Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Нұр Отан » партиясының Балқаш қалалық филиалында «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б.Оспанованың, Қарағанды облыстық маслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі А.Б.Түкбаеваның және «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Секербекованың төралығымен «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлерімен бірлесе жұмыспен қамту сұрағы бойынша ашық есік күні өткізілді.

Осы іс-шара барысында жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша А.Л. Вашкявичус, Б.Ш.Жуматаев қала тұрғындары жүгінді.

Жүргізілген әңгімелесудің қорытындысы бойынша оларға «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде «Балқаш қаласының № Емханасы» КМК күрделі жөндеу жобасына жұмыскер ретінде жұмысқа жолдама берілді.

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б.Оспанова іс-шараны аяқтай отырып, жұмыспен қамту саласындағы мәселелерді шешуде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.