«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі жұмысы, халықты жұмыспен қамсыздандыруға, аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүгедектерді және егде жастағы тұлғаларды, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін,сонымен қатар оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Осы мақсатта бөлім арқылы халыққа мемлекеттік қызметтердің 17 түрі көрсетіледі. 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 5386 құрады, оның ішінде ХҚКО арқылы – 410, Үкіметтің электрондық порталы арқылы 651.
Қаладағы жұмыспен қамту мәселелері, тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  іс-шаралары қарастырылған, 2011-2015 жылдарға арналған қаланы дамыту Бағдарламасы және Жұмыспен қамту картасы 2020 шеңберінде шешілуде.
2015 жылы еңбек делдалдығымен 2762 жұмыссыз  өтініш білдірді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 606 адамға көп.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен жоспардағы 1300 адамның орнына 2620 адам жұмыспен қамтылды. 2015 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 95 пайызды құрайды.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 48 кәсіпорынмен келісім - шарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға 610 жұмыссыз адам қатысты, оның ішінде 418 адам нысаналы топқа жатады.
2015 жылы жастар тәжірибесі 13 кәсіпорында ұйымдастырылып, жылдық жоспардағы 45 түлектің орнына 56 түлек тәжірибеден өтуге жолдама алды.
Автомеханик, токарь, құрылысшы, слесарь-жөндеуші, электргаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша 106 жұмыссыз азаматтар кәсіптік оқудан өтті.
2015 жылы нысаналы топтардағы тұлғалар үшін 49 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.
Мүгедек жандарды жұмысқа орналастыруда ерекше көңіл бөлінеді.
2015 жылы еңбек делдалдығымен 86 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар өтініш білдірді, оның ішінде 42 адам «Жұмыспен қамту  жол картасы -2020» бағдарламасына қатысушы, 29 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 11 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 4 адам өз ісін ашуға материалдық көмек алды.
Бөлім әлеуметтік әріптестік және  әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссиясының жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі - Комиссия). Комиссияның басты міндеті атқарушы билік органдарының, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің арасында еңбек және әлеуметтік мәселелерді шешу бөлігінде  әлеуметтік диалогты жетілдіру болып табылады.
2015 жылы «Взрывром- 2001» ЖШС, «Каз Строй Сервис» ЖШС, «Балхашэнерго» КМК еңбекақы төлемдері бойынша берешектерді қарау мәселелері жөнінде 2 отырыс өткізілді. 1 қаңтар  2016 жылғы жағдай бойынша еңбекақы бойынша берешектер жоқ.
2015 жылдың сәуір айында Балқаш қаласы әкімдігінің бастамасымен «Диалог - дауларды шешу Орталығы»   өкілін шақырумен еңбек инспекциясы, ішкі саясат бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарының, кәсіпорындар кәсіподақтарының қатысуымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша семинар өткізілді.
2015 жылы әлеуметтік әріптестік және  әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлерді еңбек құқықтарымен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы Балқаш қаласы әкімдігімен қала кәсіпорындарының басшылары арасында 136 меморандумға қол қойылды. Меморандумдарға қаланың 6 ірі, 26 орта және 104 шағын кәсіпорындары және ұйымдары қол қойды.
Меморандумдар шарттарына сәйкес, жұмыс берушілермен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" Республикалық байқауына қатысуға қала кәсіпкерлерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Біздің қаладан «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша  5 кәсіпорын қатысты: «Казкоммерцбанк» АҚ, «Бас Балқаш 2004» ЖШС, «Арыстан V.I.P.Строй» ЖШС. 2015 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайындағы «Парыз 2015» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне «Арыстан V.I.P. Строй» ЖШС  өкілі қатысты.
Балқаш қаласында еңбек нарығын талдау электромонтер, слесарь – жөндеуші, сылақшы-сырлаушы, әрлеуші, ағаш ұстасы, кафельдеуші, дәнекерлеуші сияқты жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау мекемелерінде дәрігерлер тар мамандықтар талап етіледі (АК - 159/21 мекемесі). Білім беру мекемелеріне – математика, химия, физика мұғалімдері.Талап етілмейтін  мамандықтар: экономистер, заңгерлер, ақпараттық жүйелер, бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері.
2015 жылы 5 бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкелерге қатысушылар санынан тұрақты жұмыс орындарына 65 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 9 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адамға жолдама берілді. Жәрмеңкелер арқылы 82 адам жұмыспен қамтылды немесе 90,1 пайыз қатысушылардың ортақ сандары.

