«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі:

жасы он сегiзден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге;

психоневрологиялық патологиясы бар немесе тiрек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға;

жалғыз тұратын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетiледi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:

1) нысан бойынша жазбаша өтініш;

2) қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) нысан бойынша медициналық карта;

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін ОЖБ-сы бар болса);

2) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқалармен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін медициналық картадан басқасы, қызметтерді алушыға қайтарылады. Анықтамалар және түсіндірмелерді «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен, мекен-жайы:Уалиханов к-сі 5, № 8 кабинет, 7-79-62 телефоны бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін алуға болады. Түскі үзіліс 13:00-14:30.