Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Балқаш қаласының орталық ауруханасы ғимараты конференц-залында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігі және Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп денсаулық сақтау қоғамы арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Елбасының халыққа жолдауы, «100 қадам – ұлт жоспары», сондай-ақ «Денсаулық 2016-2019 жж.» және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша түсіндірме жүргізілді.

Осы іс шарада барлығы 50 адам шамасында қатысты.