Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын, Елбасының салиқалы саясатының арқасында, барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болып табылатын, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыз уақытта туындаған «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласының және халыққа сапалы мемлекеттік қызметті ұсынуды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасына сәйкес «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-і (әрі қарай ММ) арқылы халыққа мемлекеттік қызметтің 17 түрі ұсынылады. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін ұсынылады.

  1. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады);
  2. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады);
  3. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады);
  4. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады);
  5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады);
  6. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады);
  7. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады);
  8. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  9. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  10. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  11. Мүгедектерге кресло-арбалар беру (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  12. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  13. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  14. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме арқылы алуға болады);
  15. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады);
  16. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғаларға Мемлекеттік мекеме, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады);
  17. Тұрғын үй көмегін тағайындау (Мемлекеттік қызметті тұтынушы-жеке тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады).

ММ-де 14 әкімшілік мемлекеттік кызметшілер жұмыс жасайды, оның ішінде 9 қызметші халыққа мемлекеттік қызмет ұсынумен айналысады. Барлық мамандар компьютерлік жабдықпен қамтылған және барлық дербес компьтерлерде мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған бағдарламалық қондырғылар орнатылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын қызметшілерге ҚР ҰКО ЭСҚ (ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық сандық қолтаңба) жасалды.
Жұмыс кестесі: күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сондай-ақ демалыс күндер (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндері қызмет көрсетілмейді. Азаматтарды қабылдау алдын-ала жазылусыз және үдеме қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы саны 5386, оның ішінде ХҚКО арқылы – 410, электронды үкімет порталы арқылы - 651 құрайды.
Барлық өтініштер Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданысына сәйкес белгіленген стандарттар және оған көрсетілген қызметтер мерзімінде қарастырылған. Көрсетілген қызмет нәтижесі бұл заң негізінде өтініштен бас тарту немесе ұсынылған қызмет туралы шығарылған шешім, онда өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлама ұсынылады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің әр түріне азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы жүргізіледі.
Бөлім қызметшілерінің көрсеткен қызметіне мерзімді орындау бойынша қызмет алушылар жағынан шағымдар түскен жоқ. Бөлімде шағым және ұсыныстарға арналған журнал ашылып, жәшік орнатылған. Сонымен қатар, 41411 нөмірлі сенім телефоны қызмет атқарады.
Халыққа қызмет көрсету орталығына арналған біріктірілген ақпараттық жүйе (әрі қарай ХҚКО ИАЖ) және Е-акимат кіргізілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін алу аясы кеңеюде. Бөлімде «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылып, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жылдамдату мақсатында картридер құралдары орнатылған. «Электрондық үкімет» порталы арқылы кез-келген қызмет көрсету түрін қолдану үшін қажетті шарттар ЭСҚ және ғаламторға шығу болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тізімі мен стандарты электрондық қызмет нұсқауы ММ-нің веб-сайтында және ақпараттық стендте орналасқан, онда мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік органның тұрғылықты жері үшін қажетті құжаттар тізімі көрсетілген.
Құқықтық жан-жақты оқыту жоспарына сәйкес ММ қызметшілерімен мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп отырады. Әр тоқсан сайын бөлімнің маңызды мәжілістерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша және қалыпты талаптың бұзылмауын алдын алу сұрақтары талқыланады.
Бөлімнің ресми сайтында көрсетілген қызмет деңгейін анықтау үшін интерактивті сұрақ бөлімі орналасқан. Көрсетілген қызмет бойынша статистикалық мәліметтер Балқаш қаласы әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөліміне беріліп тұрады.