19-11-20-1

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін әлеуметтік қызметтер Порталы әзірленді. 2021 жылдан бастап порталда (аleumet.egov.kz) оңалтудың техникалық құралдарын алу, жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметтеріне тапсырыс беру,«санаторлық–курорттық ем» қызметтерін таңдау мүмкіндігі қолжетімді болады.

Сіз оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынушыдан (үйге дейін жеткізіп беру немесе ұсынушыдан тікелей алу) тікелей оңай ала аласыз.

Әлеуметтік қызмет Порталымен жұмыс үшін міндетті түрде ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) ресімдеу қажет. Электрондық цифрлық қолтаңбаны www.egov.kz. Электронды үкімет веб-порталы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на (ХҚКО) кезекті алдын ала броньдау бойынша рәсімдеуге болады.

Қызметті алушылар порталды өзі немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен қолдана алады.

Порталды қолдану мәселелері бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.