«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар

бөлімі» ММ және «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ республикамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай Ақпараттық-анықтамалық орталығы қызмет жасайтынын хабарлайды.

Ақысыз:

  • Еңбек қатынастары;

  • Халықты жұмыспен қамту;

  • Зейнетақымен қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру.

Сіз Қазақстан Республикасының барлық телефон нөмірлері және барлық ұялы байланыс операторлары арқылы қоңырау шала аласыз.

Қоңырау шалу – тегін.

Бұдан басқа, бірыңғай Ақпараттық-анықтамалық орталығына өтінсеңіз, әлеуметтік-еңбек саласындағы бойынша анықтамалық ақпараттық қызметін келесі әдістермен ақысыз ала аласыз:

Бұған қоса, 1411 нөміріне ақысыз SMS хабарламаны жолдап, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыз.Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілер жөнінде ақпарат жіберіледі.

SMS хабарламаның үлгісі:*жұмыс*қала коды*мамандық#

Мыслалы: *жұмыс*71036*жүргізуші#

*жұмыс*7282*мұғалім#

*жұмыс*72834*дәрігерлік медбике#

Анықтама алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгінулеріңізге немесе мына телефон бойынша хабарласуларыңызға болады: 6-65-66,7-59-56.