Балқаш қаласы әкімдігінің

2012 жылғы « 20 » желтоқсандағы

48/03 қаулысымен

бекітілген



«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Жалпы ережелер


  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» Балқаш қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  3. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  4. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  5. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  6. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Балқаш қаласының әкімдігімен бекітіледі.

  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100300, Қарағанды облысы Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 үй.

  8. Мемлекеттік органның толық атауы - «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  9. Осы Ереже «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  10. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүргізіледі.

  11. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиялары:

  1. әлеуметтік қорғау саласында халыққа сапалы қызмет көрсету мен жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.

  1. Міндеттері:

  1. жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік бағдарламалар жобаларын, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

  2. әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

  3. әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары жөніндегі қаладағы әлеуметтік әріптестікті дамыту.

  1. Функциялары:

  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасын өңдеу;

халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік бағдарламаларды өңдеу және жүзеге асыру;

халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үш жылдық мерзімге арналған орташа мерзімді жоспарын өңдеу;

жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға олардың келісімімен қоғамдық жұмыстар атқаруға жолдама береді, еңбек рыногының талаптарына сәйкес кәсіптік мамандықтарды меңгеруге көмектеседі (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 2),6),7)-тармақшалары);

еңбек рыногы бойынша деректер банкін қалыптастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8)-тармақшасы );

белгіленген заңнамалар тәртібіне сәйкес жұмыссыз азаматтарды тіркейді, есепке алады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасы);

халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлау; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 9)-тармақшасы);

жұмыссыздарға және жұмыс іздеушілермен автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттестігін жақсарту бойынша бағдарламалар қызметтерге ұсыныстарды енгізу, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыру; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы);

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 1685 қаулысы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы № 1092 қаулысы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй көмегін және басқада әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу;

жеке санаттағы әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы)

мүмкіндіктері шектеулі балаларға, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 1-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» № 1222 қаулысы);

аз қамтамасыз етілген азаматтарды анықтау және есепке алу бойынша шараларды жүзеге асыру, аз қамтамасыз етілген азаматтардың базалық мәліметтерін уақытылы енгізу;

аз қамтамасыз етілген азаматтарға көмек көрсету жөнінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу;

әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үшжақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексі);

ұжымдық келісім шарт жасаудағы қаладағы кәсіпорындарға консультативтік көмек көрсету (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексі);

тиісті салаларда мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды орындайды, өз құзіреті шегінде сәйкесінше салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызмет нысаны мен мақсатын анықтайды;

коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкінің қолданылуына және сақталуына бақылау жүргізеді;

уәкілетті органға коммуналдық мүлікті басқару бойынша, коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе жеке шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған мүлікті алуға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

ведомстводағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді басқаруды жүзеге асырады;

ведомстводағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Жарғыларын (Ережелерін) бекітеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

ведомстводағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қалалық бюджеттен қаржыландыру жоспарын бекітеді;

ведомстводағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның келісімімен коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру мен жұмысын тоқтатуды іске асырады;

мәліметтер, оның ішінде осы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің құқықтарын жүзеге асыруға тиісті басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың атаулы тізімін дайындайды.

  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» Балқаш қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуға үміткерлердің құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуға үміткерлерді тіркеу;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасау, қатысушылар қабылдаған міндеттемелердің мониторингін жүргізу;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жекелеген қатысушыларын оқыту және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім жасасу;

оқуды аяқтаған немесе тиісті кәсіптік білімі бар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушыларды ұйымдардағы бос жұмыс орындарына, еңбекақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға ұзақтығы 9 айға дейінгі уақытша жұмыстарға орналастыруға жәрдемдесу;

жеке ісін ұйымдастыруға ниет еткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру және микрокредиттеу мүмкіндігін қарастыру үшін микрокредиттік ұйымдарға/кредиттік серіктестіктерге жіберу;

экономикалық төмен әлеуетті елді мекендерден ерікті түрде көшуге ниет білдірген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушылардың ерікті түрде көшіп келуіне жәрдемдесу және оларға Бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының қатысушыларына «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдемдесу;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ басқа да аудандық (қалалық) деңгейде көзделген мемлекеттік қолдау түрлерін алуына жәрдемдесу;

ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдық жұмыс орындарының, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушылардың, оларға қатысты қабылданған мемлекеттік көмек шараларының, әлеуметтік келісімшарттардың орындалу барысының жалпыұлттық дерек қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

қалалық комиссиялардың отырыстарында қарау үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде материалдар даярлау;

қалалық деңгейде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру мониторингі, жергілікті атқарушы органдарға талдау және статистикалық ақпарат даярлау және ұсыну;

азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау болып табылады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

  1. мемлекеттік органдардан, сонымен қатар басқада ұйымдардан құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқада материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

  2. жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;

  3. жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

  4. қажет болса, сәйкес органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінген өтініш иесінің құқығын растайтын мәлімет сұратуға;

  5. халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамалар жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

 

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  3. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары және сектор меңгерушілері болады.

  4. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

  1. орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің міндеттерін белгілейді;

  2. заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  3. белгіленген заңнамалар тәртібімен қызметкерлерге жаза қолданады;

  4. бөлімнің актілеріне қол қояды;

  5. бөлімнің құрылымдары саласының ережесін бекітеді;

  6. мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады;

  8. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

  2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады.

Мемлекеттік органның мүлкі


  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мемлекет бөлген дүние-мүлік есебінен және негізгі қорлармен айналым қаржысынан, сонымен қатар мемлекеттік органның балансында бағасы көрсетілген басқа да мүліктерден қалыптастырылады.

  1. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.