ЖАҢА ӘЛЕМДЕГI
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы,
Астана қ., 2007 жылғы 28 ақпан

 

"Егемен Қазақстан"
2007 жылғы 1 наурыз N 55


 Қазақстан Республикасының
Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы

ЖАҢА ӘЛЕМДЕГI ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

I БӨЛIМ

I.   "ҚАЗАҚСТАН-2030" СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
10 ЖЫЛДЫҒЫ - ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ
МЕМЛЕКЕТТIЛIГIНIҢ БЕРIК IРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ
ЖАҢА КЕЗЕҢIНЕ СЕНIМДI ҚАДАМ БАСУДА

II.  ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
ӨМIР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ

III. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
КЕЗЕҢI - ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУ

IV.  БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIК - ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ӘЛЕМДIК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ
КIРIГУIНIҢ КIЛТI

V.   ЖАҢА КЕЗЕҢНIҢ
НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

VI.  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРIК-ЖIГЕР - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ
АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ

 

 I. "ҚАЗАҚСТАН-2030"
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ - ҚАЗАҚСТАН

ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТIЛIГIНIҢ
БЕРIК IРГЕТАСЫН ҚҰРА

ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢIНЕ
СЕНIМДI ҚАДАМ БАСУДА

Қымбатты қазақстандықтар! 
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! 
Ханымдар мен мырзалар!

     
Тәуелсiздiк алған алғашқы күннен бастап бiз
сiздермен бiрге дәйектiлiкпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан
өзiнiң дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдiк
қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен
беделге қол жеткiзе отырып, алға қарай нық сенiммен
iлгерiлеп келедi.
      Бүгiнде экономика мен өз
мемлекеттiлiгiмiздiң берiк iргетасын қамтамасыз етiп, бiз қағидаттық
жаңа кезеңге сенiмдi қадам бастық. Мұның өзi
Қазақстанның одан әрi дамуын тұрлаулы, осы заманғы
және болашағы зор экономикалық, әлеуметтiк, саяси және
әкiмшiлiк негiзге қоюға мүмкiндiк бередi. 
Бүгiн мен сiздерге елiмiз бен қоғамымыздың одан әрi
дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды
орындау Қазақстанның шын мәнiнде тарихи ауқымдағы
аршынды самғау жасауына мүмкiндiк туғызады.
      Әңгiме елiмiздiң әлемдегi
бәсекеге қабiлеттi елу елдiң клубына қарай iлгерiлеуi жөнiндегi
нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы
Жолдауда да айтылған едi.
      1997 жылы сiздер мен ұсынған Қазақстанның
2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясын қолдадыңыздар, онда
бiздiң қоғамның келешек мүмкiндiктерi мен бiздiң
мемлекеттiң ұлық мұратына деген көзқарас
таныстырылған болатын.
      Бұл әлi қанаты қатая қоймаған
жас тәуелсiз мемлекеттiң ұлы таңдауы едi. Сол кезде осы
Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын бiлемiн.
      Сол уақытта, естерiңiзде болар,
бiздiң жинақтаған қорымыз негiзiнен зiлбатпан әлеуметтiк-экономикалық
проблемалардан және егемендi даму мен либералдық реформалардың
азын-аулақ алғашқы тәжiрибелерiнен ғана тұратын.
      Сол тұста, 10 жыл бұрын, бiз өз
таңдауымызда қателескен жоқпыз.
      Нақ сол уақыттан Қазақстан
нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық
дамудың аксиомаларын бiрiнен кейiн бiрiн игере отырып, дәйектiлiкпен
iлгерi адымдай бастады.
      Бiз мүлдем жаңа экономикалық жүйенiң,
демократиялық құқықтық мемлекеттiң
iргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық
институттарды нығайттық, өмiр сапасы мен ұстындарын
елеулi түрде өзгерттiк.
      Бiз iшкi тұрақтылыққа қол
жеткiздiк, дамудың әлеуметтiк базасының сенiмдiлiгiн қамтамасыз
етiп, өңiрдегi үздiк экономиканы құрдық. Қазақстан
өңiрде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi маңызды
мiндеттердi атқаратын халықаралық қоғамдастықтың
толыққанды және жауапты мүшесi ретiнде орнықты.
      Бiз үшiншi дүниенiң мемлекетi
болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың
басты қорытындысы.
      Ендi келесi онжылдықтағы одан арғы
жұмысымызды белгiлеп бергiм келедi.

 II. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
ӨМIР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ

     
2000 жылға қарағанда IЖӨ-нi еселеу жөнiндегi
бiздiң мiндетiмiзге келесi жылы-ақ қол жеткiзуге әбден
болады. Бұл - тар өрiстi мақсат емес, экономикалық өсудiң
жай нанымды көрсеткiшi де емес, бұл - қазақстандықтардың
өмiрiн жақсарта берудiң бiздегi нақты мүмкiндiктер.
      Өткен жылдары бiз көптеген аса маңызды
әлеуметтiк мiндеттердi шеше алғанымызды сiздер бiлесiздер, олардың
өмiр сапасын жақсартқаны сөзсiз.
      Бiз оқып жатқандардың шәкiртақысын
ұлғайттық, оларға бiлiм алу гранттары мен несиелерiн
бердiк. Бюджет саласының қызметкерлерi мен мемлекеттiк қызметшiлердiң
жалақысын дәйектiлiкпен өсiрiп келемiз. Аз қамтылған
отбасыларына 18 жасқа дейiнгi балалары үшiн ай сайынғы жәрдемақы,
сондай-ақ көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
төлеудемiз. Балалар мен жасөспiрiмдердiң белгiлi бiр
санаттарын тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесi
шешiлуде.
      Жыл сайын зейнеткерлiк жәрдемақылардың
мөлшерi индекстелiп, арттырылуда. Бұрынғы еңбек өтiлiне
байланысты зейнетақылық төлемдердi сараланған түрде
ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бiр миллионнан астам
адамды қамтыды. Сондай-ақ әлеуеттi құрылымдар
ардагерлерiнiң зейнетақылары өстi. Барлық зейнетақылық
және әлеуметтiк төлемдер елiмiзде уақтылы - тиiстi айында
төленiп келедi.
      Бұрын уәде бергенiмiздей,
экономиканың тұрақты дамуы бiзге қазақстандықтардың
әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкiндiк
бередi. Бұл - бiздiң саясатымыздың әлеуметтiк қорытындылары.
      Мен бүгiн Үкiметке халқымыздың
әл-ауқатын жақсарту жөнiндегi жұмысты жалғастыра
берудi тапсырамын.
      Бұл үшiн:
      Бiрiншiден, ана мен баланы әлеуметтiк
қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылғы
1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты бiржолғы
мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi 34740 теңгеге дейiн
немесе 2 есе арттырылсын.
      Баланы бiр жасқа толғанға
дейiн күтуге төленетiн ай сайынғы жәрдемақы:
      тұңғыш бала туғанда -
5790 теңгеге дейiн, немесе 177%-ға; 
екiншi бала туғанда - 6369 теңгеге дейiн, немесе 167%-ға; 
үшiншi бала туғанда - 6948 теңгеге дейiн, немесе 159%-ға; 
төртiншi және одан көп бала туғанда - 7527 теңгеге
дейiн, немесе 153%-ға көбейтiлсiн.
      Балалы отбасыларын қолдауға қажеттi
қосымша қаражат 9,5 миллиард теңгенi құрайды.
      Бұдан бұрын қабылданған
шаралар елiмiз халқының тұрақты өсуiне қол
жеткiзуге жағдай жасады. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала
туса, 2006 жылы 290 мың бала туған. 2005 жылы ғана халықтың
табиғи өсiмi туу есебiнен 121 мың адамды құрады.
      Аталған шараларды енгiзу бұдан да оң
демографиялық өзгерiстерге жеткiзетiнiне сенiмдiмiн.
      Екiншiден, жұмыс iстейтiн
әйелдер үшiн жүктiлiктi, босануды және аналық
кезiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру енгiзiлсiн. Бұл ретте
декреттiк демалыста және бiр жасқа толғанға дейiн нәресте
күтiмi жөнiндегi демалыста жүрген кезiнде олардың
зейнетақылық жинақтаулары жүргiзiле беруге тиiс.
      Бұл жәрдемақыларды төлеу
әлеуметтiк салықты қайта бөлу есебiнен құралған
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражатынан
жүзеге асырылсын. Бұған мемлекеттiк бюджеттен қосымша
9,2 миллиард теңге бөлу талап етiледi.
      Үшiншiден, iргелiк
зейнетақының мөлшерi ұлғайтылсын және
таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгi қажеттiлiктiң
40% деңгейiнде сақталуы қамтамасыз етiлсiн. Осылайша, бiз алғаш
рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуiн
халықаралық стандарттармен сәйкестендiремiз.
      Мұның өзi 1 миллион 675 мың
iргелiк зейнетақы алушыларды қамтиды, әрi оның мөлшерi
2008 жылы шамамен бiр мың теңгеге немесе 35%-дан аса артады. Ең
төменгi зейнетақылық төлемдер (iргелiк қосу ең
төменгi ынтымақшыл зейнетақы) 2008 жылы шамамен 1 500 теңгеге
немесе 15%-ға көбейедi.
      Төртiншiден, зейнетақының
мөлшерiн бұрынғы еңбек үлесiне сүйенiп анықтаған
кезде әдiлдiк орнату үшiн зейнеттiк заңнамада көзделген
зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табысты шектеу өзгертiлсiн,
ол 15 мәрте айлық есептiк көрсеткiштен 25 мәртеге дейiн
арттырылсын.
      Зейнетақыларды есептеу үшiн қабылданған
табыстарды заңнамалық шектеу есебiнен бұрын зейнетақылары
төмендетiлген жарты миллионға жуық зейнеткер (483 мың
адам) өздерiнiң зейнетақыларына әжептәуiр үстеме
алады.
      Ынтымақшыл зейнетақының орташа
мөлшерi 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлiк артады. Ынтымақшыл
зейнетақының ең жоғары мөлшерi 2008 жылы 21 713
теңгеге дейiн, немесе 76%-ға өседi.
      Бесiншiден, зейнетақы төлемдерiн
сатып алу қабiлетiн тұрақтандыру үшiн зейнетақы төлемдерiн
индекстеу сақталсын және ол тұтыну бағалары индексiнiң
болжамды өсiмiнен екi пайыз арттырыла жүзеге асырылсын.
      Аталған шараларды жүргiзуге жұмсалатын
қаражаттың жалпы қажеттiлiгi 55,3 миллиард теңгенi құрайды.
      Алтыншыдан, бюджет саласындағы
жалақы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 30% арттырылды.
Бюджет саласы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастыра
беру қажет.
      Жетiншiден, олардың мәртебесiн
арттыру, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, денсаулық сақтау,
мәдениет және спорт сияқты салаларда кадрлар тарту мен кадрлық
әлеуеттi нығайту үшiн 2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға
арнап, бiр лауазымдық оклады мөлшерiнде жәрдемақы төлеу
енгiзiлсiн.
      2008 жылы ғана бұл бюджетке 30,6
миллиард теңгеге түседi.
      Сегiзiншiден, бұрынғы
жылдары 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зиянды және
ауыр еңбек жағдайында өтiлiн өткерген адамдарды әлеуметтiк
қамсыздандыру туралы мәселе талай рет көтерiлген едi.
      Кәсiпорындар жұмысшыларымен
кездесулерде бұл мәселе менiң алдыма қойылды. Мен
оларды түсiнемiн. Өзiм бастан кешкен жағдай. Бұрын бiз
мәселенi N 1 Тiзiм бойынша шешiп келдiк. Ендiгi жерде N 2 Тiзiм бойынша
шешу керек. Мұндай қазақстандықтар бiзде шамамен 28 мыңдай
адам. Қазiргi кезде осы проблеманы шешуге бiздiң қайтып оралуға
нақты мүмкiндiгiмiз бар деп бiлемiн.
      Бiз аталған санат үшiн сегiз айлық
есептi көрсеткiш мөлшерiнде арнайы жәрдемақылар енгiзе
аламыз. Бұған жыл сайын 3 миллиардтан аса теңге қажет
болады. Осындай қаражат тауып, 2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап N 2 Тiзiм бойынша арнайы жәрдемақылардың төленуiн
қамтамасыз ету қажет.
      Осылайша, мен атап берген барлық әлеуметтiк
төлемдердi көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажеттiлiк
2008 жылы шамамен 108 миллиард теңгенi құрайды.
      Бүгiнгi таңда мемлекеттiң қазақстандықтарды
әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту үшiн осындай үлкен
қаражат жұмсау мүмкiндiгi пайда болды. Ендеше бiз бұл мүмкiндiктi
iске асырамыз.
      Тоғызыншыдан, үш
жылдың iшiнде 100 мектеп пен 100 аурухана елiмiздiң нақ
осындай нысандарға мұқтаж болып отырған өңiрлерiнде
салуды тапсырамын. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуды бiз
стратегиялық мiндет дәрежесiне көтеруге тиiспiз. Бiз
мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiгiнiң көмегiмен әлеуметтiк-инфрақұрылымдық
даму тетiгiн қалыптастыру қажеттiгiне жеттiк деп бiлемiн.

 III. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢI - ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ

ЖЕДЕЛДЕТУ

     
"Қазақстан-2030" Стратегиясын дәйектiлiкпен орындау
өзiмiздiң алдағы iлгерiлеуiмiз үшiн берiк негiздi қамтамасыз
еттi. Бiзде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшiн
барлық негiз бар, бiз мұндай тарихи мүмкiндiктi уысымыздан шығармайтын
боламыз.
      Сол үшiн де Қазақстанды
жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап
алынды.
      Бұл - бiздiң бұдан былайғы
дамуымыздың бiрден-бiр дұрыс арнасы.
      Бiз осы заманғы әлемде Қазақстанға
және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкiл
ел халқының әл-ауқатының өсуi мен тұрмыс
деңгейiнiң елеулi жақсаруын қамтамасыз ету үшiн
сыртқы рыноктарға шығып, сенiмдi орнығуға
мiндеттiмiз.
      Бұл жолда Қазақстан мен өңiрдiң
нақты жағдайын ескерiп, әрi әлемнiң озық
мемлекеттерiнiң жетiстiктерiн өзiмiзде iске асыра отырып, бiздiң:
      Бiрiншiден, қандай да бiр
табыстарға қолымыз жетiп үлгерген секторларды жаңғырта
жаңарту қарқынын жеделдете түсуiмiз қажет;
      Екiншiден, жаңғырта
жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтiк
өмiрiнiң барлық салаларына тарату керек.

 IV. БӘСЕКЕГЕ
ҚАБIЛЕТТIЛIК - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДIК ЭКОНОМИКА

МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ
КIРIГУIНIҢ КIЛТI

     
Сондықтан да өткен жылдың өзiнде бiз жалпы қазақстандық
жобамызды тұжырымдап, оны iске асыруды қолға алған
болатынбыз. Бұл - бiздiң әлемнiң бәсекеге барынша
қабiлеттi елу елiнiң қоғамдастығына қарай
жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесi ретiнде Қазақстанның
тұғырнамасын нығайту.
      Және мұның қажеттi шарты
- Қазақстан тауарлары мен қызметтерiнiң озық халықаралық
стандарттардың сапалық деңгейiне шығуы.
      Бiрақ бұл жеткiлiксiз. Бiзге
экономиканың барлық деңгейiнде - бүгiнгi де, сол
секiлдi ықтимал мүмкiн болатын нақты да перспективалы бәсекелестiк
артықшылықтарымызды қажеттiлiкпен әрi сарабдалдықпен
анықтауға және пайдалануға тура келедi.
      Жүйелiлiк - бiздiң осы заманғы
әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел жылжуымыздың
басты қағидасы, мiне, осы.
      Бұл үшiн бiзде барлық алғышарттар
бар.
      Бiздiң иелiгiмiзде: орасан зор аумақ
ұтымды географиялық және коммуникациялық-көлiктiк
орналасуымыз; елеулi табиғи ресурстарымыз бар.
      Бiз өңiрлiк экономикада көшбасшылық
шептерге шықтық, халықаралық әрiптестерiмiзбен
сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және әлеуметтiк-экономикалық
тұрақтылыққа қол жеткiздiк.

 V. ЖАҢА
КЕЗЕҢНIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

     
Қазақстан әлемдiк тауарлар, қызметтер, еңбек
ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының
шын мәнiнде ажырағысыз да серпiндi бөлiгiне айналуы үшiн
бiз он басты мiндеттi шешуге тиiспiз.

