Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №532 бұйрығымен ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары бекітілді.

1.    Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер

            Нысан индексі: 1-бжо (бос жұмыс орындары).

            Ақпаратты жинау кезеңділігі: бос жұмыс орындарының пайда болуына қарай.

Экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар ұсынады.

Нысан кімге ұсынылады: қалалық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

Нысанды ұсыну мерзімі: бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

 

2.    Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер

Нысан индексі: 1-болжам.

Ақпаратты жинау кезеңділігі: жыл сайын 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет.

Экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар ұсынады.

Нысан кімге ұсынылады: қалалық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

Нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірден және 1 қазаннан кешіктірмей.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңнамасын жұмыс берушімен бұзуда, уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді уақытылы бермеу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 98 бабы 1тармағы 2 тармақшасына сәйкес он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

Есептер 2016 жылдың 01 қазанына дейін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нде:  Уалиханов к-сі 5, 12 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады.  Телефон: 75956