ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ -

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ-

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы

 

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат ҚР Президенті Жолдауының толық мәтінін ұсынады.

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа һан дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қа рыш тап алға басқан мемлекеттер қата рын да дамудың жоғары деңгейіне көтеріл дік. Өйткені біз оған қалай қол жет кізуге болатынын білдік.

Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.

Біз жасампаздыққа жұмыла кіріс кен діктен, дамудың даңғыл жолына түстік.

Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.

Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.

Осылайша Қазақстан қуатты да та бысты мемлекетке айналып, өзінің бас та малары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.

Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.

Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.

Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.

Мен біздің алдағы барша жетістік тері міз осындай жарқын болады деп сенемін.

Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы кономикалық өр леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін дік тер ге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. "Қазақстан-2030" Стратегия сын орындай отырып, біз алғашқы он жылдыққа бағдарлама жасап, оны тә мам дадық. Ендігі мақсат - осы Стратегия ның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.

 

1.     2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру –

ел дамуының аса маңызды шебі

 

1997 жылы "Қазақстан-2030" Стра те гия сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра тегиялық жоспарда қисынды түрде да мытылды.

Сөйтіп біз қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік.

2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық.

Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.

Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.

Халық денсаулығының негізгі көр сет кіш тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.

Он жылда 652 мектеп және 463 ден сау лық сақтау нысаны салынды.

Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі ме ди циналық орталықтар - Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.

Биылғы жылы Кардиохирургия ор та лығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда.

Осының арқасында біз өз азаматтары мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз!

Біздің жетістіктерімізді мойындай оты рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл - біздің өскен әл-ауқатымыздың дау сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы - бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үй ге ие болды. 32 мың шақырым жолдар са лынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі.

2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік.

2. Дағдарыс кезеңі - дұрыс шешімдер қабылдау уақыты

Әлемдік қаржы-экономикалық дағда ры сы экономиканың өсу қарқынына ық пал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқ тат қан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағ да рыстық шайқасында бізге тұрлау лылық ты қамтамасыз етті.

Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық.

Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.

Ұлттық және трансұлттық компания лардың мемлекеттік сатып алуларындағы "қазақстандық үлестің" болмаған өсіміне қол жеткіздік.

Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік.

Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жө ніндегі барлық шығындарды өз мой нына алды.

"Жол картасы-2009" бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса ма ңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүр гіз дік. Халық бізге риза - біз жақсы жұмыс атқардық.

Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды.

Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік.

Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: "Табыс кім батыл қимылдаса, со ның үлесіне жиі түседі". Ал біз батыл қимылдадық.

2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің "серіппелі тобына" жаттық.

Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.

Өткен жылы біз Қор қаржысының бір бө лігін жұмсадық, ал бүгінде Қордың кө лемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.

Қордың арқасында біз дағдарысқа қар сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма ңыз ды активтерді қайтардық. Бұл - Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, "Богатырь" разрезі, Қа ша­ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау мұ найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты.

Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ ра ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт та ғы дан төмен.

Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейін гі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.

3. 2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол

Бізге мыналарды атқару керек:

1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;

2. Жедел индустрияландыру және ин фра құрылымды дамыту есебінен эконо миканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;

3. Адам капиталының бәсекеге қабі леттілігін арттыру үшін болашаққа бел сенді инвестициялау;

4. Қазақстандықтарды сапалы әлеу меттік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

3.1 Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті

Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамта масыз етілетін болады.

Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады.

Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызмет кер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі.

Қорытынды өте түсінікті - бізге жағдайды түзету - өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек.

Басқарудың барлық деңгейінің жұ мысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады.

Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі.

Бұл құжат - таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары.

Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді.

Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі электр-энергетикалық стансаларды - Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.

2014 жылға қарай біз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкциялаймыз және бүкіл мұнай өнімдерінің түр-түрі бойынша ішкі қажеттілігімізді толық қамтамасыз ете аламыз.

Әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақы лауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяу да ғы онжылдықта бүкіл еліміздің жал пы ұлттық міндетіне айналуы тиіс.

Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз.