      Бiрiншi мiндет - экономиканың тұрлаулы
дамуын жай қамтамасыз етiп, ұстап тұру емес, оның өсуiн
басқару.
      Бiзге экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң
тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшiн толымды стратегия әзiрлеу
мен iске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау
қажет болады.
      Бұл стратегия бiздiң экономикамыздың
жекелеген секторлары мен өндiрiстерiнiң нақтылы бәсекелестiк
артықшылықтарын негiзге алып, әлемдiк даму үрдiстерi
мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиiс.
      Бiзге ендiгi жерде "жинақталған"
экономикалық өсудi жай пайдалану емес, осы өсудi нақты
басқаруды үйрену, сөйтiп оны сапалық жаңа деңгейдегi
экономикалық дамуға ұластыру керек.
      Бiз Қазақстанды индустрияландыруға
халықаралық рыноктардың талаптары мен шарттарына сай
келетiндей қағидаттық жаңа тұрғыдан келудi қамтамасыз
етуге тиiспiз.
      Аса iрi монополистердi қайта құрылымдау
мен бәсекелестiк қатынастарды дамыту есебiнен бiздiң табиғи
монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.
      Экономиканың табиғи монополиялар сақталатын
секторларында бiзге салалық реттегiштердiң көмегiмен тарифтiк
және техникалық реттеу жөнiнде елеулi жұмыс жүргiзуге
тура келедi.
      Ырықтандыру жағдайында бiз қаржы
жүйесiнiң тұрлаулылығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттырудың жаңа деңгейiне көтерiлуге мiндеттiмiз.
      Бiздiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қор
рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз
салымдарын бағалы қағаздарға белсендi инвестициялауға
тартпайынша мүмкiн емес.
      Үкiметтiң халықты инвестициялық
сауаттылық әлiппесiне тиiсiнше үйрету жөнiнде кең
ауқымды жұмыс жүргiзуi керек.
      Қазақстан үшiн қолайлы
шарттармен БСҰ-ға кiруi - бiз қол жеткiзуге мiндеттi мақсат.
      Бiзге халықаралық техникалық
стандарттарды барынша жедел де кеңiнен енгiзу қажет.
      Менiң Үкiметке беретiн ең
басты тапсырмам осы. Бұл - оның тiкелей мiндетi және қоғам
алдындағы жауапкершiлiгi.

      Екiншi мiндет - өңiрлiк
экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық
экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету.
      Бiз Қазақстанды экономикалық
дамудың "өңiрлiк локомотивiне" және оны әлемдiк
экономиканың табысты "ойыншысына" айналдыра аламыз.
      Бiзде әлемдiк шаруашылық жүйесiнде
нақтылы қазақстандық "тауашаларды" iздестiру
мен игеру, шетелдiк әрiптестермен iрi озық жобаларға қатысу,
сондай-ақ бiздiң экономикамызға қатысушыларды жан-жақты
және жауаптылықпен қолдау, соның iшiнде, оларға
сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы
қолдау жөнiнде ең таяудағы және алыс болашақтағы
мiндеттер бағдарламалары болуы керек.
      Бұл ретте негiзгi назарды Ресей, Қытай,
Орталық Азия, Каспий мен Қара теңiз өңiрлерiнiң
рыноктарына шоғырландыру қажет.
      ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ шеңберiндегi
экономикалық ықпалдастық саудадағы басты бағдар
болып қала бередi. Бiз мемлекеттердiң Еуразиялық экономикалық
одағын құруға жетудi, оны бiздiң басқа көршiлерiмiздiң
кiруi үшiн қолайлы етудi ұсынамыз.
      Қазiргi кезде әлемдiк рыноктарда
бiздiң тауарларымызға, қызметтерiмiзге және озық
идеяларымызға жаңа "тауашалар" құру мен жеңiп
алу үшiн жеке меншiк бизнес пен мемлекеттiң күш-жiгерiн
топтастыру мәселесi қай кездегiге қарағанда да өзектi
болып отыр.
      Бiзге бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптастыруда
мемхолдингтердiң рөлi мен орнын айқын анықтап алу
керек.
      Бұл мiндеттi мемхолдингтердiң өздерiн
тiкелей қатыстыра отырып, шешу жауапкершiлiгiн Үкiметке жүктеймiн.

      Үшiншi мiндет - өндiрушi
сектордың тиiмдiлiгiн арттыру.
      Бiз алдағы уақытта да байсалды әрi
өзара тиiмдi энергетикалық саясат жүргiзу ниетiндемiз.
      Көмiрсутегi секторын одан әрi
дамытуды, шетел мен жергiлiктi инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандырумен
тiкелей байланыстыру және жаңа келешегi мол өндiрiстер құру
жөнiндегi аса маңызды мiндеттердi осы арнада шешу қажет.
      Бiз Қазақстанның аса бай жер қойнауын
игерiп жатқан шетелдiк әрiптестерiмiздi елдiң мүддесiне
қарай нақты бетбұрыс жасап, бiздiң экономикамызды әртараптандыруға
шешушi түрде қатысуға, әлбетте, нарықтық
негiзде қатысуға көндiруге тиiспiз.
      Үкiметке осы орайда тиiстi жұмыс жүргiзудi
тапсырамын.
      Бұл мәселеде бiзбен келiсетiн
компаниялар бiздiң қолдауымызға ие болады. Бiз, ең
алдымен, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын
негiзге аламыз.
      Бұл ретте Қазақстан энергия
ресурстарын берiп отырған көршiлерiмiз бен халықаралық әрiптестерiмiз
мүдделерiнiң тұрақтылығын, болжамдылығын және
ұзақ мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етемiз.
      Қазақстанның өңiрлiк,
содан кейiнгi жерде әлемдiк энергетикалық кеңiстiктегi тұғырларын
одан әрi нығайтудың толымды стратегиясын әзiрлейтiн уақыт
жеттi.
      Өзiмiздiң энергетикамыз бен мұнай
химиясын дамытудың басты мәселесi - энергия өнiмдерiнiң
қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл
секторлардың кiрiстiлiгiн көтеру. Әсiресе, мұнай
химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәлiздерi сияқты
басым секторларды басқару тиiмдi болуға тиiс.
      Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың
барлығына қойылатын, бiрақ, ең алдымен, Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгi мен "Самұрық"
мемхолдингiне қойылатын талаптар.

      Төртiншi мiндет - өндiрiстiң
шикiзаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын
қамтамасыз ету өте-мөте маңызды.
      Үкiметтiң экономиканың басымдықты
шикiзаттық емес секторларында инвестициялық "серпiндi"
жобаларды iске асыру жөнiндегi өзiнiң бас стратегиясы болуы
керек.
      Жаңа экономикалық жағдай мен
басымдықтарды ескере отырып, Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын iске асырудың тиiмдiлiгiне баға беретiн мерзiм жеттi.
Сондай-ақ индустриялық әртараптандыру жоспарларын қалыптастыру
жөнiндегi талаптар мен ұсыныстарды да тұжырымдау қажет.
Жекелеген жобаларды алғашқы қаржыландырудан әртараптандыруды
ауқымды қаржыландыруға көшетiн мезгiл жеттi.
      Бұл - шағын және орта бизнестiң
белсендi қатысуы жағдайында Үкiметтiң, әкiмдердiң,
мемхолдингтердiң жауапкершiлiгi.

      Бесiншi мiндет - өңiрлiк және
жаһандық экономикадағы өзiмiздiң жаңа рөлiмiзге
сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту.
      Бiз стратегиялық инфрақұрылымның
даму келешегiн айқын пайымдай бiлуiмiз және, ең алдымен,
инфрақұрылымдық қызметтi тұтынушы бiздiң
отандық компаниялардың бәсекелестiгiн, сондай-ақ өзiмiздiң
халықаралық экономикалық ықпалдастығымыздың
мүдделерiн ескере отырып, осы саладағы басқарудың
сапасын едәуiр арттыруға тиiспiз.
      Бiзге экономикалық өсу мен бәсекеге
қабiлеттiлiктiң өңiрлiк орталықтарын айқындап
алып, олардың дамуын тұтастай алғанда елiмiз экономикасының
мүдделерiне бағындыру керек.
      Бiздiң өскелең экономикамызға
электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және
Қазақстанда атом энергетикасының негiздерiн қалауға
деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап
етiледi.
      Бұл - өңiрлер әкiмдерiнiң,
Индустрия және сауда, Көлiк және коммуникациялар, Бiлiм және
ғылым, Денсаулық сақтау, Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiктерiнiң, сондай-ақ мемхолдингтердiң
жауапкершiлiгi.

      Алтыншы мiндет - осы заманғы бiлiм
беру мен кәсiптiк қайта даярлау, "парасатты экономиканың"
негiздерiн қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
      Бiлiм беру реформасы табысының басты өлшемi
- тиiстi бiлiм мен бiлiк алған елiмiздiң кез келген азаматы әлемнiң
кез келген елiнде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерiлу
болып табылады.
      Бiз бүкiл елiмiзде әлемдiк
стандарттар деңгейiнде сапалы бiлiм беру қызметiне қол
жеткiзуге тиiспiз. 
Бiзге халықаралық стандарттар деңгейiнде оқу орындарын
тiркеу мен аттестациялаудың пәрмендi жүйесiн жасау керек.
      Жоғары бiлiм беру саласында дәл және
инженерлiк ғылымдарды басымдықпен дамыту - бұл дамуымыздың
жаңа кезеңiнiң мiндеттi шарты.
      Бiз жоғары технологияларды енгiзу мен
инновацияларды қолдауға бағытталған бiрыңғай
мемлекеттiк стратегия жүргiзетiн боламыз.
      Әлемдiк шаруашылық байланыстарына
белсене кiрiккен барлық осы заманғы бақуатты мемлекеттер
"парасатты экономикаға" сүйенген болатын. Ал ондай
экономика жасақтау үшiн, ең алдымен, өз қарауымыздағы
адами капиталымызды дамытқанымыз жөн.
      Бұл да - өзiмiздiң ортақ
қазақстандық жобамызға қатысушылардың
баршасының, алайда, ең алдымен, Бiлiм және ғылым
министрлiгi мен Индустрия және сауда министрлiгiнiң жауапкершiлiгi.

      Жетiншi мiндет - атаулы әлеуметтiк қолдау
және әлеуметтiк саланы нарық қағидаттары
негiзiнде дамыту.
      Бiз шын мәнiсiнде зәру адамдарға
атаулы қолдау көрсету жөнiндегi саясатымызды жалғастыра
беремiз, бiрақ оны нақты нарықтық қағидаттар
негiзiнде шешемiз, бұлар:
      қолжетiмдi тұрғын үй
сатып алу мен жылжымайтын мүлiк рыногын дамыту мәселелерi.
Мемлекеттiк тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын iске
асырудың екi жылында 11 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй
iске қосылды. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр iске қосылады. Үш
жылдың iшiнде 160 мың отбасы мен жарты миллионнан астам қазақстандық
жаңа қоныстанушылар атанады. Бағдарлама 30 пайыздық озықтықпен
орындалуда;
      медициналық қызметтiң сапасын
жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары
технологиялық жүйесiн дамыту;
      жинақтаушы зейнетақы жүйесiн
жетiлдiру және жұмыс орындарын жасақтау.
      Бұл үшiн мемлекет, ең алдымен,
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi және Денсаулық сақтау министрлiгi жауапты болады.
      Сонымен қатар Үкiметке Астананың
әкiмдiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң бас қаласында тұрғын
үй құрылыс жинақтаулары жүйесi арқылы
бюджет саласының қызметкерлерi үшiн жедел қарқынмен
тұрғын үйлер салу мәселесiн пысықтап, қолға
алуды тапсырамын.
      Бұл елордамызда құрылатын қуатты
медициналық және бiлiм беру кластерлерiн бiлiктi кадрлармен қамтамасыз
ету үшiн қажет.

      Сегiзiншi мiндет - дамуымыздың жаңа
кезеңiнiң ығытына сәйкес саяси жүйемiздi жаңғырта
жаңарту.
      2007 жылы бiз жүйелi демократиялық
реформаларды одан әрi iске асыруға кiрiсемiз.
      Демократиялық реформалар бағдарламаларын
әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемкомиссия саяси
партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң,
сарапшылардың ұсыныстарын, елiмiз азаматтарының пiкiрлерiн қорыта
келiп, мемлекеттегi алдағы саяси жаңғыртулар жайында нақты
ұсыныстар дайындады.
      Маңыздысы сол, бұл ұсыныстар бөгденiң
тәжiрибесiн көшiру немесе дерексiз теорияларды қайталау емес.
Олар бiздiң қоғамымыздың қажеттiлiктерiн, қазақстандық
нақтылықтарды ескередi. Бiзде саяси реформалардың өз
моделiмiз, саяси көшудiң өзiндiк "Қазақстан
жолы" қалыптасу үстiнде.
      Оның ерекшелiктерi мен етене белгiлерi -
президенттiк басқару жүйесiн сақтау, реформалардың кезеңдестiгi,
қабылданған шешiмдердiң екшеңдiлiгi, жалпыұлттық
үнқатысу мен негiзгi саяси күштердiң топтасуы.
      Ұсыныстардың құқықтық
ресiмделуiн қамтамасыз ету үшiн қазiрдiң өзiнде
iске кiрiскен заңгерлер тобы елiмiздiң Конституциясына, сондай-ақ
жекелеген заңдарына өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеуде.
      Тұтастай алғанда, демократиялық
реформалардың алдағы кезеңi мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi.
      Бiрiншiден, Парламенттiң өкiлеттiгiн
кеңейту.
      Парламенттiң Конституциялық Кеңестi,
Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетiн қалыптастырудағы,
сондай-ақ, тұтастай алғанда, бюджеттi бекiту мен атқарылуын
бақылау мәселелерiндегi өкiлеттiктерi ұлғайтылады.
Парламенттiң Үкiметтi жасақтаудағы рөлi күшейтiледi.
      Екiншiден, саяси партиялардың
рөлiн арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын
болады. Партиялық фракциялардың өкiлеттiктерiн кеңейту,
саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру ұсынылады.
      Бiз Мәжiлiстi сайлау кезiндегi партиялық
тiзiмдi кеңейту туралы мәселенi де қараудамыз.
      Үшiншiден, реформалардың
аса маңызды бағыттарының бiрi - сот-құқық
жүйесiн жетiлдiру болады. Биылдан бастап бiз алқа билер сотын
енгiземiз. Тұтқындауға құзырлылықты соттарға
беру туралы қағидаттық шешiм қабылданды. Бiз бiртiндеп
осы заманғы және ашық тұрпатты сот өндiрiсiне көшемiз.
      Төртiншiден, жергiлiктi өкiлеттi
органдарды дамыту. Бiз мәслихаттарды күшейтiп, оларға қосымша
өкiлеттiктер беретiн боламыз. Мәслихаттардың тексеру
комиссияларын нығайтамыз.
      Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар
жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастырудың
негiзiне айнала алады.
      Саяси өзгерiстердiң бiз үшiн
басты мақсаты -  билiктiң бiр мезгiлде елде саяси тұрақтылықты
сақтап, бiздiң азаматтардың барлық Конституциялық
құқықтары мен еркiндiктерiн қамтамасыз ете
отырып, қоғам мен мемлекеттi басқарудың барынша тиiмдi
жүйесiн қамтамасыз ете алатын осы заманғы демократиялық
пiшiнiне қарай қадам басу.
      Қуатты мемлекеттiк билiк пен демократия -
бiр-бiрiне кереғар емес. Демократия тек заңдылық қатаң
сақталатын жерде ғана дамиды.
      Мен Парламенттi, Үкiметтi және азаматтық
қоғамның барлық институттарын осынау басты мақсатқа
қол жеткiзуге шақырамын.

      Тоғызыншы мiндет - халықаралық
iс-тәжiрибенi ескерiп, әкiмшiлiк реформаны жеделдете жүргiзу.
      Бiз мемлекеттiк басқарудың
корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам
алдындағы есептiлiгi қағидаттарын арқау ететiн сапалық
жаңа моделiн түзудемiз.
      Бiздiң мақсат - Үкiметтi
жаңғырта жаңарту, жоғары кәсiби мемлекеттiк қызмет
пен тиiмдi басқару құрылымын жасақтау. Олар болса,
мемлекет көрсететiн қызметтiң басты тұтынушылары -
барлық азаматтар мен бизнестiң тiкелей талаптарына бағынуға
тиiс.
      Осынау мiндеттi шешудiң жауапкершiлiгiн тұтастай
Үкiметке жүктеймiн.

