Үздік еңбек династияларын және өндіріс қызметкерлерін анықтау, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, олардың өз мамандығына дұрыс қарауға тәрбиелеу, көпжылдық жұмысшылар династияларының дәстүрін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрімен республикалық «Еңбек жолы» конкурсының басталғандығы туралы хабарлайды.

Конкурс қоғамдағы адамның еңбегін, абыройын арттыру жалпыға бірдей еңбек Қоғамын құру идеясы аясында еңбек өнімділігн арттыруды көздейді.

Конкурсқа кәсіпорынның барлық жұмыскерлері қатыса алады(әр салаға қарамастан).

Конкурс 3 номинация бойынша жүргізіледі:

1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.

2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы»-5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі»-20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) номинацияны көрсете отырып үлгілік формадағы конкурсқа қатысу туралы өтініші;

2) жеке басы куәлігінің көшірмесі;

3) 1-3 минуттан артық емес номинация тақырыбы бойынша бейнебаян (ниеті бойынша жұмыс орны мен машықтанған жұмысын көрсету);

4) 1-3 минуттық үміткер туралы компьютерлік презентация (MicrosoftPowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылығы, бос уақытта айналысатын сүйікті ісі және т.б.);

5) Еңбек кітапшасының, еңбек династиясының әр өкілінің немесе жұмысшының еңбек өтілімін растайтын жұмыс берушімен куәландырылған өзге де құжаттың көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;

6) Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.

Өзімен бірге болуы қажет құжаттар: (келесі құжаттардың көшірмелері):

Мемлекеттік немесе ведомствалық марапаттаулар, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдауға өтініштер «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –мен жүргізіледі (Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5, каб. 12, анықтама үшін телефон:75956).

Барлық ниеті бар тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымын осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.