Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесі
не қосудың тәртібітуралы

Нормативті құқықтық база

 

          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда№ 12773) бекітілген:

1. тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі.

2. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары.

 

Ұйымдардың тізбесіне енгізу тәртібі

 

Тізбеге (Қағидалардың-3 тармағы):

      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабы13) тармақшасының шарттарына сай келетін ұйымдар;

      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі болып табылатын ұйымдар енгізіледі.

 

Тізбеге енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады (Қағидалардың-4 тармағы):


    1) нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;

   2) Кодекстің 248-бабына сай келетіні туралы анықтама(форма 200,0);
   3) ұйымдардың жарғысы және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;

  4) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы және жалақысы көрсетілген штаттық кесте;

     5-6) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінде немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдарда жұмыс жасайтын адамдардың мүгедектігі туралы анықтамаларының көшірмелер және өндірістік базаның болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – сапа сертификатының көшірмесін қоса, шығарылатын өнімнің тізбесі;
      8) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензияның көшірмесі;
          9) жабдықтардың тізбесі.

 

Құжаттарды тапсыру мерзіміжылдың бірінші және екінші тоқсаны ішінде, бірақ тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірмей береді.

 

         Тізбеге өтініш берушіні енгізуден мынадай:

     осыҚағидалардың4-тармағындакөзделгентізбегесәйкесқұжаттардыңтолықтоптамасынұсынбаған;
     осыҚағидалардың3-тармағындакөрсетілгенталаптарғасәйкескелмеген;
     өтінішберушініңқұжаттарындақамтылғанмәліметтерақпараттықжүйелердеболмағаннемесеолардақамтылғанмәліметтергесәйкескелмегенжағдайлардабастартылады.
   Бастартутуралыөтінішберушігеқұжаттардыбергенкүнненбастапкүнтізбелік15 күнішіндежазбашанысандахабарланады.

        Ұйымдарды тізімге қосу тәртібі

Қосылудың 3 КЕЗЕҢІ :

 

1 КЕЗЕҢ – қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері  Қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сай құжжаттарды қабылдауы және ұйымдардың құжаттарын облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына бекітілген уақытқа сай ұсынуға даярлауы. Егер де қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сай келмесе бас тарту туралы хабарды дайындау.

 

2 КЕЗЕҢ – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына  тізімге сай ұйымдардың құжаттарын қабылдау, қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сай екендігін тексеру және  ұйымдардың тізімімен құжаттарын Министрлікке беруге бекітілген уақытқа сай ұсынуға дайындалу. Егер де қағидалардың 3 және 4 тармақтарына сай келмесе бас тарту туралы хабарды дайындау.

 

3 КЕЗЕҢ –Орталық уәкілетті органға келіп түскен өтініштерді, құрамына орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қазанына дейін қарайды.

Жұмыс тобы өтініш берушілердің құжаттарында көрсетілген мәліметтерді  ақпараттық жүйелерге сай келетіндігін тексереді.

Өтініш берген ұйымдарды тізбеге енгізу туралы теріс шешім болған жағдайда, жұмыс тобының хатшысы ұйымдардың тізімі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларын, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларын өтініш берушілердің осы Қағидалардың 3-тармағына сай келмейтіні туралы хабардар етеді.

 

Анықтама үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өтінулеріңізді сұраймыз.

Мекенжайымыз: Уәлихановк-сі5, каб. № 6, байланыс телефоны8(71036)42325