      Оныншы мiндет - жаңа Қазақстанның
Орталық Азия өңiрi мен әлемдiк қоғамдастықтағы
жетiстiктерi мен мүмкiндiктерiн iлгерiлету.
      Бүгiн бiз басқа елдермен көкейкестi
проблемалардың кең ауқымын шешуде ынтымақтасып отырмыз.
Бұл энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету де, өмiрлiк
маңызы бар әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу де,
лаңкестiкпен күрес те, iндеттер мен экологиялық апаттарға
қарсы күрес те. Бiз алдағы уақытта да өңiрлiк
ынтымақтастық пен халықаралық қоғамдастықтың
жауапты мүшесi ретiндегi өзiмiздiң рөлiмiз бен
беделiмiздi нығайта беретiн боламыз.
      Бұл - барлық саяси, экономикалық
және қоғамдық басшылардың, алайда, ең
алдымен, бiздiң сыртқы саяси ведомствоның жауапкершiлiгi.
      Ендi бiр 10 жылдан кейiн жаңа Қазақстанды
жаңа әлемде таныту үшiн бiз жаңа уақыттың өктем
талабына дер кезiнде әрi лайықты үн қатуға
тиiспiз.
      Сондықтан да Үкiметке 2030
Стратегиясының негiзгi қағидаларын Жаңа Кезеңде
дамытатын барлық жоғарыда аталған мiндеттердi дәйектiлiкпен
шешудi тапсырамын.
      Оларды орындау үшiн мен бiздiң iшкi
және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын
айқындадым, бұл - Қазақстанның жаңа кезеңдегi
даму стратегиясы.
      Ол менiң Жолдауымның екiншi бөлiмiнде
баяндалды.
      Бiзге табысты билiк тармақтарының,
бизнес-қауымдастықтың, академиялық және қолданбалы
ғылымның, үкiметтiк емес ұйымдардың, БАҚ-тардың
жұмысын осы заманғы ұйымдастыру және iс-әрекетiн
нақты үйлестiру және, әлбетте, отандастарымыздың қолдауы
қамтамасыз ететiн болады.

 VI. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРIК-ЖIГЕР - ЖАҢА

ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ
АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ

Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! 
Ханымдар мен мырзалар!

     
Бiз осы таяуда ғана тәуелсiздiгiмiздiң он бес жылдығын
атап өттiк. Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал бiздiң
бiрлескен шешiмдерiмiз бен тындырған iсiмiздiң нәтижелерi таңданарлықтай
болды.
      Мұның бәрi де, жаңа
жалпықазақстандық патриотизмнiң iргетасын қалап,
бiздiң Отанымыздың, бiздiң барша көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыздың, бiздiң балаларымыздың
тамаша келешегi бар екенiне негiздi мақтаныш пен сенiмдiлiктi туындатады.
      Тарих халық өзiнiң
ерiк-жiгерiн тарихи ауқымдағы жобаларды iске асыру үшiн жұмылдырған
кезде жаңа даму деңгейiне көтерiлетiнiнiң жарқын
мысалын аз бiлмейдi.

Қымбатты отандастар!

     
Бiз бiрге болған кезде табысқа жетемiз. Сондықтан сiздерге жаңа
онжылдықтың стратегиясын ұсына отырып, сiздердiң қолдау
көрсететiндерiңiзге сенемiн. Және де бұл қолдау әрдайымдағыдай
сенiмдi болатынын бiлемiн. Демек, бiз бiрлесiп ойға алғанды орындап
шығамыз.
      Назар аударғандарыңызға
рахмет.

 "Қазақстан
- 2030" стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа

кезеңi

 Iшкi және
сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпiндi бағыт

II БӨЛIМ

I.   Қазақстанды қазiр қолымызда бар мүмкiндiктердi
айқындау мен пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестiк
артықшылықтар қалыптастыру арқылы әлемдiк экономикаға
ойдағыдай кiрiктiруге бағытталған мемлекеттiк саясат

1.   Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң тұрлаулы
сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия жасау
және оны iске асыру
2.   Әлемдiк шаруашылық жүйесiнде қазақстандық
"тауашалар" iздестiру, оларды қолға қарату және
жасақтау
3.   Iрi және "ұшқыр" жобаларға қатысу
4.   Мемлекеттiк холдингтердiң қызметiн бағдарлау және
олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес
ұйымдастыру
5.   Өндiрушi сектордың тиiмдiлiгi мен макроэкономикалық
қайтарымын едәуiр арттыру
6.   Қаржы жүйесiнiң ырықтандыру жағдайындағы
тұрлаулылығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жаңа
деңгейi
7.   Қазақстан үшiн тиiмдi жағдайларда БСҰ-ға
кiру

II.  Әртараптандыру, инфрақұрылымдық
дамыту және жоғары технологиялық одан әрi
индустрияландыру негiздерiн жасау арқылы Қазақстан
экономикасының өсуi мен тұрлаулылығын басқаруға
бағытталған мемлекеттiк саясат

8.   Экономиканы әртараптандыру және шикiзаттық
емес секторды дамыту
9.   Жоғары технологияларды енгiзуге және инновацияларды қолдауға
бағытталған бiртұтас мемлекеттiк стратегия жүргiзу
10.  Экономикалық өсу мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң
өңiрлiк орталықтарын қалыптастыру және олардың
жұмысқа кiрiсуi
11.  Мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiктiң негiзiнде стратегиялық
инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару
сапасын көтеру
12.  Электроэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом
энергетикасының негiздерiн жасау
13.  Шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi дәйектi
iс-қимыл
14.  Халықаралық талаптарға сай келетiн техникалық 
стандарттарды жедел  әрi барлық жерлерде енгiзу
15.  Жеке меншiк институтын және контрактiлiк қатынастарды
дамыту
16.  Қазақстанды одан әрi индустрияландыру негiздерiн қалыптастыру

III. Еңбек нарығының даму серпiнi мен
келешегiне сәйкес келетiн бiлiм беру мен кәсiптiк қайта
даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттiк саясат

17.  Халықаралық стандарттарға орай бастауыш және
орта бiлiм беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесiне
жақындай беру
18.  Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейiнде
аттестациялауды енгiзу, жоғары бiлiм беру саласында дәл және
инженерлiк ғылымды басым дамыту
19.  "Парасатты экономика" негiздерiн қалыптастыру

IV.  Осы заманғы әлеуметтiк саясат: басты назарда -
адамдардың сұранысы мен қажеттiлiктерi және жұмыс
орындарын жасақтау

20.  Тұрғын үйдiң қол жететiндей болуын қамтамасыз
ету және жылжымайтын мүлiк нарығын дамыту саласындағы дәйектi
саясат
21.  Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және
денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн
дамыту
22.  Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту

V.   Жаңа Кезеңнiң ығытына қарай
саяси және әкiмшiлiк даму

23.  Саяси жүйенi дамыту
24.  Әкiмшiлiк реформаларды iске асыру және атқарушы
билiктi iлгерiлету
25.  Қоғамдық келiсiм мен тұрақтылықты
одан әрi нығайту үшiн Қазақстан Халықтары
ассамблеясының рөлiн көтеру
26.  Қазақстан халықтарының рухани дамуы және
үштұғырлы тiл саясаты
27.  Құқық қолдану iс-тәжiрибесiн
жетiлдiру және құқық тәртiбiн нығайту

VI.  Қазақстанның жаңа өңiрлiк
және геосаяси жауапкершiлiгi

28.  Қазақстанның жаңа халықаралық
жауапкершiлiгi, көп бағытты сыртқы саясатты дамыту және
жаһандық қатерлерге қарсы күреске қатысу
29.  Қазақстанның өңiрлiк тұрақтылықты
қамтамасыз етудегi, Орталық Азия елдерiнiң экономикалық
ықпалдастығын дамыту мен Каспий және Қара теңiз
аймағындағы серпiндi нарықты қалыптастырудағы
белсендi рөлi
30.  Қазақстанның "өркениеттердiң үндесуiн"
дамытудағы мәдениетаралық және конфессияаралық
орталық ретiндегi тұғырын бекемдеу

Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi!
Ханымдар мен мырзалар!

     
Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Қазақстан халқына жасалған
алғашқы Жолдауда Елiмiздiң 2030 жылға дейiнгi Дамуының
стратегиясы - бiздiң қоғамымыздың келешектегi келбетi
мен мемлекетiмiздiң болашақтағы бiтiмi баян етiлдi. Бiз бұл
ретте қандай қоғам орнатқымыз келетiнiн, дамуымыздың
шырқау биiгi қандай болуы керектiгiн анық бiлуге, айқын
түсiнуге тиiс екенiмiздi ұғындық. Басым мақсатымызды
байыпты бағдарлап, тиiстi стратегиямызды дұрыс таңдап,
тиiсiнше ерiк-жiгер, төзiм мен мақсаткерлiк таныта бiлсек, кезiккен
кез келген кедергiлердi ойдағыдай еңсеретiнiмiзге бiз кәмiл
сендiк. Бiз қателескен жоқпыз.
      Бiз бүгiн барынша жауапкершiлiкпен былай
деп мәлiмдеймiз: Қазақстан өтпелi кезеңнен ойдағыдай
өттi, әрi өз дамуының сапалық жаңа кезеңiне
нық қадам басты.
      Күн тәртiбiне елiмiз дамуының
барысы, сонымен қатар неғұрлым кең ауқымды
сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлi қоғамдық
мiндеттер қойылып отыр. Осы замана туындатқан талаптар мен төндiрген
қатерлер әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси
қатынастардың күллi жүйесiн неғұрлым
серпiндi жаңартуды үзiлдi-кесiлдi қажетсiнедi, мұның
өзi Қазақстанның Кеңес Одағынан кейiнгi кеңiстiктегi
әрi Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырынан
таймай, әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi және
серпiндi дамып келе жатқан елiнiң бiрiне айналуына мүмкiндiк
бередi.
      Қазақстанды жан-жақты жаңартудың
Жаңа кезеңiндегi басты басымдықтар ретiнде мен өзiмiздiң
iшкi және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын
айқындап бердiм.

 I. Қазақстанды
қазiр қолымызда бар мүмкiндiктердi айқындау

мен пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестiк
артықшылықтар

қалыптастыру арқылы әлемдiк
экономикаға ойдағыдай кiрiктiруге

бағытталған мемлекеттiк саясат

 Бiрiншi бағыт
- Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң

тұрлаулы сипатын қамтамасыз етуге бағытталған
толымды

стратегия жасау және оны iске асыру

      Әлемдiк
шаруашылықтың жаһандық жүйесi - өзiнiң
ережелерi бойынша жұмыс iстеп тұрған жете жасалған 
жетiк механизм.
 Бiз де осы ережелерге сай жұмыс iстеуiмiз керек.
Әлемдiк нарықта бiздi ешкiм күтiп тұрған жоқ,
бiрақ бiз онда кiрпiш боп қалануымыз және мықтап орнығуымыз
қажет. Ол үшiн бiзге керегi:
      Бiрiншiден, Қазақстан
экономикасының сыртқы нарыққа шығатын негiзгi
салаларына олардың экспорттық пайдалылығының деңгейi
мен соны айқындайтын факторлар
 тұрғысынан жүйелi
талдау, мониторинг және бағалау
 жүргiзу. Мұның
өзi, ең алдымен, жоғары өнiмдiлiк, жұмсалатын шығындардың
төмендiгi, басқа елдердiң қолы жетпейтiн ресурстар мен
материалдардың болуы, бiлiктiлiгi жоғары жұмыс күшi, өзiндiк
дара технологиялар және т.т. Әзiрге мұндай жұмыс толық
көлемiнде орындалмай отыр.
      Екiншiден, басқа
елдердiң бәсекелес өндiрiстерi мен салаларына, сондай-ақ
нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын ұлтаралық
корпорацияларға салыстырмалы талдау
 жүргiзу; қазақстандық
экспорттаушылардың кейiндеп қалуына әкелiп соғатын
немесе, қайта, оларға салыстырмалы артықшылықтар
беретiн факторларға
 баға беру.
      Үшiншiден, нақты
экспорттық салалардың оң және терiс тұстарына баға
беру, керек кезiнде қолдағы артықшылықтарды қолдау,
ал керек жерiнде орын алған проблемаларды жоюды қажетсiнетiн
 бағыттарды
анықтау.
      Бұл ретте бiздiң келешегi
бар өндiрiстердi,
 соның iшiнде iшкi нарықты дамыту
жөнiнде жасалған iс-қимылдың тиiмдiлiгiне баға
берiп,
 олардың экспорттық әлеуетiн арттыру мүмкiндiгiн
қарастыруымыз қажет.
      Төртiншiден, осындай
жүйелi талдаудың негiзiнде бiз өнеркәсiптiң құрылымын
өзгертуге қабiлеттi, әрi едәуiр қосымша құны,
еселенген тиiмдiлiгi, экспорттық және ресурстар үнемдеушi әлеуетi
бар»"ұшқыр" ауқымды жобалар әзiрлеуiмiз керек.
      Бесiншiден, Қазақстан
бизнесiнiң шетел нарығына шығуы үшiн нысаналы жүйелi
қолдау ұйымдастырудың
 маңызы зор.
      Үкiметке экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгi мен экспорттық мүмкiндiктерiн сапалы жаңа
деңгейге жеткiзудiң толымды Стратегиясын
 әзiрлеп,
iске асыруды тапсырамын.
      Осы негiзде тиiстi Iс-қимыл бағдарламасын, оның
аралық нәтижелерiн бағалау және оны толығымен
iске асыру жүйесiн әзiрлеу қажет. Онда Кәсiпкерлердiң
"Атамекен" ұлттық одағымен бiрлесiп әзiрленген iрi,
орта және шағын бизнеске арналған ұсыныстар, заңнамаға
қажеттi өзгерiстер енгiзу және нақты салаларға
мемлекеттiк жәрдем жасаудың пәрмендi шаралары  туралы ақпарат
 қамтылуға
тиiс. Осының нәтижелерiне сүйенiп, бiз экономикамызды
кемелдi қайта құрудың 
осы заманғы тұғырларын
әзiрлей аламыз.
      Бұл iстiң үйлестiрушi әрi
жұмыс органы Бәсекеге қабiлеттiлiк және экспорт
жөнiндегi ұлттық кеңес
 болуға тиiс, оны құруды
мен Үкiметке тапсырамын. 

 Екiншi бағыт
- Әлемдiк шаруашылық жүйесiнде қазақстандық

"тауашалар" iздестiру, оларды қолға
қарату және жасақтау

      Бiрiншiден, бiз жетiстiктерiмiз бен
табыстарымызды қазiрдiң өзiнде пайдалана алатын бағыттарды
кеңейте беруге
 тиiспiз. Бұл ретте басты назарды Ресейдiң,
Қытайдың, Орталық Азияның, Каспий мен Қара теңiз
өңiрлерiнiң нарықтарына
 аударған жөн.
      Екiншiден, әлбетте,
бiр қарағанда, онша тартымды емес әрi дәстүрлi
деуге де келмейтiн экспорттық "тауашаларды"
 да
назардан тыс қалдырмай, соның жаңаларын жеделдете
iздестiру
 қажет. Бұл жұмысқа өзара
тиiмдi негiзде өзiмiздiң сыртқы әрiптестерiмiздi де
тартуға болады.
      Үшiншiден, Қазақстанда халықаралық
бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiне жете алатын, жаңа
экспорттық "тауашаларды" игеруге жәрдемдесетiн жаңа,
соның iшiнде жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту.

      Мәселен, өткен жылы Солтүстiк Қазақстанда
бiздiң ТМД-дағы көршiлерiмiздiң ешқайсысында жоқ
биоэтанол өндiретiн бiрегей кәсiпорын ашқанымыз өздерiңiзге
мәлiм.
      Биылғы жылы Атырау облысында тұңғыш
шоғырлану негiзiнде мұнай-химия кешенiнiң құрылысы
қолға алынады, ол бiзге алдағы уақытта әлемдiк деңгейдегi
мұнай-химия кешенiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Ал Атырау мұнай
өңдеу зауыты қазiрдiң өзiнде еуропалық
стандарттарға сай келетiн бензин мен дизель отынын шығара алады.
      Төртiншiден, бiз
шекаралас аудандарда жаңа өнеркәсiп өндiрiстерiн құру
мен дамыту мүмкiндiктерiн саралап алуымыз керек, өзiмiзге көршiлес
мемлекеттер онда бүгiнгi таңда-ақ сауда-өнеркәсiп,
қаржы мен қызмет көрсету құрылымдарын жасақтап
үлгердi.
 Мұндай "ұшқыр" жобалар,
айталық, Қытай мен Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi
экономикасының өркендеуiне байланысты болуы мүмкiн. Қытаймен
шекарада қазақстандық шикiзатты өңдеп,
 осы
өнiммен, сондай-ақ энергия көздерiмен, отынмен және басқаларымен қытайлық
баж алымынсыз сауда аймақтарын жабдықтай алатын
 кәсiпорындар
құру тиiмдi. Содан кейiнгi уақытта бiз онда "Қорғас" Халықаралық
шекаралық ынтымақтастық орталығының мүмкiндiктерiн
iске қосу және "Қорғас - Шығыс қақпасы"
сауда-экономикалық аймағын құру арқылы тасымал,
тауарлар бөлiсi, материалдық-техникалық жабдықтау жөнiнде
түрлi қызметтер көрсету саласын дамыта алар
едiк.
      Үкiмет және, бiрiншi кезекте,
Индустрия және сауда министрлiгi, сондай-ақ мемлекеттiк
холдингтер бiздiң экономикамызға қатысушыларға
байсалды ұсыныстар жасау арқылы экспорттық
"тауашаларды" қазақстандық тауарлармен және қызметпен
молынан толтырып, кеңейту бағдарламасын
 әзiрлеп,
iске қосуға мiндеттi. 

