«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасын

 іске асыру сұрақтары бойынша

«Азаматтарды қабылдаудың ашық есік күні»

акциясының өткізілуі туралы

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасын іске асыру сұрақтары бойынша «Азаматтарды қабылдаудың ашық есік күні» акциясы аясында «Нұр Отан» ҚБ қалалық филиалы ғимаратында жұмыссыз жастар мен жоғары және орта оқу орындары түлектерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Балқаш алаңы бойынша Қазахмыс Корпорациясының «Нұр Отан» партия филиалының серіктестік-ұйымдастырушысы, кеңесшісі  Ж.К.Аманбеков, «Нұр Отан» ОО өкілі мен  жұмыссыз жастар қатысты. 

Барлық акция қатысушыларына азаматтардың жеке қабылдауы ұйымдастырылды және «Жұмыспен қамту 2020 Жол Картасы» Бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесіне қатысу шарттары туралы консультация берілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша 7 адам жастар тәжірибесіне жолданды.