Халық назарына!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығына» сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»

2. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу"

Өтініш беруші «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жерінде нысан бойынша:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшесі;

2) жұмыспен қамту бөлімі арқылы ұсынады.

Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш беру талап етілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық бөлімшесі, жұмыспен қамту бөлімді мамандары өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – Ақпараттық жүйелер) арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдар үшін);

4) мүгедектік белгілеу үшін кінәлі жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы (еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдар үшін).

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке қағаз тасығыштағы тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін төлнұсқалары қоса беріледі.

Бөлме ішінде қозғалуға арналған кресло-арбалар мүгедектерге 7 жыл пайдалану мерзімімен, ал серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жылға беріледі.

Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден , 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы: Балқаш қ., Бөкейханов к-сі, 20а, телефон: 8(71036) 68349, 68347,68398.

көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Балқаш қ., Уалиханова к-сі, 5 каб.№6 телефон 8(71036) 42325.

«Балқаш қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