Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүргізу халықты жұмыспен қамту деңгейін және еңбек нарығындағы  нысаналы топтардың бәсекелестікке  қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі келесідей:
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы  органмен шарт негізінде  құратын, жұмыс берушінің олардың еңбекке ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.


Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын құру және ұсыну жолымен ұйымдастырылады және келесідей ерекшеліктері бар:

  • нысаналы топтар үшін арнайы арналған;
  • жұмыс  орындарының саны шектелмеген, жұмыстар уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты, бос жұмыс орындары қолданылмайды.

Мұнда, әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмыстан босатылған сәттен бір жыл ішінде  жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұрған  азаматтарды  жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындары  жұмыссыздар үшін ұсынылады немесе жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 12 ай ішінде  қаржыландыру шартымен  құрылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау мөлшері (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алынбаған пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде) жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың оң жақтары келесідей:

  • жұмыскер үшін  бұл еңбекке оңалту, жұмыс орындарындағы өндірістік бейімдеу. Әлеуметтік жұмыс орындары  тұрақты жұмыспен қамтуға бағыттайды, еңбек шартының мерзімі аяқталуынан кейін жұмыс беруші  өз қаражатынан еңбекке ақы төлеумен тұрақты жұмыс орындарына жұмыссызды ауыстыруы мүмкін.
  • жұмыс беруші үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздарға жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу шығындары ішінара өтеледі. Сондай-ақ, жұмыс орындары пайда болған жағдайда, осы ұйымның біліктілік талаптарына сай  қызметкерді штатқа қабылдау мүмкіндігі пайда болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру сұрақтары бойынша жұмыс берушілер өздерінің тапсырыстарын «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не ұсынуларына болады.