Балқаш қаласы «Балқаш қаласының

11.09.2013ж. жұмыспен қамту орталығы» КММ

2013 жылдың 11 қыркүйегінде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының екінші бағытының қатысушыларына сапалы оқу қызметін ұсыну мақсатында «Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі сервистік орталық» ЖШС (Қарағанды қ.) өкілдерімен кәсіпкерлік негіздерін оқыту жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының екінші бағыты келесідей мемлекеттік қолдау түрлерін қарастырады:

1. Микрокредит алуға материалдық көмек ұсынумен тегін кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

2. Микрокредит ұсыну;

3.Жетіспейтін оюъектілерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.

2013 жылы Бағдарламаның аталған бағыты аясында 7 бағдарлама қатысушысына жалпы сомасы 13,6 млн. теңге мөлшерінде мал шаруашылығын дамытып, өз ісін ашу және кеңейту мақсатында кредит берілді.

Оқуға екінші бағыттың қатысушылары шақырлыды.

Оқытып отырған ұйымның өкілдері маркетингтік, бухгалтерлік есеп, салық салу негіздері және кәсіпкерлік қызметтегі кейбір заңдық аспектілердің шешімі бойынша тренинг жүргізілді. Сондай-ақ, оқу барысында қатаң бәсекелестікте өз ісін ұйымдастыру бойынша кәсіпкерге тәжірибелік білім ұсынылды және өз ісін қалай ашу керек, қызметтің қандай ұйымдастырушылық-құқықтық түрін таңдау керек және қалай тіркелу керек, өз ісінің мүмкіндігін қалай анықтау керек, бизнес-жоспарды қалай қалыптастыру керек, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керек, қандай және қашан салық төлеу керек сияқты сұрақтарға қарапайым және түсінікті жұмыстар берілді.

 

Қаладан тыс елді мекендерде тұратын Бағдарлама қатысушыларына жол ақы шығынын өтеу мақсатында екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек берілді.

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсының аяқталуынан кейін бағдарлама қатысушыларына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлік негзідерін оқу» курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.