 Үшiншi
бағыт -Iрi және "ұшқыр" жобаларға қатысу

     
Бiздiң экономикалық жетiстiктерiмiз Қазақстанның
Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты.
      Ендiгi жерде бiздiң қолымызда Қазақстанды
экономикалық дамудың "өңiрлiк локомотивiне" әрi
оны әлемдiк экономиканың оңтайлы "ойыншысына"
айналдыра алатындай күш бар.

      Бiрiншiден, Үкiмет өзiмiздiң
компанияларды келешегi зор өңiрлiк жобалар жайында ақпараттандыру
жүйесiн
 жасап, олардың осындай жобаларға қатысуына
және конкурстық негiзде мемлекеттiк контрактiлер алуына
 жәрдемдесуге
тиiс. Бұлар жоғары технологиялық өндiрiстер, инфрақұрылымдық
және басқа да жобалар болуы мүмкiн.
      Екiншiден, бiздiң iрi
корпорацияларымыздың нақты "ұшқыр" жобаларды
дамыту мақсатында ұлтаралық компаниялармен ынтымақтастығын
көтермелеп
 отыру керек.
      Үшiншiден, Қазақстан өңiрлiк
қаржы нарықтарының Алматыдағы қаржы орталығының
төңiрегiнде топтасуын дамыта отырып, бұл өңiрде
осы заманғы халықаралық сауда технологияларының
негiзiнде тауар-шикiзат нарықтарын,
 айталық, астық
биржасын құратын болады.
      Үкiметке, барлық тиiстi органдар мен
институттарға, соның iшiнде мемлекеттiк холдингтерге Қазақстанды
"тауарлармен және қызметпен қамтамасыз ету жөнiндегi
өңiрлiк орталыққа" айналдыруға қолайлы
жағдайлар туғызуды,
 ең бастысы, қазақстандық
компаниялардың iрi өңiрлiк экономикалық жобаларға
қатысуы үшiн нақты шаралар қолдануды тапсырамын.

 Төртiншi
бағыт - Мемлекеттiк холдингтердiң қызметiн

бағдарлау және олардың жұмысын
халықаралық

стандарттарға сәйкес ұйымдастыру

     
Бiздiң мемхолдингтердiң, көп жағдайларда, халықаралық
нарықта бәсекеге қабiлетсiз көп бейiндi конгломераттарға
айналып кетуiне
 жол бермеу керек. Сондай-ақ олардың
белгiлi бiр жеңiлдiктер жүйесi бар кәдiмгi қаржылық
"асыраушыға" айналып кетуiнен де сақтану
 қажет.
Сонымен қатар мемхолдингтер өз құрамына кiретiн ұлттық
компаниялар мен ұйымдардың қызметiн алмастырмай,
керiсiнше осынау экономикалық  қызметтi жаңа деңгейде
ұштастырып, мiндеттер қосарластығынан, iшкi өнiмсiз бәсеке
мен томаға-тұйықтықтан арылуға,
 олардың
тиiмдi әрi ашық жұмысын қамтамасыз етуге тиiс екенiн
ескеру керек.
      Мемхолдингтер, бiрiншi кезекте, Қазақстанның
әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiрiгуiне бағытталған
ұлттық стратегияның бәсекеге қабiлеттiлiгi мен
iске асырылуын қамтамасыз етуде
 өздерiнiң жетекшi
орындарын алуға тиiс.
      Бiрiншiден, мемхолдингтер
мен тиiстi мемлекеттiк органдарға бүгiнге дейiн жинақталған
талдау, маркетинг және технология турасындағы тәжiрибенi сын
тұрғысынан саралап, нақты нәтижелерi мен iске асыру
мерзiмдерiн көрсете отырып, алдағы iс-қимылды
 айқындауды
тапсырамын. Өзiмiздiң экспорттаушыларымызға арналған
"тауашалар" қалыптастыру  мен толымды халықаралық
ықпалдастыққа кiрiгу нақтылы "ұшқыр" 
жобаларды iске  асырудың  осы  заманғы айқын
мiндеттерi мен жоспарының
 болуын талап етедi.
      Екiншiден, мемхолдингтер халықаралық
компаниялармен
 бiрлескен жобалар жасау, сондай-ақ олардың Қазақстанға
келуiне жәрдемдесу жөнiнде  белсендi жұмыс жүргiзуге тиiс.
Бiз үшiн, әсiресе, шикiзаттық емес секторларда
бiрлескен жұмыс
 ерекше маңызды.
      Үшiншiден, мехолдингтер экономиканы
әртараптандыруда
 өзiнiң рөлiн атқаруға, осы
үдерiске қазақстандық орта және шағын
бизнестi тартып, оларды көтермелеп, қолдап отыруға тиiс.

      Төртiншiден, мұндай
мiндеттердi шешу үшiн мемхолдингтердi бiртұтас ағза ретiнде қайта
құрылымдау жоспарын әзiрлеу, сондай-ақ тиiстi нысаналы,
толымды жұмыс iстейтiн, тиiмдi, икемдi әрi ашық iшкi құрылымдар
 жасақтау
қажет. Осыған байланысты әрбiр мемхолдингтi құрайтын
құрылымдарға тиянақты талдау, олардың тиiмдiлiгi
мен бейiнделуiне саралау жүргiзу, содан кейiн әрбiр мемхолдингтiң
басқаруында қандай активтердiң қалатынын, олардың
қалай дамитынын, қайсысын бәсекелестiк ортаға енгiзу
керектiгiн анықтау керек.

      "Самұрық"

      Бiрiншiден, "Самұрықтың"
негiзгi мiндетi - экономиканың мемлекеттiк секторындағы кәсiпорындарды
басқара отырып, олардың құнының арттырылуын қамтамасыз
ету.

      Екiншiден, "Самұрықтың"
басшылығына оның құрамына кiретiн
мемкомпаниялардың қызметi айқындалатын өз дамуының
бiртұтас стратегиясын
 жедел қарқынмен әзiрлеудi
тапсырамын.
      Үшiншiден, "Самұрық" барлық
отандық инфрақұрылымдық қызметтi тұтынушыларға,
сыртқы нарықтарда экономиканың тиiстi секторларына бәсекелестiк
артықшылықтар беруге тиiс мiндеттер мен жобаларды орындау
 үшiн
өзiнiң мүмкiндiктерi мен ресурстарын пайдалануға тиiс.
Яғни кәсiпорындарымыз бен елiмiздiң  жұрты, сайып
келгенде, неғұрлым сапалы әрi мүмкiндiгiнше арзан
энергетикалық,  темiр жол, телекоммуникациялық және тұрмыстық
қызметпен қамтылуы керек.
      Төртiншiден, "Самұрық"
өзiнiң стратегиясын қамтамасыз ету үшiн жинақтаушы
зейнетақы қорларының, даму институттарының және қазақстандық,
сондай-ақ шетелдiк жеке инвесторлардың қаражатын тартудың
айқын схемасын
 әзiрлеуге тиiс.

      "Қазына"

     
"Қазына" өзiнiң құрамына
кiретiн барлық институттар мен ұйымдар қызметiнiң ортақ
стратегиясын тұжырымдап, жүзеге асыруы
 керек. Бәрiнiң
де мақсаты бiреу болуға тиiс, ол - Қазақстанның
шағын, орта және iрi бизнесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi
мен экспорттық мүмкiндiктерiн арттыру үшiн көмек пен көтермелеу
жасалуын қамтамасыз ету, халықаралық "ұшқыр"
жобаларды алға шығару және экспорттық
"тауашаларды" қалыптастыру, инфрақұрылымдарды
дамыту үшiн
 қолайлы жағдай туғызу.
      Бiрiншiден, "Қазына"
қоры келешегi зор кәсiпкерлер мен өндiрiстердiң
қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудан бастап, қазақстандық
тауарларды сыртқы және iшкi нарықтарға жылжытуға
дейiн бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мен экспортына қолдау
жасау жөнiнде осы заманғы қызмет
 көрсетудi қамтамасыз
етуге тиiс. Қор экспортқа қызметтiк қолдау көрсету
мәселелерi бойынша мемлекеттiң операторы болуы керек.
      Екiншiден, "Қазына"
экономиканың басым секторлары мен тиiстi компаниялардың бәсекеге
қабiлеттiлiгi мен экспорттық мүмкiндiктерiн арттыру мақсатында жаңа
технологиялардың енгiзiлуi мен қолданбалы ғылымның
дамуын ынталандыру
 үшiн не iстейтiнiн анықтап алуы керек.
      Үшiншiден, "Қазына"
қорының өзiмiздiң озық кәсiпорындарға,
негiзiнен алғанда, шикiзат өндiрмейтiн өнеркәсiпке сыртқы
сауда-саттық жасауына жағдай туғызуға және
экспортқа шығуын кеңейтуге
 жәрдемдесуi, соның
iшiнде қаржыландыруды құрылымдау, экспорттық
кредиттер, экспорттық сақтандыру
 және т.б. арқылы
көмектесуi тиiмдi болары анық.
      Төртiншiден, халықаралық
нарықта өздерiнiң "тауашасын" тауып, ондағы
берiк тұғырларын сақтай алатын жаңа өндiрiстердi
конкурстық негiзде венчурлық қаржыландыру үдерiсiн
 жан-жақты
ой елегiнен өткiзген дұрыс. Бүгiнгi таңда "Қазынаның"
қолында Қазақстан экономикасының бәсекеге
қабiлеттi жаңа өндiрiстерi мен секторларын жасақтау үшiн
алуан түрлi құралдар
 болуға тиiс.
      Бесiншiден, Қор
қызметiнiң маңызды бағыттарының бiрi тиiстi
халықаралық компанияларды экспорттық әлеуетi жоғары
бiрлескен өндiрiстерге тарту
 болуы керек.
      Алтыншыдан, Қор барынша
экспорттық бағытта құрылған арнайы экономикалық
және индустриалдық аймақтарға, технопарктерге
 отандық
және шетелдiк бизнестi белсене тартуға тиiс.
      Жетiншiден, биылғы
жылы Қорлардың қорын құру, соның iшiнде
шетел қаржы институттарының қатысуымен құру қажет.

      "ҚазАгро"

      "ҚазАгро"
ұлттық холдингi жұмысының негiзiне де
 осындай
пайымның алынғаны абзал.
      Бiрiншiден, "ҚазАгроның"
негiзгi мiндетi - ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгi деңгейiн
арттыра беру, жердiң тозуына жол бермеу, елiмiздiң су және
басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн  арттыру,
 сонымен
қатар ескiрген аграрлық технологиялардың қолданылуына
тосқауыл қою, аграрлық ғылымның дамуындағы
баяулықты, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының
бытыраңқылығын еңсеру мәселелерiн жүйелi түрде
шешу.
      Екiншiден, "ҚазАгро"
алға қойылған мiндеттердiң ауқымында ауыл
шаруашылығымыздың барлық салаларына сапалы талдау жүргiзiп, бiрiншi
кезекте дамыту қажет болатын бағыттарды айқындауға мiндеттi.
Айталық, бүкiл дүние жүзiнде жедел дамытыла бастаған
ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң жаңа нарығы пайда
болды, бұлар - экологиялық таза өнiмдер, жаңа өндiрiстер
және т.т.
      Үшiншiден, "ҚазАгро"
таяу уақыттың iшiнде экспорттық әлеуетi бар
байырғы және бүгiнгi ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерiн
қаржыландыру жүйесiн әзiрлеп, iске асыруға тиiс.
 Мұндай
қаржыландыру нысаналы болуы әрi ескiрген агротехнологияларды
алмастыруды және жоғары технологиялық агроөнеркәсiп
құруды көздеуi керек.
 Бұл үдерiске
операторлар ретiнде екiншi деңгейдегi банктердi тарту қажеттiгiнiң
тууы да мүмкiн.
      Барлық мемхолдингтердiң, оларға
кiретiн ұлттық компаниялар мен басқа ұйымдардың
басты мiндетi корпоративтiк басқарудың халықаралық
iс-тәжiрибесiн енгiзу, есептiлiк пен ашықтық қағидаттары
арқылы
 бәрiнiң де қызметiн ретке келтiру болып
қала бередi.

     
Олар бүкiл Қазақстан бизнесi үшiн корпоративтiк мiнез-құлықтың өнегесiне айналуы
шарт.
      Бiрiншiден, мемхолдингтердiң
жұмысы Корпоративтiк басқару кодексiне сәйкес
құрылуы мiндет.
      Екiншiден, мемхолдингтер
қызметiнiң ашықтығы деңгейiн көтере беру қажет.
 Қоғам
бұл компаниялардың стратегиясы, олардың меншiгiнiң құрылымы,
қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi және
тағы басқалары туралы ақпаратқа қанық болуы
керек.
      Үшiншiден, мемхолдингтердiң
шаруашылық қызметi, кадрларын iрiктеуi және т.б. ашық 
конкурстық ресiмдер негiзiнде
 жүзеге асырылуға тиiс.
      Төртiншiден, пәрмендi
стратегия жүргiзу және басқару, қаржы мен  қызмет
нәтижелерiне тиiмдi бақылауды жүзеге асыру үшiн Директорлар
кеңесiнiң ұтымды жұмысын
 қамтамасыз ету
шарт.
      Бесiншiден, бiздiң
ойымызша, мiнсiз беделi бар тәуелсiз аудитордың қатысуымен
мемхолдингтер жұмысының нәтижесiне жүргiзiлетiн жыл
сайынғы тексеру
 айқын, ашық жүйелiлiктi қамтамасыз
етуге және осы холдингтер қызметiне жария баға беруге жәрдемдесетiн
болады.
      Мұндай қағидаттар барлық
мемхолдингтер жұмысында арна тартуға тиiс. Мемхолдингтер
басшыларына 2007 жылғы тамыздан кешiктiрмей, өздерiнiң дамуы
мен жаңа құрылымының тұжырымдамасын Президенттiң
бекiтуiне ұсынуды тапсырамын. Стратегиялары мен құрылымдары
бекiтiлгеннен кейiн "Самұрық", "Қазына",
"ҚазАгро" алдарына қойылған мiндеттердi iске асыруға
кiрiсулерi керек, жұмыстарының нәтижелерi үшiн олардың
басшылары жеке дара жауап беретiн болады.

 Бесiншi бағыт
- Өндiрушi сектордың тиiмдiлiгi мен

макроэкономикалық қайтарымын едәуiр
арттыру

     
Бiз алдағы уақытта да жауапты әрi өзара тиiмдi
энергетикалық саясат жүргiзу ниетiндемiз.

