20-11-20-1

2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2 тармағының 27 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты, Балқаш қаласының жұмыс берушілерін жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату жөніндегі мәліметтерді, «Электрондық еңбек биржасы» порталындағы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге шақырамыз.

Нұсқаулықты сілтеме арқылы көшіре аласыздар: https://www.enbek.kz/docs/sites/default/files/instrukciya_dlya_rabotodateley_po_zaklyucheniyu_elektronnyh_trudovyh_dogovorov_na_portale_ebt.pdf