"Нұр Отан" ХДП үшін 2020-Бағ дар ламасын орындау жұмыстың басты өзе гі не айналуы тиіс. Ешкім сыртта тұрмауы керек, өйткені, тек осылай ғана біз Қа зақ станның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз.

Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Премьер-Министр бастаған бірыңғай бас қару орталығы (штабы) және облыс тарда әкімдер басқаратын орталықтар құрылады. Біз 2009 жылы "Жол картасы" бағдарламасы бойынша қалай жұмыс істесек, солай жұмыс істеуге тиіспіз.

Министрлер, әкімдер барлық ағым дағы мәселелердің шешілуі үшін жауапты болады. Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да.        

Индустриялық даму - бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер.

Қазақстан табысты индустриялық дер жава болады - мен бұған әбден сенімдімін.

Әртараптандырудың басқа бір маңыз ды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.

Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен.

Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз - 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.

Бұл күрделі міндетті аграрлық-индус триялық әртараптандыру ғана, яғни ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұ ғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашы лы ғындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек.

Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіз ді гін қамтамасыз ету.

2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар.

Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары.

Біз қазірдің өзінде "Жетіген-Қор ғас"және "Өзен-Түрікменстанмен мем ле кет тік шекара" темір жол желілерін са лып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнім дерге Қытай мен Парсы шығанағы елде рінің рыноктарына жол ашады. Біз салуға кірісетін "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автожолы - тауарлар үшін маңызды магистраль.

"Болашақтың экономикасы" сектор ларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық иннова циялық жүйе оның негізі болуы тиіс.

Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.

Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.

Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергия лар физикасы мен техникасы мәселе лері мен айналысатын болады.

Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып та былады.

Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады.

Үкіметке біздің индустрияның 2010 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдің ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Сондай-ақ, "Ғылым туралы" жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет.

Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды.

 

3.2 Сауатты сауда саясаты - экономиканың

бәсекеге қабілеттілігіне қолдау

 

Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы - бұл қазақ стандық барлық интеграциялық баста­малардың серіппелілігі.

Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасты­рылуы болады. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз еті летін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. ТМД-дағы өңірлік экономи ка лық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс.

Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұ рыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жө ніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік ар тықшылықтарды өсіре түсу маңызды.

Әрине, айтылып жүргеніндей, "бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің нашар". Ал қазақстандықтар жақсырақ өмір сүрмек және өз жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерге жол бермеу ниетінде.

3.3 Инвестициялар тарту

Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс.

Менің халықаралық сапарларым бары сындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвестициялау мәселесі болды. Көптеген мемлекеттер біздің экономикаға ресурстар салудың мәні бар деп біледі.

Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Корея дан, Бі ріккен Араб Әмірліктерінен, сон дай-ақ француз, итальян, ресейлік компа ния лар­дан 20 миллиард доллар көлемінде инвести циялар тарту туралы мәселелер шешілді.

Бұл қаражат шикізаттық емес сектор ға жұмсалып, индустриялық бағдарлама ның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді.

"Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автома гистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүс тігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешілді.

Мұның бәрі - шикізаттық сектордың инвестицияларынан басқасы, ал ол 10 мил лиард доллардан астамды құрайды. Көріп отырсыздар, бұл Бағдарламаны қар жылай және материалдық ресурстар мен қамтамасыз ету жөнінде орасан зор жұмыс жүргізілді.

Біз Қазақстанда өңірімізде жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін барынша тартымды жағдай жасауға тиіспіз.

Индустриялық даму басымдықтарын ес кергенде арнаулы экономикалық аймақ тар мен индустриялық парктердің қызмет етуіне жаңа көзқарас қажет. Үкіметке арнаулы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырамын.

Жеке меншік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптес тік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр.

Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қос тық, бірақ та ол озық әлемдік практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді.

Үкіметке бірінші жартыжылдықта концессиялар туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырамын. Жобалық қаржыландыру қағидатын ендіру мақса тында біздің заңнамада ерекше құқықтық мәртебесі бар арнаулы жобалық ұйымдар құру мүмкіндігін көздеу керек.

3.4 Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші

Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.

Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.

Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң ғыртудың қозғаушы күші болып табы лады.

Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Оны "Бизнестің жол картасы-2020" деп атауды ұсынамын.

Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мы надай бағыттар бойынша жүзеге асы рылуы тиіс:

- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- шағын және орта бизнеске несие лерді ішінара кепілдендіру;

- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.

"Бизнестің жол картасы-2020" кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.

Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжыл дық бюджет аясында әр өңірдің эконо ми калық әлеуетін есептеулерге негіздел ген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі.

Әкімдер бағдарлама бойынша қаржы ландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады.

Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады.

 

3.5 Отандық тауарлар - 2020

Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы

 

Біздің шикізаттық емес экспорттаушы ларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуға тиіс.

Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынылуы керек.

Сондықтан Үкіметтің міндеті - экс порттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сер вистік қолдау көрсетуді, экспорттау шы ларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.

3.6 Өңірлердің дамуы - елдің дамуы

инвестициялық саясат мәселелерін мұқият пысықтауды Өңірлік даму реформаларынсыз біз же дел әртараптандыруға қол жеткізе ал май мыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды бастау қа жет. Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өн дірісі мен көліктік қуаттарды дамыту керек.

Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста - кен-металлургия кешені, атом, химия өнеркәсібі және аграрлық индустрия дамытылуы тиіс.

Ішкі сұраныс базасындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанынан, сондай-ақ қуатты кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажет.

Жоғары экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес сектор мен АӨК-ні елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде дамыту орынды.

Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астанада дамуы тиіс.

Біздің елордамыз, экономикасы бә се кеге қабілетті, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды қала - Астананы одан әрі да мытуға айрықша маңыз берілетін болады.

Жаңа өңірлік саясат - 2020 Стра те гиялық жоспарының аса маңызды бөлігі.

Үкіметке облыстардың, Астана мен Ал маты қалаларының әкімдерімен бір ле се отырып, өңірлердегі тапсырамын.

3.7 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары

Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:

Біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту;

екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру.

Үкіметке 2011 жылы бизнесті тіркеу ге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды тапсырамын.

Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс.

2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор.

Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Ор та лық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы же тек ші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс.

Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.

Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек.

Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет.

Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек.

Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс.

Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір "қауіпсіздік көпшігіне" айналды. Оның ендігі міндеті - тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.

Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы тиіс.

Осы онжылдықтың соңында бюд жет тің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.

Үстіміздегі жылдан бастап рес пуб ликалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде - 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.

Бұл трансферт ең алдымен индустрия лан дыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс.

Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша трансферттер болмайды.

Осы көзқарастарды ескере келгенде, Ұлт тық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрайды.

Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын.

Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандыру дың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.

ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.

Экспорттың жалпы көлемінде шикі зат тық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өң деу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруа шы лығында кем дегенде 4 есе артуы керек.

ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кә сіпорындардың инновациялық актив те­рінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұл ғайып, құрылыстың ішкі қажеттілік тері нің 80%-ы қазақстандық құрылыс мате риалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкім дердің алдында тұрған нақты міндеттер міне, осындай. Біз сұрайтындар да міне, осылар. Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру қажет. Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.

Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің өндірісі мен экспортының екі еселенуін, химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете отырып, жаңа жобалар есебінен 300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.

4. Адам - елдің басты байлығы

Елді жаңғырту стратегиясын іске асы ру дың табыстылығы, ең алдымен, қазақ стан дықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла нысты.

4.1 Білім беру

2020 жылға қарай қалалық, сол се кілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар - бұл мемлекеттік мекемелерге балама.

Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға ба ғытталған "Балапан" арнайы бағдар ла ма сын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын.

2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек.

Жоғары білім сапасы ең жоғары ха лық аралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші универ си­теттерінің рейтингіне енуге ұмты лулары керек.

2015 жылға қарай Ұлттық иннова ция лық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс.

Білім беру саласында Астана қала сын да құрылып жатқан бірегей оқу орындары - "Жаңа Халықаралық Университет", "Арнаулы Қор" және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан "Интеллек туал дық мектептер" секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.

Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім.

Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.

Осы оқу орындарының толыққанды жұмыс істеулері үшін Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Парламентке тиісті заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді тапсырамын.