      Көмiрсутегi секторын одан әрi
дамытуды, шетелдiк және жергiлiктi инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандырумен
тiкелей байланыста қарап,
 жаңа, келешегi зор өндiрiстер
құру жөнiндегi аса маңызды мiндеттердi осыған
орай шешу керек.
      Үкiмет бiздiң табиғи
ресурстарымызбен жұмыс iстейтiн iрi инвесторлардың алдына олардың
Қазақстанды индустрияландыруға  үлкен әрi нақтылы
үлес қосуы жайында мәселе қоюы керек, қажет болған
жағдайда тиiстi Заң жобасын енгiзуiмiзге болады.
      Бiз, ең алдымен, Қазақстанның
ұлттық басымдықтарын негiзге аламыз. Бұл ретте бiз өзiмiздiң
көршiлерiмiз бен халықаралық әрiптестерiмiздiң тұрақтылығын,
болжамдылығын
 және ұзақ мерзiмдi мүдделестiгiн
қамтамасыз етемiз.
      Қазақстанның өңiрлiк
энергетикалық кеңiстiктегi тұғырын одан әрi нығайтудың
тыңғылықты стратегиясын
 әзiрлейтiн уақыт
жеттi.
      Бiрiншiден, Үкiмет
мемхолдингтермен бiрлесiп, қазақстандық энергияны
экспортқа шығарушылардың халықаралық нарыққа
баруын көтермелеу мен қамтамасыз ету
 жөнiнде нақтылы
шаралар қолдануға тиiс.
      Екiншiден, Үкiмет газ
өндiру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы
 және
оны iске асырудың заңнамалық негiзiн жасауы керек.
      Үшiншiден, энергетиканы
iркiлiссiз жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн өз көршiлерiмiзбен
тығыз келiссөздер жүргiзiп, оларды Орталық
Азияда өңiрдегi мемлекеттердiң энергетикалық желiлерiнiң
кешендi жүйесiн жасақтау тиiмдi болатынына,
 сондай-ақ өңiрлiк
және халықаралық энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ететiн нарықтық жүйе жасауға жәрдемдесетiн
Энергетикалық қауiпсiздiк жөнiндегi кеңес құрудың
да маңызды екенiне иландыруымыз керек
. Бұл өңiрдегi
барлық елдердiң мүддесiне сай келедi.
      Төртiншiден, өзiмiздiң
табиғи ресурстарымызды парасатты пайдалану және қоршаған
ортаны ластау, ескiрген әрi "кiршең" технологияларды
 бақылаусыз
әкелу, қалпына келетiн ресурстарды ұқыпсыз жұмсау секiлдi
және т.б. проблемаларды шешу үшiн өтiмдi заңнамалық
негiз қалыптастыру қажет.
      Каспий айлағында мұнай кен орындарын
игеру барысында табиғат қорғауға бағытталған
заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту мiндет. Үкiмет
көмiрсутегiн өндiру кезiнде қатаң экологиялық
стандарттарды сақтауға мiндеттейтiн "Жасыл мұнай" қағидаты
бойынша халықаралық сертификаттар енгiзу мәселесiн қарауы
керек.

       Бiздiң
энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесi
энергия өнiмдерiне қосылған құнды ұлғайту арқылы
осы секторлардың түсiмдiлiгiн арттыру. Әсiресе, мұнай-химия, газ
ресурстары, экспорттық энергия арналары
 секiлдi басымдықты
секторларды басқару барынша пәрмендi болғаны шарт.
      Бiрiншiден, Энергетика
және минералдық ресурстар министрлiгi мұнай мен газ өңдеу
кәсiпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия
өндiрiстерiн жасақтау жөнiндегi бағдарламалар
 әзiрлеп,
оларды iске асыруы керек. Бiз мұнай мен газ секторында қосылған
құны жоғары, сондай-ақ iлеспе және iргелес өндiрiстердi
 дамытуға
тиiспiз.
      Үкiметтiң осы министрлiктi
елiмiз экономикасының қазiргi кезеңдегi негiзгi саласы -
энергетиканың небiр күрделi  мәселелерiн шешуге қабiлеттi
заманалық тұрпаттағы кадрлармен толықтыруы керек.
      Екiншiден, Энергетика
министрлiгi басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, энергия үнемдейтiн
технологияларға көшу
 жөнiндегi практикалық
шаралар бағдарламасын әзiрлеуге мiндеттi. Табиғи
ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың мұндай
 технологиялары
мен бағдарламаларын енгiзудi экономикалық, әлеуметтiк және
экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын
сақтай отырып жүзеге асырған абзал. Мұндай бағдарламада,
айталық, энергетика өндiрiсi мен тұтыну қалдықтарын
төгу мен кәдеге жаратуға қатаң мемлекеттiк бақылау
 енгiзу,
кәсiпкерлердiң экологиялық нормаларды сақтау жөнiндегi
контрактiлiк мiндеттемелерiн орындауы, қалдығы аз
технологиялар енгiзу
 мен т.б. мәселелер көзделуi мүмкiн.
      Үшiншiден, Энергетика
және минералдық ресурстар министрлiгi осы жылдың соңына
дейiн мұнай мен газ саласында теңдестiре өндiру мен
экспортқа шығаруға, сонымен бiр мезгiлде көмiрсутегi жаңа
кен орындарын барлау мен iздестiруге және мұнай-газ ресурстарын
пайдаланудың жаңа әдiстерiн пайдалануға бағытталған
жаңа даму стратегиясын әзiрлеуге мiндеттi.

      Төртiншiден, заңнамалық
базаны жетiлдiрiп, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын
пайдалануы мен мiндеттемелерiн орындауының  кешендi мониторингiн
 жүзеге
асыру қажет. Үкiмет бюрократиялық келеңсiздiктерге
жол бермеуге, рұқсат берушi құжаттар тiзбесiн қысқартып,
жер қойнауын пайдаланушыларға құқық беру тәртiбiн
оңайлатуға
 тиiс.
      Бесiншiден, Үкiметтiң
iрi кәсiпорындардың әлеуметтiк мiндеттемелерiн
орындау және бiлiктi шетелдiк жұмыс күшiн қазақстандық
мамандармен алмастыру жөнiндегi
 контрактiлiк мiндеттемелерiне бақылау
жүйесiн жетiлдiруi керек.

 Алтыншы бағыт
- Қаржы жүйесiнiң ырықтандыру жағдайындағы

тұрлаулылығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң
жаңа деңгейi

      Бiрiншiден, бiздiң банктерiмiз жергiлiктi
нарықтағы, сондай-ақ өңiрлiк әрi халықаралық
жобалардағы бәсекелестiк күреске әзiр
 болуы
керек. Бiздiң қаржы жүйемiзге резидент еместердiң
келуiне байланысты бiрқатар шектеулердi
 бiз Қазақстанның
БСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөздердiң барысында
алып тастадық.
      Екiншiден, Қазақстанның
банк жүйесi тарапынан экономиканың келешегi бар
секторларына нарықтық тұрғыдан тиiмдi қолдау көрсетуi
үшiн
 жағдай жасау және банктердiң өңiрлiк
экономикалық жобаларға,
 соның iшiнде мемлекеттiк -
жеке меншiк серiктестiк шеңберiнде қатысуын күшейту
қажет.
      Үшiншiден, екiншi
деңгейдегi қуатты банктердiң капиталын ұлттық ауқымдағы,
әсiресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және
"ұшқыр" жобалардың iске асырылуына тарту
 туралы
маңызды мәселенi шешу керек.
      Төртiншiден, капиталдың
жылжуы саласындағы негiзсiз шектеулердi алып тастау жайындағы мәселеге
 тағы
да қайта оралуымыз қажет. Бұл мәселенi Қазақстанның
оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттiгiн
 ескере
отырып қарастырған дұрыс. Бiздiң банктерiмiз сыртқы
қаржыландыруға шамадан тыс үмiт артады, мұның өзi
елiмiздiң жиынтық сыртқы берешегiнiң бақылаусыз өсiп
кетуiне әкелiп  соқтыруы ықтимал.
      Бесiншiден, бiз
тиiмдi жұмыс iстейтiн қор нарығын құруымыз
керек. Халықты өзiнiң жинақтауларын құнды қағаздарға
салуға кеңiнен тартпайынша, оның дамуы мүмкiн
емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әлiппесiне
нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыс жүргiзу де
қажет.

      Алтыншыдан, электрондық
банк қызметiнiң инфрақұрылымын
 кеңейту үшiн
заңнамалық негiздi одан әрi жетiлдiру электрондық
сауданы дамытудың қуатты факторына айналады.
      Үкiмет Қаржы қадағалау
агенттiгiмен бiрлесiп, осындай жұмысты жүргiзудiң стратегиясы
мен қажеттi заңнамалық iргесiн сомдауға мiндеттi.

 Жетiншi бағыт
- Қазақстан үшiн тиiмдi жағдайларда БСҰ-ға
кiру

     
Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестiк
тұғырларын көп ретте оның Бүкiлдүниежүзiлiк
сауда ұйымына кiруiне байланысты
 айқындалатын болады. Бұл
мiндеттi бiз бiрнеше жыл бойы дәйектi түрде шешудемiз, әрi
тиянақтауға да тақаумыз.
      Бiрiншiден, елiмiздiң
ұлттық мүдделерiн ескере келгенде, биылғы жылдың
соңына дейiн Қазақстанның заңнамасын БСҰ-ның
мiндеттi келiсiмдерiнiң нормаларына сәйкес келтiру қажет.

      Екiншiден, Қазақстанның
БСҰ-ға кiруiнiң барысында Үкiмет аграрлық
секторды қолдаудың қажеттi деңгейiн сақтап қалуы
және өнеркәсiп орындарын БСҰ жағдайында тиiмдi жұмыс
iстеуге дайындау жөнiндегi тиiстi бейiмдеу шараларын
 iске асыруы
керек.
      Үшiншiден, кедендiк
әкiмгерлiктi жетiлдiру мен кеден қызметi мамандарының осы
заманғы талаптарға кәсiби сәйкестiгiн
 қамтамасыз
ету жөнiнде нақтылы, пәрмендi және жүйелi шаралар
әзiрлеу қажет. Бiз экономиканың ашықтығы,
өңiр елдерiнiң арасындағы кедендiк кедергiлердi азайту
және өңiрдегi сыртқы тарифтердiң бiрыңғай
деңгейiн белгiлеу
 саясатын жүргiзуге тиiспiз. Осы және
басқа да мақсаттарға арнап, мемлекет соңғы
жылдары өзiмiздiң кеден жүйесiне едәуiр қаржы бөлiп
келедi.
      Төртiншiден, барлық
заңды тұлғалардың қаржылық есептiлiктiң
халықаралық стандарттарына көшуi 
үдерiсiн
жеделдету керек.
      Бесiншiден, Үкiмет
"Атамекен" одағымен бiрлесiп, таяудағы уақытта
экономиканың барлық секторларындағы өзiмiздiң
өндiрiсшiлер мен кәсiпкерлерiмiз үшiн
 тиiстi ұсыныстар
әзiрлеуге тиiс. 

 II. Әртараптандыру,
инфрақұрылымдық дамыту және жоғары

технологиялық одан әрi
индустрияландыру негiздерiн жасау

арқылы Қазақстан экономикасының
өсуi мен тұрлаулылығын

басқаруға бағытталған
мемлекеттiк саясат

 Сегiзiншi бағыт
- Экономиканы әртараптандыру және шикiзаттық

емес секторды дамыту

     
Үкiмет экономиканың басымдықты шикiзаттық емес
секторларындағы "ұшқыр" инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруға
 баса назар аударуға
мiндеттi.
      Бiз "жинақтауларымызды өсiруден" ендiгi
жерде "өсудi басқаруға" көшуiмiз
керек, мұның өзi, ең алдымен, инфрақұрылымды
дамытуға бағытталған саясат жүргiзу және Қазақстан
экономикасын бiртiндеп одан әрi индустрияландыруға көшiру
деген сөз.
      Бiрiншiден, Үкiмет нақтылы
еселемелi тиiмдiлiк беретiн жаңа технологиялық және жүйе
құрайтын өндiрiстердi
 дамытуға қажеттi
жағдай туғызуға тиiс. Мұндай өндiрiстердiң,
айталық, мұнай-газ машиналары, арнайы құймалар өндiрiстерiн,
биохимиялық және мұнай-химия өнiмдерi, тамақ, тоқыма,
ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу, құрылыс
материалдары өндiрiстерiн және басқаларын қамтуы мүмкiн.
      Екiншiден, аграрлық
саясат саласында Үкiметтiң агроөнеркәсiп кешенi салаларының
өнiмдiлiгi мен кiрiсiн өсiру, отандық өнiмнiң ұлттық
бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту есебiнен оны тұрлаулы
дамыту бағдарламасын
 iске асыруы керек.
      Үшiншiден, заңнамалық
базаны жетiлдiре отырып, жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын
пайдаланушылардың мiндеттемелерiн атқаруының кешендi
мониторингiн
 жүзеге асыру мiндет.
      Төртiншiден, Үкiмет жер
қойнауын пайдалану, машина жасау және ауыр индустрия салаларында қазақстандық
қызмет көрсету нарығын дамыту
 жөнiнде пәрмендi
шаралар әзiрлеуге тиiс.
      Үкiмет пен мемхолдингтерге
"Атамекен" Кәсiпкерлер одағымен ақылдасып, аса iрi
компаниялар үшiн олардың индустриалдық әртараптандыру
стратегияларын қалыптастыру жөнiндегi талаптар мен ұсыныстарды
тұжырымдауды тапсырамын.

 Тоғызыншы
бағыт - Жоғары технологияларды енгiзуге және

инновацияларды қолдауға бағытталған
бiртұтас мемлекеттiк

стратегия жүргiзу

      Бiрiншiден, өзiмiздiң бәсекелестiк
артықшылықтарымызды негiзге ала отырып, технологиялар
алмастыруларын белсендi әрi байыпты жүргiзуiмiз керек.
 Сырттан
жаңа технологиялар әкелiп, оларды жетiлдiрудi жүзеге
асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзiрлемелердi өндiрiске
енгiзумен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының
желiлерiн құруға жәрдемдесу қажет.
      Екiншiден, жоғары
технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның
iшiнде венчурлық негiзде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар
жасақтау
 керек. Қазақстан ғалымдарының үздiк
әзiрлемелерiнiң "сыртқа" кетуiне жол беруге
болмайды.
      Үшiншiден, Қазақстан
бизнесiнiң инновациялық белсендiлiгiн көтермелеу
 шарт.
Ғылыми-зерттеу және конструкторлық күш-қуаты жеке
меншiк сектордан өрiс алғаны жақсы.
      Төртiншiден, зерттеу
жұмыстарына мемлекеттiк тапсырыстар жасауды бiр жүйеге келтiру қажет,
сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесiне экономиканың
нақтылы секторында сұраныс туатын болады.
      Бесiншiден, зияткерлiк
меншiк пен сауда таңбаларының қорғалуын нығайтып,
 технологиялық
секторды дамытуға жәрдемдесу керек. Танысу мен қаржыландыру үшiн
ашық болатын инновациялар мен патенттер банкiн құру қажет.

 Оныншы бағыт
- Экономикалық өсу мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң

өңiрлiк орталықтарын қалыптастыру
және олардың жұмысқа

кiрiсуi

     
Едәуiр экономикалық әлеуетi бар алдыңғы қатарлы
қалаларды басымдықпен дамыту есебiнен экономикалық өсу
мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң өңiрлiк орталықтары
мен "өзектi арналарын"
 үйлесiмдi қалыптастыру
өңiрлiк дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Үкiмет тұтас алғанда ел экономикасын өркендетудiң
орталықтары ретiнде дамыту үшiн олардың мүмкiндiктерiн
зерделей келiп осындай орталықтарды анықтауға тиiс.
      Небәрi он жылдың iшiнде шалғайдағы
шағын қаладан осы заманғы мүмкiндiгi мол шаһарға
айналған бiздiң байтағымыз  Астананың экономикалық
өркендеудiң аса маңызды орталығына айналғаны, әлбетте,
 қазақстандықтарға 
ғана емес, баршаға аян.
      Егер бiз әлемнiң айтулы
астаналарымен шындап бәсекеге түскiмiз келедi екен, онда өзiмiздiң
осы мүмкiндiктерiмiздi одан әрi еселей беруiмiз керек.
      Бiрiншiден, Астананың оңтүстiк
шығыс бағытындағы оң және сол жағалауда
кемiнде екi жаңа орталық салуға кiрiсуiмiз
керек.
      Екiншiден, Астанадағы
Ұлттық биотехнологиялар орталығы жаңа ғылыми
кешенiнiң
 құрылыс қарқынын жеделдетудiң
маңызы үлкен.
      Үшiншiден, Үкiмет
жаңадан iске қосылатын әлемдiк деңгейдегi республикалық
ғылыми инновациялық медицина орталықтарының
негiзiнде Астанада медициналық кластер құру жөнiндегi бағдарламаны
жүзеге асыруды жалғастыра беруi керек.
      Төртiншiден, Астанада
құрлықтағы су ресурстарын зерттеу мен қорғау
мәселелерiн кешендi тұрғыда шешуге тиiс Еуразиялық
су орталығын 
құру қажет.
      Астана қаласының әкiмi мен Үкiметке
орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңде қол жеткiзуге
болатын әлеуметтiк-экономикалық дамудың нақты
серiппелерiн
 айқындауды тапсырамын.

      Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк
корпорациялар туралы
 мәселе де - көкейкестi мәселе.
      Бiз инфрақұрылымды дамытуды, еңбек
ресурстарының жинақылығын және өңiрлердiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтерудi қамтамасыз ету әрi
солардың негiзiнде "өсу тетiктерiн" қалыптастыру арқылы Қазақстанның
кеңiстiктiк шоғырлануына
 қол жеткiзу мақсатын
алдымызға қойып отырмыз.
      Бiрiншiден, бұл
мiндеттi Қазақстанды өңiрдiң "экономикалық
жолбасшысына" әрi осы заманғы қызмет көрсету мен
жоғары технологиялық индустрия орталығына айналдыру арқылы
iске асыру мiндет. Мемлекеттiк және жеке секторлардың
топтасуы үдерiсiн пайдаланып,
 айталық, қазiрде құрылған
"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясын ескере
отырып, мәселен,  Астана қаласы, Ақмола мен Қарағанды
облыстарының нысаналы өңiрлiк даму жоспарларын жасау
негiзiнде
 нақтылы "өсу орталықтарын" құру
қажет.
      Екiншiден, мұндай
"экономикалық өсу орталықтары" барлық
қажеттi әлеуметтiк инфрақұрылыммен қамтамасыз
етiлуге 
тиiс, онда мектепке дейiнгi, орта және кәсiптiк-техникалық бiлiм
беруге баса көңiл бөлiнуi
 керек.
      Үшiншiден, "өсу
тұғырларын" сонымен қатар әлеуметтiк-кәсiпкерлiк
корпорациялар (ӘКК) желiсiн дамыту
 негiзiнде де жасақтаған
дұрыс. Олардың қызметi аграрлық, көлiк-логистикалық
және басқа секторларда инвестициялық және инновациялық
жобаларды жүзеге асыруды көздейдi. Үкiметтiң ӘКК-ге
қажеттi мемлекеттiк меншiк пен активтердi берiп, кәсiпкерлердiң
қатысуымен корпорацияларды дамыту мәселелерiн шешкенi дұрыс.
      Үкiмет пен әкiмдер бiрлесiп, бiздiң
өнеркәсiптi, сауда мен жоғары технологияларды дамыту жөнiндегi
жоспарларымызды ескере отырып, осы орталықтарда өнеркәсiп
орындары мен индустриалдық аймақтарды орналастыру
 жөнiнде
нақты ұсыныстар әзiрлеуге тиiс.

 Он бiрiншi бағыт
- Мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiктiң

негiзiнде стратегиялық инфрақұрылымды
дамыту, сондай-ақ осы

саладағы басқару сапасын көтеру

     
Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп, осы заманғы инфрақұрылымды
дамыту жоспарын әзiрлеудi тапсырамын, бұл жоспар: 

      - бiздiң халықаралық
инфрақұрылымдық нарыққа кiрiгуiмiздiң 

      - өңiрлердiң
экономикалық белсендiлiк орталықтарын дамыту; 

      - көлiктiң алуан түрлерi
арасындағы технологиялық өзара ықпалдастығы; 

      - бизнес пен азаматтардың шығасысын
кемiту
  мiндеттерiн жүзеге асыруды көздейдi.
      Бұл жоспарды iске асыру үшiн бiз
мемлекеттiк холдингтердiң мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға
және мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк негiзiнде инфрақұрылымдық
даму тетiгiн қалыптастыруға
 тиiспiз.
      Бiрiншiден, бiздiң
көлiк инфрақұрылымын нысаналы түрде қолдап, жаңартып
және кеңейтiп отыруымыз керек. Бiз елiмiздiң транзиттiк әлеуетiн
барынша пайдалануға тиiспiз, бұл үшiн өзiмiздiң көлiк
жүйемiздi әлемдiк жүйеге кiрiктiруiмiз керек.

      Екiншiден, әуе
тасымалы саласын
 белсендi дамыту керек. Бiз аэропорттарымыз
бен авиация саласын ұлттық экономиканың  талаптары мен
халықаралық деңгейге сәйкес келтiруiмiз
 қажет.
Әуе қызметiнiң сапасын, қауiпсiздiгiн арттыру және
құнын төмендету үшiн жергiлiктi авиация нарығындағы
бәсекелестiктi дамыту үшiн барлық жағдай жасалуы керек.
      Осы инфрақұрылымды дамытудың
тиiстi бағдарламасы 2007 жылдың соңына дейiн әзiрленуге
тиiс.
      Үшiншiден, темiр
жол тасымалы мен оны басқаруды кезең-кезеңiмен нарық
негiзiне көшiру арқылы елiмiздiң темiр жолдары желiсiн жаңарту
 турасында
әңгiме қозғаған орынды. Бұл орайда Темiр
жол көлiк-логистикалық орталықтары
 осындай көлiк
қызметiне деген бүгiнгi және болашақтағы сұраныс
ескерiлетiндей деңгейде құрылып, кеңейтiлуге
тиiс.  Темiр жол саласы қауiпсiздiгi, жеткiзу мен қызмет
көрсету шапшаңдығы
 жағынан әлемдiк
стандарттарға, ал тарифi жөнiнен саланың негiздi талаптарына
сәйкес болуға тиiс.
      Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi "Самұрық" мемхолдингiмен бiрлесiп, қолданыста
жүрген Темiр жол көлiгiндегi тасымалдау ережелерiн қайта қарап, экономикалық
дамуымыздың неғұрлым жоғары деңгейiне сәйкес
келетiн жаңа ережелерiн әзiрлеуi керек.
      Төртiншiден, телекоммуникациялар
саласында монополиясыздандыру мен еркiн бәсекенi дамыту
 жөнiнде
жүйелi жұмыс жүргiзу мiндетi алда тұр. Бұл салаға
басқа инвесторлардың келуi үшiн тарифтердi қайта теңдестiру
жұмысын да аяқтайтын кез жеттi. Әлемдiк желiнiң
бiздiң мектептерiмiзге, кәсiпорындарымыз бен үйлерiмiзге
келуiн көбейткiмiз
 келсе, интернет-қызметтiң құнын
төмендету үшiн жағдай туғызу керек.
      Бесiншiден, су
көлiгi инфрақұрылымын дамытуға да  дәл
осындай жауапты тұрғыдан келу қажет.
 Каспий айлағының
қарқынды игерiлуi жаңа порттар мен теңiз көлiк
кемелерiн
 керексiнедi. Кеме жасау верфьтерiнiң жаңа
қуаттарын жасақтау мен қолданыстағы теңiз бен өзен
порттарын жаңарту
 бағдарламаларын iске асырған жөн.
      Алтыншыдан, автокөлiк
инфрақұрылымын дамыту туралы.
 Өткен жылы Автомобиль
жолдары саласын 2012 жылға дейiн дамыту бағдарламасын iске асыру қолға
алынды. Автожол саласын қаржыландыруға мемлекет тұңғыш
рет 10 млрд. дерлiк АҚШ долларын бөлiп отыр. Бұл
инфрақұрылымды дамыту қозғалыс қауiпсiздiгiн
арттырып, жолдағы жарақаттану қатерiн азайта бередi.

      Үкiмет жарты жылдың iшiнде халықаралық
маңызы бар негiзгi автожолдарды
 халықаралық
стандарттарға сәйкес келтiруге қажеттi стратегия әзiрлеуi
керек. Сонымен қатар көлiк-логистикалық кластердi дамыту ауқымында Батыс
Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның
аумағы арқылы өтетiн автомобиль жолы
 салынуға
тиiс.
      Сонымен бiрге Қазақстанның ең
шалғай елдi мекендерiне жетуiмiздi жеңiлдететiн жергiлiктi
маңызы бар жолдар желiсiн жедел кеңейтуiмiз
 қажет.

 Он екiншi бағыт
- Электроэнергетикалық ресурстарды дамыту

және атом энергетикасының негiздерiн
жасау

     
Бүгiнгi таңда Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды,
Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласын электр қуатымен
қамтамасыз ету аса өзектi мәселе болып тұр.
      Бiрiншiден, көршiлес
елдердiң қуаттарын тарту арқылы өзiмiздiң
энергиясы мол және энергиясы тапшы өңiрлерiмiздiң
арасында электр қуатын қайта бөлу мәселесiн
 теңдестiре
шешiп, энергия үнемдейтiн технологияларға көшуiмiз қажет.
      Екiншiден, электр
энергетикасы саласын
 дәйектi түрде жаңарту, қуаттардың
тозуы мен жетiмсiздiгi
 проблемасын шешу, жаңа өндiрiстердi
дамыту, жұмыс iстеп тұрған жабдықтар мен электр
энергиясын беретiн желiлердi кеңейту мен жаңғырту
 үшiн
жағдай туғызу қажет.
      Үшiншiден, энергия
көздерiн әртараптандыру елiмiздiң бүкiл аумағындағы
тұрақты даму үшiн ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында атом
энергетикасын дамыту
 қажет болады. Сөйтiп, Қазақстанда
атом электр станциясы құрылысының
 техникалық
экономикалық негiздемесiн әзiрлеу қажеттiгi туып отыр.
      Төртiншiден, Норвегия
мен Швецияның үлгiсi бойынша энергетикалық одақ
шеңберiнде
 iргелес жатқан мемлекеттермен энергетикалық
биржа
 құру мүмкiндiгiн де қарастыру қажет.
      Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгiне 2007 жылдың соңына дейiн өңiрлердiң
энергетикалық қажеттiлiктерiн шешу үшiн жұмыс
iстеп тұрған электр станцияларының қуаттарын ұлғайту,
жаңа ұқсатушы қуаттар салу мен электр өткiзетiн
желiлердi оңтайландыру
 жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеудi
тапсырамын. Елiмiздiң оңтүстiгiн энергиямен жабдықтауда
жүйелi әрi нақты қадамдар жасайтын уақыт жеттi.
      Сонымен қатар электр энергиясын
тиiмдi пайдалануды ынталандыруға,
 сондай-ақ энергетика
саласына энергия үнемдейтiн,
 соның iшiнде ғылыми
қамтымды технологияларды енгiзу тетiктерiн
 әзiрлеуге бағытталған
экономикалық және әкiмшiлiк шаралар да жұмысымыздың
маңызды бағыттары болуы керек.

 Он үшiншi
бағыт - Шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi

дәйектi iс-қимыл

      Бiрiншiден, Үкiмет iскерлiк
бастамашылық жолында заңнамалық, әкiмшiлiк және
бюрократиялық кедергiлердiң
 қашан және қалай
пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын
және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай
да бiр негiзсiз есептi болуына жол бермеуге
 тиiс. Сонымен қатар,
салық заңнамасының кәсiпкерлiктiң дамуын
толығымен ынталандыруы,
 сондай-ақ бизнестiң
"қалтарыстан" шығуына жәрдемдесуi
 үшiн
одан әрi жетiлдiре түсу қажет.
      Екiншiден, бiз әдiл
бәсекелестiк орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың
бәрiне бiрдей жағдай туғызу
 жөнiндегi жұмысты
тиянақтауға тиiстiмiз. Үкiметке антимонополиялық заңнамаға
кешендi тексерiс жүргiзiп, бәсекенi шектеу мен нарыққа
қатысушылардың ымыраластығы фактiлерiн анықтаудың, 
 экономикамыздың
iргелi салаларын "жасырын" монополияландыруға
жол бермеудiң айқын тетiктерiн жасауды,
 сондай-ақ айыппұл
санкцияларын қолдану туралы тиiстi ұсыныстар әзiрлеудi
 тапсырамын.
      Үшiншiден, бiз
табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиiспiз,
бiздiң тиiстi салалардағы бәсекелестiк қатынастарды құрылымсыздандыру
мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерiн
жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып
қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темiр жол көлiгi
мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлiгi,
сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсiз
салалық реттегiштер жасақтауымыз керек.
      Төртiншiден, жаңа
кәсiпорындар мен компаниялар құру барысын жетiлдiру қажет.
Мәселен, "жалғыз терезе" жүйесiнiң
шеңберiнде кәсiпкерге фирманы екi-үш күннiң
iшiнде тiркете алатындай жағдай туғызу
 керек.
      Бесiншiден, тұрлаулы
және серпiндi экономикалық өсу үшiн бiздiң Қазақстанның
шағын және орта бизнесiнiң жоғары сапалы өнiмдерi
мен қызметiне сұраныс туғызудың тегершiгi ретiнде
мемлекет пен мемкомпаниялардың ресурстарын жариялы әрi конкурстық
негiзде белсендiрек пайдалануымыз
 қажет.
      Алтыншыдан, жаңа
өндiрiстердi ашық және жариялы конкурстық негiзде
дамыту үшiн
 арнаулы бағдарламалар әзiрлеу тиiмдi,
онда үздiк бизнес-идеялар жаңа бизнес қалыптастыру, айталық,
заңгерлiк және консультациялық шығындарды жабу үшiн қаржылық
және техникалық қолдау 
алар едi. Бұл мiндет
"Қазына" қорына қатысты деп ойлаймын.

 Он төртiншi
бағыт - Халықаралық талаптарға сай келетiн

техникалық стандарттарды жедел әрi
барлық жерлерде енгiзу

     
Қазақстанның халықаралық экономикалық
өрiстегi бәсекеге толымды қатысуы халықаралық
техникалық стандарттар талаптарын
 орындауды талап етедi.
      Техникалық стандарттау өнiм
мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ретiнде
 ғана
емес, бiздiң тауарларымыз бен қызметiмiздiң жаһандық
экономикадағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн жүзеге
асырудың мiндеттi шарты ретiнде де
 қарастырылуы керек.
      Қазақстан экономикасын стандарттау ғылым
мен техниканың және практикалық тәжiрибенiң соңғы
жетiстiктерi негiзiнде жүргiзiлiп, көптеген халық
шаруашылық, салалық және iшкi өндiрiстiк мiндеттердiң
оңтайлы шешiмдерiн
 айқындауға тиiс.
      Индустрия және сауда министрлiгiне: 
      бiрiншiден, Техникалық
реттеу туралы заңды атқару турасында жинақталған iс-тәжiрибенiң
нәтижелерiн талдауды; және
      екiншiден, алты
айдың iшiнде халықаралық стандарттау тәртiбi
мен ережелерiн практикалық қолданысқа енгiзу
 жөнiнде
жұмыс жүргiзудi тапсырамын.

 Он бесiншi бағыт
- Жеке меншiк институтын және контрактiлiк

қатынастарды дамыту

      Жеке
меншiк институты мен контрактiлiк қатынастарды жан-жақты нығайту
жөнiндегi бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмысты жалғастыра
беру қажеттiгiн
 тағы да атап көрсеткiм келер едi.
      Бiрiншiден, бұл
салада құқықтық база мен құқық
қолданудың iс-тәжiрибесiн дамыту
 бiрiншi кезектегi
мiндеттердiң қатарына жататыны даусыз. Заңнамалық
актiлердiң тиiстi дестесiн әзiрлеудi тапсырамын. Таяуда
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" (жаңа
редакциясы), "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мәселелерi
бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң
жобалары қабылданады деген ойдамын.
      Екiншiден, барлық
деңгейлерде жеке меншiк институты мен контрактiлiк қатынастарға
құрмет сезiмiн тәрбиелеу керек,
 ол үшiн
мемлекеттiң, бiлiм беру мен сот жүйесiнiң қолындағы 
барлық тұтқалар атаулыны және тағы басқаларын
пайдалану қажет. Мен сондай-ақ өзiмiздiң
азаматтық қоғам институттарының сындарлы рөлiне
 үлкен
үмiт артамын, өйткенi жеке меншiк институтын нығайту
дегенiмiз - бiр мезгiлде адамның құқықтары мен
бостандықтарының кепiлдiктерi үшiн негiз қалау деген сөз.
      Үшiншiден, Үкiмет мемлекет
пен жеке меншiк серiктестiгiнiң
 ережесiн айқын анықтайтын контрактiлiк
қатынастарды жетiлдiруге
 қажеттi тиiстi шаралар қолдануға
тиiс.

