Мемлекет  басшысының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарындакөрсетілген халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту бойынша бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындауды іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру бойынша жаңа тәсілдері қарастыруда.

Қазіргі таңда масылдықты еңсеру үшін және мемлекеттік атаулы көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті азаматтар үлесін қысқарту мақсатында,  қалада жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану жолымен, аз қамтылған  азаматтарды азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар кедейлік жағдайынан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарды мақсатты қолдау іске асырылуда.

2016 жылдың  маусым айынан бастап Балқаш қаласында әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға  бағытталған "Өрлеу" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

«Өрлеу» жобасына  қатысуға шартты ақшалай көмек  тағайындауға өтініш білдірген және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының міндеттемелерін орындауға келісімін берген, отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің  айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан  төмен болатын отбасылардға (адамдарға) көмек көрсетіледі.

«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылады.

2016 жылдың 15 қыркүйек жағдайына атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 2 отбасы 12 адам және 18 жасқа  дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылардың ішінен 1 отбасы 6 адам «Өрлеу» жобасына қатысты. Тағайындалған шартты ақшалай көмектің сомасы 223,8 мың теңгені құрайды.

Келсім-шарт негізінде жобаға қамтылушылар ішінде 3 адам жұмыспен қамтылды. Бір отбасыға (еңбекке қабылетті 2 адам) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй құсын сатып алуға)үш ай үшін бір мезгілде шартты ақшалай көмек төленді.

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап, күнкөріс деңгейінен 50 пайыз (бүгінгі күні – 40 пайыз) шегінде кірісі бар отбасылардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шартымен отбасының  әрбір мүшесіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа үлгіде тағайындалатын  болады.

Бұл көмек қазіргі таңда көрсетіліп отырған 4 одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы сы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орнына ұсынылатын болады.

Жаңа үлгідегі атаулы көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге топтастырылатын болады.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті  мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы), немесе еңбекке қабілетті  отбасы мүшелерінің объективті себептермен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыса алмайтын (мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты ана) отбасыларға  көрсетілетін болады. Осындай отбасылардан жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшартқа қол қойған жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту - масылдықты еңсеру және мемлекеттік атаулы көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті азаматтар үлесін қысқарту, оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, кедейлік жағдайынан шығуға бағытталған.