18.05.2016ж. «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ түлектерін жұмысқа орналастыру сұрағын шешуге жәрдемдесу мақсатында осы интернат түлектері арасында жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру, оның ішінде жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, кәсіптік оқытуға және ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу туралы түсіндірме берілді. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге жұмыспен қамту орталығына жүгінуге кеңес берілді.

Барлығы 28 адам қатысты. Аталған Бағдарламаға қатысуға 20 түлек ниет білдірді.

Мектеп-интернатты бітіру туралы куәліктің берілуі а.ж. маусым айының ортасына жоспарланған.

Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.