Халықтың тұрмыс жағдайын лайықты дәрежеде қолдау үшін аз қамтылған азаматтарға әр түрлі жәрдемақылар және көмектер тағайындау жүзеге асырылады:
21 адам санымен 4 отбасы  жалпы сомасы 452 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды. 2014 жылмен салыстырғанда  алушылар санының 21 адамға азаюы байқалады, бұл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінің өсуіне сәйкес, отбасының жиынтық табысының көбеюімен байланысты.
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға табысы кедейлік шегінен төмен 2 отбасы немесе 13 адам дерек корында тіркелген, бұл қала бойынша               ноль пайыз кедейлікті анықтайды.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 138 бала санымен  64 отбасыға  жалпы сомасы 1920,0 мың теңге көлемінде тағайындалды.  2014 жылмен салыстырғанда алушылар санының 17 балаға азаюы байқалады.
1576,0 мың теңге үйде оқитын және тәрбиеленетін 51 мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін жіберілді.
11360,0 мың теңге сомасында 383 отбасыға тұрғын үй көмегі  көрсетілді, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге 311,8 мың.теңге.
Өмірлік  қиын  жағдай  туындаған  кезде жалпы сомасы  3468,5 мың. теңге әлеуметтік көмек 175 адамға төленді. Олардың ішінде, 89 адам- амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруымен, 83 адам - операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруымен және 3 адам - адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және  адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған  әлеуметтік мәні бар  ауруымен ауыратындар.
Әлеуметтік саясаттың басымды бағытының бірі - мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту болып табылады.
МЗТО мәліметі бойынша Балқаш қаласы бойынша 3451 мүгедек (оның ішінде 235 адам мүгедек балалар) есепте тұр.
Жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедектер оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. 2015 жылы 177 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Протездік- ортопедиялық көмек алу үшінмүмкіндігі шектеулі  91 адам «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ –на жолданды.
Көздері нашар көретін 43 мүгедек магнитола және оқу машинасы түріндегі тифлотехникалық құралдармен, 18 адам  сурдотехникалық құралдармен және 31 адам кресло-арбамен  қамтамасыз етілді.
67 мүгедекке «Дiskaveri-Боровое» және «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама берілді.
2015 жыл бойына есіту бойынша 14 мүгедекке ымдау тіл маманының әлеуметтік қызметі, қимыл қозғалысы қиын бірінші топтағы 51 мүгедекке жеке көмекші қызметі көрсетілді.
1,2 топтағы жалғызбасты 45 мүгедекке мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  жалпы сомасы 1008,8 мың теңгені құрайтын қосымша күтімге үстемақы төленді.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында 2015 жылы 10 нысан түгендеуден өтті  (100%).
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ және «Балқаш қаласының әкім аппараты» ММ ғимараттары жалпы сомасы 3,2 млн. теңгеге жартылай бейімдеу жүргізілді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен 240 жалғызбасты қарттарға, 85 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 55 мүгедекке әлеуметтік қолдау көрсетілді. 
Мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелердің қызметтерін үйлестіру мақсатында 2005 жылдан бастап мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша мүгедектер істері жөнінде қалалық Кеңес жұмыс жасайды. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихат шешімімен  бекітілген. Бекітілген жұмыс Жоспарына сәйкес 2015 жылы 2 отырыс өткізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 648 адам қосымша әлеуметтік қызмет алды. 1,2 топтағы мүгедектерге көлік қызметі ұсынылып, қимыл қозғалысы төмен 1,2 топтағы жалғызбасты 10   мүгедекке үйде әлеуметтік қызмет көрсетілді.  Компьютерлік сыныпта 60 мүгедектің бос уақыты,  мүмкіндігі шектеулі 75  баланың түзеу-оңалту жаттығулары, өмірлік қиын жағдайға душар болған 27 адамға баспана ұйымдастырылды.   
ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қолау көрсету мәселелері басты назарда. Қалада  Ұлы Отан соғысының 8 ардагері және оларға теңестірілген 1075 адам тұрады.
Бөлім өткен жылғы жұмыстың  қорытындысын шығарып,2016 жылға міндеттер қойды.Осы  міндеттердің  аясында халықты  жұмыспентққамту және  әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске  асыру  аясында жұмысты одан  әрі жалғастыратын болады.  

 

 

 «Балқаш қаласының жұмыспен
қамту  және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
ММ басшысы                                                                                Ж.Томпиева