 Он алтыншы бағыт
- Қазақстанды одан әрi индустрияландыру

негiздерiн қалыптастыру

     
Экономиканың өсуiн басқаруды бiз халықаралық нарықтың
осы заманғы талаптарына сай келетiн Қазақстанды одан әрi
индустрияландыру саясатының негiзiнде қамтамасыз етуге тиiспiз.
      Бiрiншiден, экономиканың
өндiрiстiк қуаттармен жарақталуы және елiмiздегi негiзгi
қордың ескiруi проблемасының
 ауқымын толық
көлемiнде бағалайтын талдау жүргiзу және негiзгi
құрал-жабдықтарды, өндiрiстiк инфрақұрылым
мен технологиялық үдерiстердi түбегейлi жаңартуға
 бағытталған
нақты iс-қимыл бағдарламасын әзiрлеу керек.
      Екiншiден, неғұрлым басымдықты
салалар мен кәсiпорындарды
  және оларды осы заманғы
негiзде  индустрияландыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн
шаралар жүйесiн
 анықтап алу керек.
      Үшiншiден, одан
әрi индустрияландыру барысында жетекшi рөл атқаруға
тиiс жеке меншiк секторды мемлекеттiк ынталандыру құралдарын
 әзiрлеу
қажет.
      Үкiметке 2008 жылдың соңына
дейiн  Индустриалдық - инновациялық стратегияны дамыту бағытында
Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен экспорттық мүмкiндiктерiн
сапалық жаңа деңгейге көтеру стратегиясымен етене ұштасатын
нысаналы жұмыс жүргiзудi тапсырамын.

 III. Еңбек
нарығының даму серпiнi мен келешегiне сәйкес

келетiн бiлiм беру мен кәсiптiк қайта
даярлаудың халықаралық

стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттiк саясат

 Он жетiншi бағыт
- Халықаралық стандарттарға орай бастауыш

және орта бiлiм беру, сондай-ақ
кадрларды қайта даярлау

жүйесiне жақындай беру

      Бiз бүкiл
елiмiз бойынша әлемдiк стандарттар деңгейiнде сапалы бiлiм
беру қызметiн көрсетуге
 қол жеткiзуiмiз керек.
      Бiрiншiден, 3
ауысымдық оқытуды жою керек.
 Таяудағы үш жылдың
өзiнде мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк негiзiнде Қазақстанның
өңiрлерiнде 100 мектеп салу қажет
.
      Екiншiден, оқытудың
тиiмдiлiгiн, әр оқушының бiлiм мен бiлiгi деңгейiн бағалаудың
бiрыңғай жүйесiн жасау
 керек.
      Үшiншiден, он-лайн
тәртiбiнде оқыту
 тәжiрибесiн дамытып, елiмiзде оқулық
теледидар
 құру қажет.
      Төртiншiден, оқу
жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бiрiншi кезекте, математика
мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер
енгiзу
 керек.
      Сонымен қатар жаратылыстану ғылыми
бейiнiндегi арнаулы сыныптар жүйесiн құруды көздеген жөн.
Үкiмет осы бағытқа қажеттi инвестициялар тартудың
тетiктерiн әзiрлейтiн болсын.
      Бесiншiден, мектептерге ағылшын
тiлiнiң
 шетелдiк оқытушыларын тарту қажет. Кез
келген ортанқол мектептiң балаларға ең жоғары деңгейде
шет тiлiн оқып үйренуiне жағдай жасайтындай дәрежесiне қол
жеткiзуiмiз мiндет.
      Алтыншыдан, жұмыстың
жоғары нәтижелерiне қол жеткiзген мектептерге гранттар тағайындау
жөнiнде мемлекеттiк конкурстар жүйесiн енгiзу туралы ойластырған
жөн,
 айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы
оқушыларға арналған стипендияларды қаржыландыру түрiнде
беруге болар едi.
      Үздiк оқытушылардың жұмысын
бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесiн
 ерекше
мұқият зерделеген де жөн. 

 Он сегiзiншi
бағыт - Оқу орындарын халықаралық стандарттар

деңгейiнде аттестациялауды енгiзу, жоғары
бiлiм беру

саласында дәл және инженерлiк ғылымды
басым дамыту

      Бiрiншiден, Үкiмет әрбiр жоғары
оқу орнындағы бiлiм беру сапасын әдiл бағалауға мүмкiндiк
беретiн халықаралық деңгейде оқу орнын
аттестациялау жүйесiн енгiзуге
 тиiс. Жоғары бiлiм
беру ұйымдарын
 халықаралық тiркеу үшiн беделдi
агенттiктердi тарту жөнiнде де ойланған жөн.
      Екiншiден, ғылымды
құрылымдық реформалау шеңберiнде бiрқатар
академиялық ғылыми мекемелердi алдыңғы қатарлы жоғары
оқу орындарымен бiрiктiрген тиiмдi,
 мұның өзi
бiлiм беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын
университеттер құруға негiз болар едi.
      Үшiншiден, Үкiмет оқытудың
мамандандырылған бағдарламалары мен дәл және инженерлiк
ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту
 үшiн
тиiстi нормативтiк құқықтық база әзiрлеуге
тиiс.
      Төртiншiден, Бiлiм
және ғылым министрлiгi мен Үкiметтiң тиiстi құрылымдары ғылыми-техникалық
оқыту бағдарламасын әзiрлеп, ақша қаражатын
тиiмдi пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердiң
қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық
және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестiрiлуiн 
нығайту қағидаттары бойынша оның iске асырылуын бақылауға
 алуы
керек.
      Бесiншiден, бiздiң шетелдердiң
мемлекеттiк даму институттарын белсендiрек тартып, сонымен қатар жеке
меншiк сектордың математикалық және ғылыми бiлiм беруге
кiрiгуi мен инвестицияларын көтермелеп 
отыруымыз қажет.
      Алтыншыдан, бiз
үшiн барынша мүдделiлiк туғызып отырған бiлiм беру
салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендiрек тарту
 өзiмiздiң
бiлiктi оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың
санын ұлғайту жөнiндегi стратегиямыздың  құрамдас
бөлiгi болуы керек.
      Жетiншiден, ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған
мамандандырылған бiлiм беру бағыттарын құру
 мiндетi
де алдымызда тұр.

 Он тоғызыншы
бағыт - "Парасатты экономика" негiздерiн

қалыптастыру

     
Дүниешаруашылық байланыстары жүйесiне белсене кiрiккен осы
заманғы белдi мемлекеттердiң барлығы дерлiк бәрiн
де "парасатты экономиканың" жолына тiккен едi. Ондай
экономика құру үшiн, ең алдымен, өзiмiздiң
"адами қазынамызды" молайтуымыз
 керек екенi анық.
      Бастапқы кезеңде бiз мыналарға
назар аударуымыз керек:
      Бiрiншiден, тұтас
алғанда әлемдiк технологиялық даму деңгейiне сәйкес
өзiмiздiң жаңа экономикамызға қажеттi бiлiмнiң
баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшiн
 iлгерi
талаптар қойып, тиiстi инфрақұрылым қалыптастыру қажет.
      Екiншiден, бiлiм
беру бағдарламаларын iске асыру мен ғылыми қолданбалы
зерттеулер жүргiзу үшiн инновациялық бiлiм беру
консорциумдарын құруға
 тiкелей қолдау көрсету
мiндет.
      Үшiншiден, ғылыми-зерттеу
институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттiң
немесе жеке меншiк сектордың ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға тапсырыстарын, гранттар, бiрлескен ғылыми
басылымдар және т.б. алу үшiн
 бiрлесiп, конкурстарға
қатысу практикасын кеңейте беру қажет.
      Төртiншiден, жаңа
технологиялар берушi компанияларға осы технологиялармен жұмыс
iстеуге тиiс қазақстандық құрамды мiндеттi түрде
оқытуды
 ұсынған жөн.
      Бесiншiден, кәсiпкерлердiң
жеке меншiк сектордың ғылыми-технологиялық қамтылуы мен
бәсекеге қабiлеттiлiгiне мүдделi болуына
 қажеттi
алғышарттар туғызу да маңызды. Сондай-ақ кәсiпкерлердiң
қазақстандық мамандарды оқыту жөнiндегi
контрактiлiк мiндеттемелерiн орындауын қалтқысыз бақылап
отырудың да
 маңызы үлкен.

 IV. Осы заманғы
әлеуметтiк саясат: басты назарда -

адамдардың сұранысы мен қажеттiлiктерi
және жұмыс орындарын

жасақтау

     
Осыдан екi жыл бұрын бiз дәйектi әлеуметтiк жаңаруға
қарай бет бұрдық. Көп нәрселерге қол
жеткiздiк.
      Бiз үшiн ең бастысы - маңызды
әрi көкейкестi өмiрлiк қағидаттарды iске асыру үшiн
қазақстандықтарға: 

      - отбасын қамсыздандыру; 
      - тұрғын үй
иелену; 

      - денсаулықты нығайту; 
      - зейнетақыға жинақтаулар
қалыптастыру жөнiнде барлық қажеттi жағдайлар туғызу
болып табылады.

      Өзiмiздiң алдыңғы
тәжiрибемiзден және әлемнiң басқа елдерiнiң
тәжiрибесiнен бiз екi маңызды қорытынды шығара аламыз.

      Бiрiншi. Мемлекет
тарапынан халықты әлеуметтiк қолдау ол нысаналы әрi
атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелi болады. 
Мемлекет қоғамның
осындай көмекке шынында зәру мүшелерiн қолдауға
мiндеттi және сол үшiн жауапкершiлiктi iс жүзiнде өзiне
алып отыр,
 олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар,
ардагерлер, мүгедектер.
      Екiншi. Ең
пәрмендi әлеуметтiк саясат өнiмдi еңбекке ынталандыру және
жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келдi, әрi солай
болып қала бередi.
 Бiз, ең алдымен, қандай
да бiр себептермен жұмысынан айрылып қалған адамдардың
еңбекке оралуына нақты мүмкiндiктер туғызуымыз,
 олардың
жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар
жастар ортасында  жұмысшы мамандықтарының, әсiресе
өнеркәсiптегi мамандықтың беделiн асырып, кеңiнен
насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.

 Жиырмасыншы бағыт
- Тұрғын үйдiң қол жететiндей болуын

қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлiк
нарығын дамыту

саласындағы дәйектi саясат

      Бiрiншiден, Үкiмет талдау жасап, Тұрғын
үй-коммуналдық саласы бағдарламасының: құрылыс
индустриясын дамыту, қол жетерлiк жалға берiлетiн  тұрғын
үй кешендерiн салу, жер учаскелерiн бөлу ресiмдерiнiң ашықтығын
қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының
дамуын ынталандыру
 сияқты бағыттарын iске асыруды мүмкiндiгiнше
жеделдетуге тиiс.
      Екiншiден, халықаралық
сапа стандарттарына көшу жолымен құрылыстың және
құрылыс нысандарына қызмет көрсетудiң сапасын
арттыру мәселесi
 шешiмiн таппай келедi.
      Үкiметтiң және тиiстi
министрлiктердiң алдында  елiмiзде  жылжымайтын мүлiктiң
нақты, бәсекеге қабiлеттi әрi ашық нарығын құру
жөнiнде 
маңызды мiндет тұр. Бұл нарық
халықтың тұрғын үй алуына неғұрлым қолайлы
жағдайлар туғызылуын, сатып алушыға мәмiленiң
шарттары мен бағасы туралы толық ақпарат берiлуi, қаржы
ұйымдарына тиiмдi кредит құралдарын дамыту мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге тиiс.
      Үшiншiден, жылжымайтын
мүлiкпен сауда-саттық жасасу саласында әкiмшiлiк және
заңнамалық талаптардың қарапайым әрi түсiнiктi 
болғаны жөн.
 Сондай-ақ жер учаскелерiн
ресiмдеу жөнiндегi шаруаны оңайлату, сондай-ақ оларды беру тәртiбiнiң
ашықтығы туралы
 мәселенi де шешкен дұрыс.
      Төртiншiден, жылжымайтын
мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар
 қолдану,
сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалаудың тиiмдi
әдiстемесiн
 әзiрлеу қажет.
      Бесiншiден, кең
ауқымды тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн
қосымша көтермелеу көздерiн жасау
 мүмкiндiктерiн
де бағалау керек.
      Алтыншыдан, Үкiмет
жылжымайтын мүлiктiң халықаралық нарығындағы
үрдiстердi саралап, озық халықаралық тәжiрибенiң
негiзiнде жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысын
одан әрi жүргiзудi қаржыландыру мен жеке меншiк тұрғын
үй салуды ынталандырудың
 ұтымды құралдарын
жасауға тиiс.
      Жетiншiден, ипотекалық
кредиттеуге қатысты қызмет көрсететiн сақтандыру
компанияларын ынталандырудың
 заңнамалық негiзiн жасақтау
да қажет.

 Жиырма бiрiншi
бағыт - Медициналық қызмет көрсету сапасын

жақсарту және денсаулық сақтаудың
жоғары технологиялық

жүйесiн дамыту

      Бiрiншiден, денсаулық сақтау
саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестiру мен бақылау
тетiктерiн қайта саралау арқылы
 медициналық қызметтiң
нәтижелiлiгi мен сапасын арттыруға жету керек деп санаймын. Сонымен
қатар медицина мекемелерiнiң қоғам алдындағы
ашық есептiлiгi
 жүйесiн де, әрi iшкi бақылау
мен сыртқы аудит жүйесiн де
 енгiзген жөн.
      Сайып келгенде, медициналық қызметтiң
мемлекет көрсететiн  бөлiгiн анықтап беретiн уақыт
жеттi әрi оны жеке қызмет көрсетумен шатастырмаған жөн.
Екiншi жағынан,  жеке медицинаның дамуына да мүмкiндiк
беру керек.
      Екiншiден, орташа
өмiр жасының ұзақтығы
 деңгейiн
арттыру, ана мен бала өлiмi көрсеткiштерiн төмендету, туберкулезбен
сырқаттану және АҚТҚ/ЖҚТБ дертiне шалдығудың
 етек
алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзiрлеу керек.
      Үшiншiден, бастапқы
медициналық даярлық барлық мектептер мен университеттер оқу
жоспарының мiндеттi бөлiгiне
 айналуға тиiс. Осыған
байланысты халықтың салауатты өмiр салты мен денсаулық
сақтау мәселелерi жөнiндегi бiлiмi мен хабардарлығын
 арттыра
беру мiндет. Халық арасында спорттың бұқаралық
сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек.
      Төртiншiден, таяудағы
үш жылдың өзiнде мемлекеттiк - жекеменшiк 
серiктестiк тетiгiн пайдалану арқылы Қазақстан өңiрлерiнде
100 аурухана
 салынатын болады.
      Бесiншiден, Қазақстанның
санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық
елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мiндет.

      Алтыншыдан, халықтың
қолы жетерлiк медициналық және медициналық сақтандыру
қызметтерiнiң бәсекелестiк нарығын дамыту үшiн көтермелеу
 шаралары
әзiрленуi шарт.
      Жетiншiден, дәрiгерлер
мен медицина қызметкерлерiн оқыту, аттестациялау мен даярлаудың
халықаралық стандарттарына жедел қарқынмен
 көшу
қажет. Сонымен қатар бiлiктiлiк санатының деңгейiне,
мамандығының түрiне және жүктелетiн мiндетiнiң
ауқымына қарай медицина қызметкерлерiнiң еңбегiне
ақы төлеудiң ынталандырушы жүйесiн енгiзудi
 де
дәйектi ойластырған дұрыс.
      Бiз осымен бiр мезгiлде халықтың қалың
топтарының қолы жететiн жоғары технологиялық
денсаулық сақтау жүйесiн 
жасақтауға
кiрiсуге тиiспiз. Бұл үшiн:
      Бiрiншiден, Денсаулық
сақтау министрлiгi, бiрiншi кезекте, мектепке дейiнгi мекемелер
мен мектептерде  осы заманғы және жоғары технологиялық
сырқаттың алдын алу мен анықтау қызметiн жетiлдiру, науқастарға
медициналық консультациялар беру, әлеуметтiк сипаты бар сырқаттарды
емдеу мен сауықтыру жүйесiн әзiрлеуге
 тиiс. Сондай-ақ
дерттi ерте анықтау мен одан сақтандыру жөнiндегi жоғары
технологиялы орталықтардың құрылуын көтермелеп
отыру
 қажет.
      Екiншiден, мемлекет
денсаулық сақтау органдарына жоғары сапалы ақпараттық
технологиялар жүйесiн дамытуға
, соның iшiнде науқастардың
ұлттық электрондық медициналық картотекасын жасау арқылы
 жәрдемдесуi
керек.

 Жиырма екiншi
бағыт - Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту

     
Үкiмет Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн одан әрi
жетiлдiру жөнiнде
 ұсыныстар әзiрлеуге тиiс.
      Неғұрлым өзектi мiндеттер
мыналар:
      Бiрiншiден, зейнетақылық
жинақтаулардың сақталуы мен кәрiлiк жеткен кезде олардың
жетерлiк мөлшерде болуы жөнiнде мемлекеттiк кепiлдiктердi
 қамтамасыз
ету.
      Екiншiден, халықты
жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен барынша қамту.