4.2 Денсаулық сақтау

Халық денсаулығы - ол Қазақ стан ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.

Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын­даудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.

Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.

Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын дар дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет.

Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші лігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.

2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұры лымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.

Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.

30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.

Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз.

Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де.

Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, са ла матты өмір салты жөніндегі мемлекет тік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.

Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақ тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құр ғақ сандардың артында біздің азамат­тарымыздың аман алып қалынған мың да ған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақ сат. Біз оған міндетті түрде қол жет кізуіміз керек!

4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау

Барлык азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақ­сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз ды міндеті - Қазақстанның мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады.

Біздің мемлекеттік әлеуметтік сая са ты мыздағы басты басымдық халықтың жұ мыс пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұ мыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын.

Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.

            2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс.

Біз өз іс-әрекетімізде дәйектілікті ұс та намыз. Өткен жылы зейнетақылар, шә кірт ақылар, бюджет саласы қызмет кер лері нің еңбекақылары 25%-ға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға артты.

Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бас тап, ал шәкіртақылар мен бюджет те гілер еңбекақыларын 1 шілдеден бастап жиырма бес пайызға өсіру қарастырылған.

Өткен жылғы экономика өсімінің оң сер пінін шәкіртақылар мен бюджеттегі лер дің еңбекақыларын үш ай бұрын - 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүм кіндік береді деп есептеймін. Үкі мет ке осы үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын.

4.4 Ардагерлерге қамқорлық

Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата.

Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады.

Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедек те рі мен оларға теңестірілген мүгедек тер дің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды.

Оның сыртында Жеңістің 65 жыл ды ғын кеңінен мейрамдауға байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге қарастырылған.

Бұл біздің әкелеріміз бен аталары мыз ға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмір ді қамтамасыз еткендері үшін көр сетілген құрмет.

4.5 Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат

Дағдарыс сабақтары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде зор әлеует бар деп есептеймін. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.

Ол нені білдіреді?

Азаматтар тұрғын үй құнының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін де жинайды да, қымбат емес ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, түпкі нәтижесінде тапсырыс беруші ретінде көріне отырып, азаматтардың тұрғын үй жө­ніндегі қалауларының пулын қалып тас ты рады, құрылыс инвесторлары мен тұр ғын үй құрылысын қаржыландыруға дайын екінші деңгейлі банктерді іздеуді жүзеге асырады.

Мемлекет жергілікті атқарушы ор ган дар атынан жер телімдерін бөлуді және инженерлік коммуникациялар тартуды қамтамасыз етеді.

Осылайша, азаматтар өз тұрғын үй ле рінің құрылысына толық құқылы қатыса алады. Төлем қабілеттілікке сұраныс та, құ­рылыстың бақылануы да қамтамасыз етіледі. Үкіметке 2010 жылы "Жол кар та сы-2009" жоспары бойынша басталған тұр­ғын үй-коммуналдық сектор нысан да рын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық ша руа­шылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы лық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзін дік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.

Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.

5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы

Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіп сіз діктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ сат тары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.

Жаңа онжылдықта біз өзіміздің эко номикалық жоспарларымыздың табыс та рын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.

Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді.

Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары - 0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды.

Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды.

Осының салдарынан олар қылмыс керлер қатарын толықтыруда.

Мен реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім.

Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.

Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет.

Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азамат тардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс.

Бізге парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек болады, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі.

Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс.

Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта біз ге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құ қық қорғау жүйесі қажет. Менің тап сыр мам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды.

Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау ор гандарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тапсырамын.

Сондай-ақ осы жылдың өзінде құқық қор ғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жо басын Парламентке енгізуді тапсырамын.

Құрметті қазақстандықтар!

Елімізде азаматтық қоғам институт тарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси жаңғырту жалғаса береді.

Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр.

Мен Үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс.

Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім.

Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағ дай ында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін.

Бұл - мәні зор елеулі оқиға. Біз осы кезеңдегі саяси риториканың байыпты, ал сынның көп жағдайда сындарлы екенін көріп отырмыз.

