17-11-20-1

1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар және АӘК қандай мерзімге тағайындалады?

АӘК отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалыларға тағайындалады, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (Қарағанды облысы бойынша 2020 жылдың 4 тоқсанына кедейлік шегі - 23501 теңге).

Өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Мысалға, егерде отбасы АӘК 2020 жылдың 15 қарашасында өтініш берсе, онда оған АӘК қараша және желтоқсан айларына ғана тағайындалады.

2. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай анықталады?

АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік

шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады.

3. Қандай жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды?

1) Егер еңбекке жарамды отбасы мүшесі жұмысқа орналасуға ұсынылған шаралардан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК құқығынан айрылады;

2) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға);

3) Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

4. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет кімге беріледі?

Ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, АӘК алушылар болып табылатын отбасылар

қатарындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады:

1) егер отбасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар болса, АӘК тағайындау кезінде, оларға АӘК тағайындау кезеңіне кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (тамақтану, гигиеналық құралдар);

Жинақты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды, ол физиологиялық ерекшеліктерді, тағамдық және энергетикалық құндылықтар мен жас ерекшеліктеріне сәйкес тұтыну арақатынасын ескере отырып қалыптастырылды.

2) егер отбасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар болса, АӘК тағайындау кезінде тиісті

оқу жылы кезеңінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (ыстық тамақ, қалалық көлікте жол жүру және жылына бір рет мектеп формасы мен керек-жарақтары (кеңсе тауарлары)).

5. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шарттары туралы кеңес алу үшін қайда жүгінуге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және "Балқаш қаласы

әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, Уәлиханов көшесі, 5, №7, 13 кабинет, телефон 8(71036)44061,65070 мекенжайына хабарласуға болады.