Қалада халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шарларды қарастыратын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында шешіледі. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламсының көрсеткіштері жоспарланған жоспарларға сәйкес орындалады.

2020 жылдың басынан бастап 2381 адам Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылды.

Халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы шаралары тұрақты жұмыс орындарына 1496 адамды немесе жылдық жоспардың 83% (1806 адамды) жұмысқа орналастыруға, 16 жұмыссыз азаматтар (15 адам жылдық жоспардың 106%) үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 79 түлегін (немесе 47 адам жылдық жоспардың 168%) жастар практикасына жіберуге, 661 адамды немесе жылдық жоспардың 102% (648 адам) қоғамдық жұмыстарға қатыстыруға мүмкіндік берді.

«Электромонтер» мамандығы бойынша Кадрларды қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстарын 11 адам аяқтады (немесе жылдық жоспардан 100%). Барлық қатысушылар қаланың кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.

Еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтар бойынша Т және КБ (техникалық және кәсіптік білім беру) арқылы тегін кәсіптік білім беруге шаштараз, автокөлікті жөндеуші мамандықтары бойынша 9 сыныптың 48 түлегі жіберілді.

"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" екінші бағыты аясында: Балқаш қаласы мен оған жақын Саяқ және Гүлшат кенттерінің тұрғындары қатарынан 16 адам жалпы сомасы 118,7 млн.теңге шағын несие алды. "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқытуды аяқтағаннан кейін 63 адам жалпы сомасы 34.4 млн. теңге мемлекеттік гранттар алды.

"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 1 адам (2020 жылғы түлек) "ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыру үшін жіберілді.

Бағдарламаның негізгі жоспарлы көрсеткіштері 100%-ға орындалатын болады. Ағымдағы жыл соңына дейін бағдарлама аясында тағы да 450 адам жоспарланып отыр.

Балқаш қаласында «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру халықтың біршама бөлігін көбірек нәтижелі жұмыс орындарымен қамтуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға және жұмыссыздық деңгейін 4,7% төмендетуге мүмкіндік берді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуде белсенді шараларын көрсету бойынша жұмыстар жалғасады.