Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы  № 319бұйрығымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесіне» және 2015 жылғы  28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынасәйкес көрсетіледі.

 Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - МБЖ) туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған он сегіз жасқа толмаған балалары бар отбасыларға ұсынылады және әр балаға,отбасының жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда тағайындалады.

Азық-түлік себетінің мөлшері әр тоқсан сайын Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасымен бекітіледі.

МБЖәр балаға бір айға 1,05айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгіленді.

МБЖ әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың және сексен жастан асқан  адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-аналары (асырап алушылар) жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге  тағайындалмайды.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1)ХҚО;

2)көрсетілетін қызметті беруші(«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

3)ауылдық округ әкіміарқылы жүзеге асырылады.

 

           Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуыңызға болады.

Мекенжай:  Уалиханов көшесі, 5, І-қабат,  №7 кабинет, телефон/факс: 8(71036)44061, электронды пошта:  blh_ozs@mail.гu.

Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа,   сағат 13.00 бастап 14.00 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.00 дейiн.