Бұл біз өмір сүріп, балаларымыз өсіп келе жатқан елімізде бейбітшілікті, ты ныш тық пен келісімді сақтаудың жалпы ұлттық құндылыққа айналғанын білдіреді.

Енді партияаралық үнқатысудан нақ ты іс-қимылға көшетін кез келді. Өйт ке ні, түп теп келгенде, кез келген партия бол сын, қоғамдық ұйым болсын барша қазақстан дықтардың мүддесі үшін жұмыс істейді емес пе? Сондықтан мен барлық саяси пар тиялар мен қоғамдық бірлес тік тер ге елдің дамуы мен ұлттық бірліктің тиім ді жол дарын іздестіруге септесетін өзара іс-қи мылдың жаңа үлгісін әзірлеуді ұсынамын.

Бұл іс жүзінде барлық саяси күштерді Отан игілігі үшін жұмысқа жұмылдыра тын болады. "Нұр Отан" партиясы бұл істе біріктіруші рөл атқаруы тиіс.

Болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін емес.

Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндеттіміз:

Біріншіден, біздің ең басты құндылы ғы мыз - ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақты лы ғы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамға бар мауы тиіс.

Үшіншіден, экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл - қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.

Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану - дамудың аса маңызды шарты.

Құрметті қазақстандықтар!

Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық страте гия сыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз:

Бірінші - бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Екінші - мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам дағы тұрақтылық пен қазақстандық тар дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс.

Үшінші - экономикалық өрлеу - әр кімнің ісі. Бұл - басым әлеуметтік мәсе лелерді шешудің, бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың берекеттілігінің кілті.

Төртінші - өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану - дамудың аса маңызды шарты.

6. Сыртқы саясат

Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады.

Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлт тық, өңірлік және жаһандық қауіп сіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады.

Қазақстан халықаралық қатынастар дың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қа­лыптастыру кезінде жаһандық шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысу ниетінде.

Қазақстан барлық қазіргі бар ұжым дық қауіпсіздік жүйелері арасындағы стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады.

Қазақстан өңірлік және жалпыәлемдік эко номикалық үдерістердің жауапты қатысушысы ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде сезіне отырып, оны өз тәуел сіздігінің барлық жылдары бойында мінсіз орындап келеді.

Сондықтан әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары мен беделді халықаралық ұйымдардың басшылары - экономи ка­лықтан гуманитарлыққа дейінгілердің бәрі - өздерін Қазақстанның досы санайды.

Біз мұны мақтаныш етуге тиіспіз.

Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіп сіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді.

Бұл - біз үшін үлкен абырой.

Бұл - ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа та рихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі.

ЕҚЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық құрамымен - ал бұл үш құр лықта орналасқан 56 мемлекет, мем­лекеттердің өзара ықпалдасуының бай тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табылады.

Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қатысты өзіміздің ұстанымдарымызды белгілеп алдық.

Сондықтан бұл туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын.

Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай ұранмен өтетін болады: "Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік".

Біз көптеген көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын бірлесе іздеп, ықтимал дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен тетіктерді әзірлейтін боламыз.

Біз қауіпсіздіктің негіз қалаушы мә се лелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның өзін дамыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейту және нығайту ниетіндеміз.

Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін де жасайтын боламыз.

ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы менің ұсынысыма қолдау білдірді.

Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкер ші лігі аймағында қауіпсіздіктің көкей кес ті проблемаларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым.

Біздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамыту мен өркендетуге бағытталатын болады.

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары!

Көріп отырғандарыңыздай, біз елімізді дамытудың жаңа кезеңіне дайынбыз. Ауқы мы жөнінен осындай күрделі де ұлан-ғайыр міндеттерді біз бұған дейін шешкен емеспіз.

Біз өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді егжей-тегжейлі сараптап, он жыл бұрынға есептеп қойдық.

2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы сіздерге таратып беріледі және баспасөзде жарияланады. Біз не, қашан, қалай жасалатынын және құрылатынын іс жүзінде айлар бойынша білеміз. Және, ең бастысы, жоғарыда айтылғанындай, біздің барлық іс-қимылдарымыз қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген.

