ақ, үшінші бағыт бойынша құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың жекелеген санаттары қатарынан 79 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 65 адам жолданды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде халыққа ұсынылған мемлекеттік қолдау шаралары мен атқарылған жұмыс туралы  ақпараттық – түсіндірме жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

2016 жылы  20 қатысушылар туралы  сәтті мысалдар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің, Қарағанды облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтына енгізілді. «Өркен-Медиа» жергілікті телеарнасына 17  сюжеттік  жаңалық жарыққа шығарылды, сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдарына 65 мақала, жұмыспен қамту қызметінің электрондық құралдарында 41 Бағдарламаны іске асыру жөнінде ақпараттық материалдар жарияланды.

Ағыбай батыр көшесінде 1 билборд  ілінді. Бағдарламаның бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында  ақпараттық буклеттер және кітапшалар  дайындалды, қоғамдық орындарға: ХҚК орталығына, оқу орындарға, емханаларға таратылды.

2016 жылы 27 семинар және 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі «Кедергісіз болашақ» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өткізілді.

Іс-шаралардың қорытындысы бойынша  123 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 9 адам-мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Жұмыспен қамту сұрағы өзекті болып қала береді, себебі бұл - халықты әлеуметтік қорғау сұрағы. Ағымдағы жылы сондай-ақ,  халықты жұмыспен қамту орталығымен  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну бойынша жұмыс жүргізіледі.