2015 жылдың басынан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша жұмыспен қамту орталығына 530 адам өтініш білдірді, оның ішінде  477 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Бірінші бағыт аясында ағымдағы жылы қалада жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 жұмыс орнынын құрылуымен - «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей» КММ ғимаратын қалпына келтіру -бір жоба іске асыруға  жоспарланған..


2015 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 24 млн.тенге бөлінді, яғни 8 адамға микронесие беру жоспарланған. Бүгінгі күні 7 адамның құжаттары «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ қарастырылуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында сәуір айынан бастап халықтың нысаналы топтарының ішінен Бағдарламаның 35 қатысушысы құрылған жұмыс орындарында еңбек етуде.
Жоспарға сәйкес 2015 жылы жастар тәжірибесіне 25 адам қатыса алады, оның ішінде бірінші 9 адам осы жылдың мамыр айынан бастап өздерінің қызметін орындауға  кірісті.
Үш айлық қайта даярлау курстарына 2015 жылы 16 адамды жолдау жоспарлануда.