Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің182-бабы 2-тармағының 5)тармақшасына сәйкес жұмыс беруші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жібермеуге тиіс.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кодекс қолданысқа енуіне байланысты, осы уақыттан бастап жұмыс беруші, зейнеткерлік жасқа толған адамдарға жазбаша түрде хабарлама жолдай отырып, оларды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жібермеуі тиіс.

Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың бар болуы аттестаттау нәтижелерімен расталуы тиіс.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттығы көрсеткіштерін, өндірістегі еңбек гигиенасын айқындау тәртібі Өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1057 бұйрығымен белгіленеді