Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқлорлыққа қарсы стратегиясы мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру жөніндегі Балқаш қаласындағы2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы ақпарат

2. Тармақ.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің2016 жылға арналған жалпыға міндетті құқықтық оқытудың оқу-тақырыптық жоспары» бекітіліп, жоспар бойынша ай сайын құқықтық оқыту сабақтары жүргізіліп, хаттамаланады. Жыл басынан бекітілген жоспар бойынша 3 мәрте құқықтық оқыту сабақтары жүргізілді.

6. Тармақ.         

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бап 7 тармағын орындау мақсатында бөлім басшысының, оның зайыбының табысы жөніндегі ақпарат Балқаш қаласының әкімдігіне берілді және бөлімнің ресми сайтына жарияланды.

7. Тармақ.

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен бөлінген нысаналы трансферттердің қаражаттары уақытылы және белгіленген мақсаттарға игерілуде.

9. Тармақ.         

Мемлекеттік автокөлікті жұмыстан тыс уақытында пайдаланбау жөнінде жауапты тұлғалар ескертілді.

12. Тармақ.       

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әр күн сайын сағ.9.00-ден 18.00-ге дейін, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексінің ережелерін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу заңдылықтарын бұзу фактілерін хабарлау үшін 4-14-11 сенім телефоны жұмыс жасайды және бөлімде азаматтардың ескертпелері мен арыздары үшін жәшік орнатылған. Сенім телефоны бөлімнің ресми сайтында, қабырға стендыларында орын алған, сонымен қатар ай сайын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.

14. Тармақ.       

Мемлекеттік сатып алулар қолданыстағы заңдылықтар негізінде жүргізілуде.

19. Тармақ.

Жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалартуралы мәліметтер орналастырылатын ақпараттық стенд жасалу үстінде.

27. Тармақ.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған әлеуметтік жарнамалар ретінде мәліметтер бөлімнің қабырға стендыларында орын алған.