Томпиева Жанат Казиевна

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 1970 жылы туылған, тұрмыста, ұл, қыз тәрбиелеп отырған ана.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты.Еңбек жолын Балқаш қаласының қаржы бөлімінде, бюджет бөлімінің аға экономист қызметкері болып бастады. 1997 жылдың тамыз айынан бастап, бюджет бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2006 -2011жылдар  аралығында қаржы бөлімінің бастығы болып қызмет жасады. 2011 жылдың ақпан айында Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Өз құқығындағы жеке меншік мүлігі - Балқаш қаласындағы 4 бөлмелі пәтер. Жолдасының атына автокөлік пен гараж тіркелген.