2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша жүгінгендер саны 759 адамды құрады. Оның ішіндегі 726 адаммен Бағдарлама қатысушысы ретінде әлеуметтік келісім шарттар жасалынды, олардың ішінде 514 адам (70,8%) жұмыссыз азаматтар, өзін өзі қамтыған 56 адам (7,7%), аз қамтамасыз етілгендер саны 15 (2,1%) адамды құрайды. 

МемлекеттІк қолдау шараларынан тыс жұмысқа орналасқандар саны 640 адам.
Ағымдағы жылы бағдарламаның бағыттары бойынша келесідей  жұмыстар атқарылды.
Бірінші бағыт «Инфрақұрылымдарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында, 2014 жылы қала бойныша 19 жобалар тізімге енгізілмеген.


Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру  және тірек ауылдарды дамыту» аясында жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит алғандар саны 6 адамды құрады.
Микрокредит алған қатысушылармен 9 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Үшінші бағыт аясында жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқуға және әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған жылдық көрсеткіш толығымен орындалды.
Кәсіптік оқуды 25 адам аяқтап, олар тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесіне 33 жас түлек жолданып, қала кәсіпорындарына жұмысқа орналыстырылды.

Мемлекеттік тапсырыс аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктері немесе үкіметтік емес ұйымдармен халықтың нысаналы топтары қатарындағылар, оның ішінде 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа орналастыру аясында 8 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 50 жастан асқан азаматтар - 2 адам.