Біз алдымызда қандай қиындықтар тұрғанын білеміз. Әлемдік дағдарыс әлі аяқталған жоқ, бірақ оның өткір кезеңі артта қалды. Өткен жылдағыдай, форс-ма жорлық жағдайлар біздің жоспар ларымызға қандай да бір өзгерістер енгізуі мүмкін, бірақ мен біздің бас желіміз жалғастырылатынын ескерте мін.

Біздің бағдарламамыздың мәні мен маңызы осында.

Әркім сапалы медициналық қызметке қолжетімділік алады.

Балалар бақшасынан бастап универ си тетке дейінгі сапалы білім бүкіл еліміз бойынша әр отбасына қолжетімді болады.

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай жақсарады.

Зейнеткерлер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасылар сенімді қорғалатын болады.

Жастар - біздің болашағымыздың негізі - өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.

Бұл - сіздердің әрқайсыларыңыздың алдынан, сіздердің отбасыларыңыздың алдынан, біздің еліміздің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

2030 жылға дейінгі Даму стратегия сын да айқындалған біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу жолында жұмыла отырып, біз өзіміздің миссия мыз ды табысты орындаудамыз - тәуел сіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақ станды құрудамыз.

Біз бүкіл қоғамды, партияның барлық мүшелерін алдағы онжылдық міндеттерін түсіндіру мен іске асыруға жұмылдырып, іс жүзінде бұл жұмысқа жетекшілік ететін және оны өзінің бағдарламасы жасайтын "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне үлкен үміт артамыз.

Қымбатты менің отандастарым!

Өзімнің сіздерге арнаған сөзімді аяқтай келе, былай дегім келеді: біз бір лесіп Қазақстанды табысқа жетуші жасай алдық және бірлесіп оны өркендеуші жасай аламыз.

Қымбатты менің отандастарым!

Халқымызда "Ынтымақты елде бақ тұрар" деген дана сөз бар.

Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.

Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда.

Біз сияқты халқының саны аз, эко номикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасады.

Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қа зақ тың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.

Мен осы күндері Қазақстанның бүкіл аумақтарынан мыңдаған хаттар мен же делхаттар аламын. Әсіресе, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ тас тық ұйымына төраға болуына және атқарып жатқан жұмысыма байланысты көптеген хаттар келуде. Халықтың көңіл-күйін сіздер түсіну үшін соның біреуін оқып берейін:

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ бүгін Еуропаның төріне шықты. Бұл - бүкіл қазақ халқының қуанышы мен мақтанышы. 85 мыңнан астам халқы бар шекараның шебінде, елдің ең шетінде жатқан біз үшін қауіпсіздік пен ынты мақтастықтың маңызы ерекше. Бұл - халықтың ең басты мақсаты мен мұраты. Қазақ қашан қарт Еуропаның төріне шықпақ түгілі, есігінен бұрын-соңды сығалап көріп еді? Өзіңізге, қазағымызға осы биік мәртебеде абырой берсін.

Бұл жақта еліміз - аман, жұртымыз - тыныш, ең бастысы - балалары мыз дың ұйқысы бұзылған жоқ. Аузымызда - тәубеміз, қолымызда қауғамыз, хал қымыздың ынтымақ-бірлігі қалыптасты. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз - дәнге, өрісіміз - малға, үй-ішіміз - жанға толды. Бар лық ісіңізге Алла жар болсын". Райымбек ауданының құрметті азаматы Совет Оразаев.

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан келіп жатқан осындай мыңдаған қолдау хаттар біздің халқымыздың кеңдігі мен шыдамды лығын, сауаттылығы мен мол түсінігін, дүниеде болып жатқан оқиғаларды, ішкі және сыртқы жағдайды қарап, дұрыс аңғарып отырғандығын білдіреді.

Сондықтан дәл осындай санамен, біліммен және табандылықпен осы бағдар ламаны орындауға қол жеткізуіміз керек. Ол жалғыз Президенттің немесе Парламент пен Үкіметтің ғана шаруасы емес.

Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді. Олай болса, осы іске жеңді түріп кірісуіміз керек.

Ендеше, құрметті ағайын, ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.

Рахмет.