Балқаш қаласында 2006 жылдан бастап әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Бағдарламасы жүзеге асуда. Осы Бағдарламаның мақсаты нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде мемлекеттің жалақыны ішінара алты айдан он екі ай бойы:

алғашқы алты айда – жалақының 50%-нан асырмай;

кейінгі үш айда – жалақының 30%-нан асырмай;

соңғы үш айда – жалақының 15 %-нан асырмай субсидиялауы шартымен уақытша жұмыс орындарын құру.

Бұл жұмыстар уақытша болып саналады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың еңбек ақылары, олардың жеке шоттарына ай сайын жалақы аудару жолымен жұмыс берушімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Бағдарламасына сәйкес, жалақылары 52 000 теңгеден кем болмауы қажет, бұл ретте жұмыс берушімен жасалған шарт қолданылған тұтас кезең бойы жалақының айлық мөлшерінің азаюына жол берілмейді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілер шығындарының бір бөлігін жұмыс уақытына есеп жүргізу жөніндегі тізімдік және жұмыс жасағаны туралы актісі негізінде жұмыс берушінің есеп-шотына аударады.

Осы Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша мүдделі жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөніндегі ұсыныстарын жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдаулары болады.

Анықтама алу үшін мына телелефон бойынша хабарласуларыңызға болады: 6-65-66,7-59-56.