 V. Жаңа
Кезеңнiң ығытына қарай саяси және әкiмшiлiк
даму

 Жиырма үшiншi
бағыт - Саяси жүйенi дамыту

     
Жаңа кезеңдегi негiзгi мiндет - жалпыға танылған
демократиялық құндылықтар мен өзiмiздiң көпұлтты
және көпконфессиялы қоғамымыздың дәстүрлерi
үйлесiмдi ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық
мемлекеттiң негiздерiн одан әрi нығайта беру.

      Дамуымыздың негiзгi бағыттары, ең
алдымен, мыналар:
      - мемлекеттiк билiк тармақтары
арасындағы өзара ықпалдастық тиiмдiлiгiн
арттырып,  тежемелiк пен тепе-теңдiк жүйесiн нығайта
беру; 

      - билiктiң өкiлдi
органдарының өкiлеттiктерiн кеңейте беру;
 
      - саяси партиялардың рөлiн
арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту
 үшiн
қолайлы жағдайлар туғызу; 
      - меморгандар жұмысының
тиiмдiлiгi мен ашықтығын арттыру;

      - мемлекеттiк шешiмдер әзiрлеу үдерiсiне
жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету жолында
 атқарушы
билiк құрылымдарын реформалау; 
      - адамның құқықтары
мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық
тетiктерiн
 одан әрi нығайта беру; 
      - жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
дамуы үшiн
 жағдай туғызу; 
      - БАҚ-тың үйлесiмдi
дамуына
 жәрдемдесу.
      Мұның бәрi де, сайып
келгенде, Қазақстан дамуының жаңа кезеңi үшiн
елiмiздiң үйлесiмдi саяси және мемлекеттiк құрылымының
оңтайлы үлгiсiн таңдауына мүмкiндiк беретiнiне
 мен
сенiмдiмiн.

 Жиырма төртiншi
бағыт - Әкiмшiлiк реформаларды iске асыру

және атқарушы билiктi iлгерiлету

     
Бiз корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, транспаренттiлiк және
қоғам алдындағы есептiлiк қағидаттары негiзiнде үздiк
халықаралық тәжiрибеге сүйенiп,
 мемлекеттiк
басқарудың сапалық жаңа үлгiсiн түзудемiз.
      Бiрiншiден, Үкiмет
әкiмдермен бiрлесе отырып, бағдарламалық құжаттарды
әзiрлеу мен олардың мазмұнына көзқарасты түбегейлi
өзгертуге тиiс.
 Әрбiр мемлекеттiк органның стратегиялық
жоспары
 болуы керек, барлық мемлекеттiк органдар қызметiнiң 
мақсаты, басымдықтары айқындалып, нысаналы көрсеткiштерi
белгiленуге,
 әр мемлекеттiк қызметшiнiң жұмысы
соларға жетуге бағдарлануы шарт. Қолданылып жүрген бағдарламаларды
қайтадан ой елегiнен өткiзудi тапсырамын, керек жерiнде оларды өзiмiздiң
стратегиялық басымдықтарымызға шоғырландырып, 
қалғанын қысқартқан немесе басқа
деңгейге берген
 жөн.
      Екiншiден, мемлекеттiк
органдардың стратегиялық, әкiмшiлiк-атқарушылық және
бақылау-қадағалау мiндеттерiнiң бөлiнiсi
 лайықты
тиянағын табуға тиiс. Жыл сайын мiндеттердiң қосарластығына
жол бермеу, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, мүдделер
тайталасын
 еңсеру мақсатында Үкiмет шешiмдерiне
талдау жүргiзiп отыру қажет.
      Үшiншiден, тиiмдiлiктi,
нәтижелiлiктi, бақылауда ұстауды және ашықтықты
қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттiк жоспарлауды жетiлдiру
керек.
      Төртiншiден, Үкiмет мемлекеттiң
экономикалық қызметiнiң барлық стратегиялық емес
түрлерiн бәсекелестiк-нарықтық ортаға
 беруге
тиiс.
      Бесiншiден, мемлекеттiк
сатып алуларды
 ұйымдастыру жүйесi айқын ережелер
белгiлейтiн болуы керек, ал ресiмдердiң өзiнiң ашық,
бақыланатын, түсiнiктi әрi орындауға
 оңтайлы
болғаны дұрыс.
      Алтыншыдан, Үкiмет мемлекеттiк
қызмет көрсетудiң сапалы
 стандарттарының әзiрленуi
мен енгiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Үкiметтiң биылғы
1 шiлдеге дейiн республикалық, сондай-ақ жергiлiктi деңгейлерде
көрсетiлетiн барлық мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң
тiзбесiн
 бекiтуi керек.
      Жетiншiден, Үкiмет
пен жергiлiктi атқарушы билiк органдары өздерiнiң қызметiнiң
ашықтығы мен есептiлiгiн
 арттыруға бағытталған
шаралар кешенiн әзiрлеуге тиiс.
      Сегiзiншiден, мемлекеттiк
қызметшiлер жауапкершiлiгiн арттыруға, 
сондай-ақ олардың
жұмысқа деген ықыласын нығайтуға
 бағытталған
неғұрлым қатаң талаптар енгiзген дұрыс.
      Тоғызыншыдан, мемлекеттiк
органдардың қызметi азаматтарға көрсетiлетiн қызметтiң
тиiмдiлiгi мен сапасы, мемлекеттiк, салалық, өңiрлiк және
бюджеттiк бағдарламаларды iске асырудың нәтижесi 
ескерiлiп,
екшелуге тиiс.
      Оныншыдан, "электрондық
үкiмет"
 жасақтау жөнiндегi жұмыстың
нәтижелерiне мұқият талдау жүргiзу керек.
Осыны ескере отырып, әрi әлемнiң жетекшi елдерiнiң тәжiрибесiне
сүйенiп, осы заманғы ақпараттық технологияларды
енгiзудi
 жалғастыра беру қажет болады.
      Үкiметке әкiмшiлiк реформа жүргiзуге
қажеттi нормативтiк құқықтық негiз әзiрлеудi тапсырамын. 

 Жиырма бесiншi
бағыт - Қоғамдық келiсiм мен тұрақтылықты

одан әрi нығайту үшiн Қазақстан
Халықтары ассамблеясының

рөлiн көтеру

     
Қоғамдық келiсiмдi одан әрi нығайту, сайып
келгенде, елiмiздiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету мен өзiмiз
алдымызға қойған асқақ мiндеттi ойдағыдай
орындаудың негiзi болып табылады.
      Сондықтан да Қазақстан
Халықтары ассамблеясының практикалық қызметi мен
жауапкершiлiгi аясын кеңейтiп, оның беделiн барынша арттыра беру, әсiресе,
заңнамалық деңгейде арттыру қажет.

      Ассамблея елiмiз дамуының жаңа кезеңiнде
мынадай мiндеттердi дәйектi түрде шешуге тиiс:
      Бiрiншiден. Халықтардың бiрлiгiн
нығайту
 және Қазақстан қоғамын
жаңартудың
 саяси идеология мен ағымдағы
"сұраныстан" асқақ тұратын негiз қалаушы
құндылықтары бойынша арналы қоғамдық
келiсiмдi қолдау мен дамыта
 беру.
      Екiншiден. Қазақстанның
барлық азаматтары үшiн
 олардың ұлттық, әлеуметтiк,
былайша айтқанда, "зәузаттық" шығу тегiне қарамастан, тең
мүмкiндiктерге негiзделген бiртұтас азаматтығын нығайту.

      Үшiншiден. Қоғамдағы
этносаралық және конфессияаралық келiсiм мен ықыластылықты
одан әрi нығайтуға қажеттi қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ету.
      Төртiншiден. Қоғамдағы
экстремизм мен радикализмнiң кез келген көрiнiстерiне
 және
бiздiң азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына
қысым жасауды көздейтiн әрекеттерге қарсы қатаң
әрi дәйектi қарсы тұру.

 Жиырма алтыншы
бағыт - Қазақстан халықтарының рухани дамуы

және үштұғырлы тiл саясаты

      Бiрiншiден, "Мәдени мұра"
бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiлген жұмысты
жалғастыра отырып, "Қазақстан Халықтарының
Рухани Даму Қорын"
 құру туралы мәселенi
жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг жүргiзiп,
мемлекеттiк - жекеменшiк серiктестiктiң көмегiмен және тиiстi
қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы бiздiң
халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерiн
дамытуды қолдап отыруға тиiс. Қорды басқару
корпоративтiк басқару қағидаттарының негiзiнде жүргiзiлуге
тиiс.
      Екiншiден, "Тiлдердiң
үштұғырлығы" мәдени жобасын
 кезеңдеп
iске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкiл
әлемде халқы үш тiлдi пайдаланатын мәдениеттi
ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi -
мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлтаралық қатынас тiлi және
ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай
кiрiгу тiлi. 

 Жиырма жетiншi
бағыт - Құқық қолдану iс-тәжiрибесiн

жетiлдiру және құқық
тәртiбiн нығайту

     
Ашық, демократиялық қоғамның iргесiн дәйектi
нығайта отырып, бiз демократия мен құқық
тәртiбi - егiз ұғымдар екенiн, бiрiнсiз бiрiнiң өмiр
сүре алмайтынын
 естен шығармауымыз керек. Сондықтан
да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғайтын пәрмендi жүйе
 қажет.
      Бiрiншiден, құқық
қорғау мен басқа мемлекеттiк органдардың құқық
тәртiбiн қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және
заңнамалық шараларын жетiлдiру
 жөнiндегi iс-қимылын
үйлестiрудi күшейту керек.
      Екiншiден, өз
назарымызды жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың өсуi проблемасына
аударып, мұны кемiту шараларын қолдану мiндет.
      Үшiншiден, өзiмiздiң
құқық қорғау органдарымызға есiрткi
қылмысы мен ұлтаралық қылмыс
 секiлдi қатерлерге
қарсы күресу үшiн қосымша  ресурстар мен құралдар беруiмiз
қажет.
      Төртiншiден, елiмiзде құқық
бұзушылықтың алдын алудың жалпымемлекеттiк жүйесiнiң
жасақталып, жұмыс iстеуiн
 қамтамасыз ету, бұл
iске жұртшылық пен халықты кеңiнен тарту керек.

 VI. Қазақстанның
жаңа өңiрлiк және геосаяси жауапкершiлiгi

 Жиырма
сегiзiншi бағыт - Қазақстанның жаңа халықаралық

жауапкершiлiгi, көп бағытты сыртқы
саясатты дамыту және

жаһандық қатерлерге қарсы күреске
қатысу

     
Қазақстан ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық
лаңкестiкке, дiни экстремизмге, есiрткi саудасы мен басқа да осы
заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған
халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың
белсендi мүшесi
 болып келдi және болып қала бередi.
      Қазақстанның көптеген
проблемаларының, айталық, табиғатты қорғау сияқты
проблемасының, шекарааралық сипаты бар. Оларды өзiмiздiң
көршiлерiмiз - Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия
мемлекеттерiмен бiрлесiп, бассейндiк қағидаттың негiзiнде ғана
шешуге болады. Бұл үшiн халықаралық қатысумен,
Дунай, Альпi және Анды келiсiмдерiнiң үлгiсi бойынша тұрлаулы
дамудың шекарааралық аймағы құрылуға тиiс.
      Энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз
етуден бастап, iндеттер мен экологиялық апаттарға қарсы күреске
дейiнгi өмiршең маңызды мәселелердi шешуде басқа
елдермен ынтымақтаса отырып, бiз өңiрлiк ынтымақтастық
пен халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесi
ретiнде өзiмiздiң рөлiмiз бен беделiмiздi алдағы уақытта
да нығайта беретiн боламыз.

      Мұның бәрi де бiз үшiн
басымдықты болып табылатын Ресеймен және Қытаймен арадағы
тату көршiлiк өзара қарым-қатынастарымыздан, АҚШ-пен
стратегиялық серiктестiктi, Еуропа Одағы елдерiмен көп тарапты
ынтымақтастықты дамытуға мүдделiлiгiмiз бен бұл
бағыттағы практикалық қадамдарымыздан айқын көрiнедi.

 Жиырма тоғызыншы
бағыт - Қазақстанның өңiрлiк тұрақтылықты

қамтамасыз етудегi, Орталық Азия
елдерiнiң экономикалық

ықпалдастығын дамыту мен Каспий және
Қара теңiз аймағындағы

серпiндi нарықты қалыптастырудағы
белсендi рөлi

     
Өңiрлiк дамудың артықшылықтарын пайдалану үшiн өңiрдегi
елдердiң неғұрлым терең әрi өзара тиiмдi ықпалдастығын
қамтамасыз ету
 керек.
      Мұның бәрi де Қазақстанның
Орталық  Азиядағы, Азия мен Таяу Шығыс өңiрлерiндегi
ықпалдастықты күшейту жөнiндегi, ЕурАзЭҚ, АӨСШК,
ШЫҰ секiлдi өңiрлiк құрылымдарды нығайту хақындағы
сындарлы бастамаларынан нақты көрiнiс тауып отыр.
      Осыған байланысты бiз алдағы уақытта:
      Бiрiншiден, өзiмiздiң
көршiлерiмiзбен Орталық Азияның бүкiл аумағында
барынша қолайлы iскерлiк ахуал орнықтыру жайында
 келiсiп
алуымыз керек. Бiздiң компанияларымызға көршi елдерге еркiн қаражат
салуға мүмкiндiк беретiн, импорт пен экспорт арнасында, капитал мен
жұмыс күшiнiң жылжуында бюрократиялық және
кедергiлердi серпiп тастауға мүмкiндiк беретiн ерекше келiсiмдер
жасасу қажеттiлiгi тууы да ықтимал.
      Екiншiден, бiз
өзiмiздiң күш-жiгерiмiздi Орталық Азия мемлекеттерiнде
шетелдiк қаржы институттары мен отандық компанияларды тарту арқылы
тиiстi жобаларды iске асыру мәселелерiне жұмылдыруымыз қажет.
Бұл, ең алдымен, "Қазына" қорының
мiндетi.
      Үшiншiден, өзiмiздiң
көршiлерiмiзбен бiрлесiп, жұмыс күштерi жылжуының
арнайы тәртiбiн енгiзу
 мәселесiн талқылауымыз қажет
болуы мүмкiн. Бiз Орталық Азия өңiрi елдерiнiң бiлiктi
жұмыс күшiнiң еркiн, бiрақ басқарумен жылжып тұруына
 қарсы
емеспiз.

 Отызыншы бағыт
- Қазақстанның "өркениеттердiң үндесуiн"

дамытудағы мәдениетаралық және
конфессияаралық орталық

ретiндегi тұғырын бекемдеу

     
Халықаралық қоғамдастықта бiздiң елiмiзде тұрып
жатқан және Қазақстанның бiртұтас халқы
болып табылатын барлық ұлттар өкiлдерiнiң ұстамдылығын,
конфессияаралық және мәдениетаралық татулығын қамтамасыз
етуге бағытталған сара саясатымыз барынша танылып отыр.
      Бiрiншiден, бүгiн
мәдениетаралық және конфессияаралық үндесудiң
маңызды халықаралық орталығы ретiнде Қазақстанның
рөлiн жаңа деңгейге
 көтеру керек. Қажет
болған кезде бiздiң елiмiз тайталас туып кетуi ықтимал жағдайларда
өзара келiсуге боларлық саяси шешiм табу жолында халықаралық
дәнекер мiндеттерiн де атқара алатынына күмән жоқ.
      Екiншiден, өркениеттердiң
үндесуiн кеңейту мен тереңдетуге
  дәл осылайша
мүдделi болып отырған бiрқатар мемлекеттермен бiрлесiп, бiз
осы заманғы дүниенiң өзектi мәселелерi
бойынша Шығыс пен Батыс арасындағы түсiнiстiктi 
жақындастыруға бағытталған iрi халықаралық
бастамалар
 жасай алар едiк деген ойдамын.

Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi!
Ханымдар мен мырзалар!

     
Бiз алдымызға қойып отырған биiк мақсаттарға
жету билiктiң барлық органдары мен институттары, iскер, ғылыми
және сарапшы топтар тарапынан қосымша көп жiгер-қайрат
жұмылдыруды, керек десеңiз, көп ретте iске жаңаша қарауды,
мүлде тосын тұрғыдан келудi талап етедi.

      Ең бастысы, кешендi жаңарту үдерiсi елiмiздiң
күллi халқының, қоғамның барлық
топтары мен институттарының мүддесi үшiн, әрi солардың
тiкелей қатысуымен жүргiзiледi.