Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ағымдағы жылдың  5 желтоқсанында  «Қарағанды облысы  Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Нұр Отан» партиясы» ҚБ бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясы»  Балқаш қалалық филиалының ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – аз қамтылғандар, жұмыссыздар,  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға  көмектесу, ал жұмыс берушіге  жаңа кадрларды таңдауға көмектесу. 

Бос жұмыс орындар Жәрмеңкеге  өндіріс, жылу энергетика, білім беру және коммуналдық қызмет көрсету және т.б. салаларында 132 бос жұмыс орындарын  ұсынған 20-дан  астам қаланың жұмыс берушілері шақырылды. 

Жұмыс іздеушілерге уақытша және тұрақты жұмысқа орналасу сұрағы бойынша  жеке кеңестер жүргізілді, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандытары бойынша қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту, өз ісін ашуға микрокредит алу және жастар тәжірибесіне қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Аталған шараға 100-ге жуық жұмыссыз азаматтар қатысты. Жұмыссыздардың назарына  ақпараттық материалдар ( буклеттер, бос жұмыс орындары туралы мәліметтер) ұсынылды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысушылардың барлығы жұмыс берушілердің әңгімелесуінен өтті және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өзекті жұмыс орындары туралы толық ақпарат алды.

Шараның  қорытындысы  бойынша  тұрақты жұмысқа 41 адам, қоғамдық жұмысқа  1 адам жолданды және жұмыс берушілердің қосымша  әңгімелесуіне 21 адам шақырылды.