2016 жылдың 17 наурызында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдастыруымен көктем мерекесіне орай политехникалық колледжінің студенттерімен  бірігіп  75 мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған «Наурыз мейрамы» атты  мерекелік іс-шарасыөткізілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың бейнелеу және сәнді қолданбалы өнер бұйымдарының «Шебер қолдар» атты көрмесі ұйымдастырылды. Колледждің ұстаздары мен студенттері мүмкіндігі шектеулі жандардың қолданбалы өнер бұйымдарын сатып алуға белсене қатысты.

Шара соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткендер: демеушілік көрсеткен политехникалық колледж директоры  Сыздыкова А. мен  көпсалалы  колледж директоры  Игембаев Ж.,  ЖШС «Өркен  Медиа» директоры  Омарова Г.  және  қалалық кәсіпкерлер:  Токтаубаева  М., Мамбетова Г.,  Нурмаганбетова Н., Азаматкызы Ж.,  Каримжанова А., Сулейменова Л., Баяндиева А., Шаймерденова Т., Толстикова В., Адрисова М.,  Абденова П.,  Жамиева А.,  Сагындыкова С.,  Синицина Е.,  Кайнолдин К.,  Жумажанова Д.