Құрметті жұмыс беруші!
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы»КММ Сізді басты серіктес ретінде санай отырып, халықтың жұмыс ауқатын бірігіп көтеруге шақырады!

Кадрлық мәселелерді шешу үшін уақытыңызды үнемдеңіз.
Жұмыспен қамту орталығы Сізге келесі қызметтерді ұсынады:

  • бос жұмыс орындарына қызметкерлер мен мамандарды қабылдауға көмек көрсету;
  • сіздің мекемеңіздегі бос жұмыс орындары туралы мәліметті орталықтың веб-сайты мен ақпараттық стендінде жариялау;
  • бос жұмыс ваканттық орындарына үміткерлермен кездесуді ұйымдастыру;
  • жұмыссыз азаматтардың кәсіптік оқуын ұйымдастыру;
  • әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі арқылы қосымша көмек ұсыну

Жұмыспен қамту орталығы ұсынатын қызметтерТЕГІН
көрсетіледі.
Ескерту!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149Р «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 9 бабын сәйкес меншік тұлғаларына қарамастан барлық жұмыс берушілер жұмыспен қамту мемлекеттік саясатына келесіні ұсыну жолымен жәрдемдесу қажет:

  • бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығына мәлiмет жiберуге;
  • халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (халықты жұмыспен қамту орталығы оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;

«Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.

Бос жұмыс орындары өтінімдерін күтеміз.
Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген өтінім – бұл әрбір азамат-өтініш білдірген үшін оның қоғамға қажет және пайдалы екендігін сезінуге мүмкіндік!

Барлық сұрақтар бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не мына мекен-жай бойынша: Уәлиханов көшесі 5, №12 кабинет тел:75956/факс 42400 хабарласуыңызға болады.