2015 жылдың 16 қазан айында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ бірігіп, «ҚР Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ түлектері қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар кезінде  колледж түлектеріне халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау шаралары және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, семинар қатысушыларына «Әнгімелесуді табысты өту жолдары» мастер-класс өткізілді.
Семинарда 70 адам қамтылды.

16.10.15

16.10.15