«Кедергісіз келешек» акциясы аясында Жұмыспен қамту орталығымен ағымдағы жылдың 05 наурызында сағат 11.00-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – қаладағы еңбек нарығы жағдайы және кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеткізу.

Осы іс-шарада қаланың 10 мекемесі, оның ішінде «Горкомхоз-2012», «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» КМК, «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС, «Ветеринария бөлімі» ММ сияқты мақсатты топтарға арналған арнайы тұрақты және қоғамдық жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушілер қатысты.

Жәрмеңке барысында Жұмыспен қамту орталығы мамандарымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша кеңес берілді.  Атап айтқанда, іс-шараның барлық қатысушыларына:

-      Қайта оқу мүмкіндіктері туралы;

-      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында микрокредит алу  туралы;

-      Өз ісін ашуға материалдық көмек алу туралы;

-      Жұмысқа орналасу, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, ақылы қоғамдық жұмыстар және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу бойынша жеке кеңес берілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына – 1 адам, қоғамдық жұмысқа – 4 адам, жастар практикасына – 1 адам жолданды.

Сонымен қатар, 4 мүмкіндігі шектеулі азамат қала жұмыс берушілеріне әңгімелесуге шақырылды.