Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі              №343«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы                    12  маусымдағы  №29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар  балаларды  жеке  оқыту  жоспары  бойынша  үйде  оқытуға  жұмсаған          шығындарын өтеу туралы»шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынасәйкес көрсетіледі.

Үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет  қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне  және  мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі және әр балаға ағымдағы жылда тоқсан сайын бес айлық есептік көрсеткіш немесе жалпы 10605 теңге мөлшерінде белгіленді.

Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі және қаржыландырудың  түсуіне  байланысты  өткен айға жүргізіледі. 

Шығындарды  өтеуді  тоқтатуға  әкеп  соққан  жағдайлар бар болғанда  (мүгедек  баланың  он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың  қайтыс болуы, мүгедектікті  алып  тастау, мүгедек  баланың  интернат-үйі  немесе  санаторлық  мектепте  оқып  жатқан кезеңінде), төлемдер  сәйкес  жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан          бастап тоқтатылады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1)ХҚО;

2)көрсетілетін қызметті беруші(«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

         

         Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуыңызға болады.

Мекенжай:  Уалиханов көшесі, 5, І-қабат,  №7 кабинет, телефон/факс: 8(71036)44061, электронды пошта:  blh_ozs@mail.гu.

         Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа,   сағат 13.00 бастап 14.00 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.00 дейiн.