Мүмкіндігі шектеулі адамдарға  қамқорлық көрсету, олардың өзекті мәселелеріне назар аудару мақсатында, елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектер күні аталып өтеді.  

Мүгедектер күні аясында 8-9 қазанда Балқаш қаласында іс-шаралар өтізілді:
- қала басшылығы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік қорғау жүйесіне белсенді қатысқаны үшін, «Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндіріс кәсіпорыны» ЖШС-нің, «Балқаш қалалық саңыраулар клубы» КМҚК өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады;
- қала әкімінің қатысуымен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыға және кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедекке барып, сертификат, кресло-арба және азық-түлік жиынтығын табыс ету ұйымдастырылды;    
- «Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы мүгедектер арасындағы дойбыдан облыс чемпионы А.Х.Хамзинді алғыс хатпен марапаттап, 50,0 мың теңгенің сертификатын табыс етті;
- онлайн режимде қалалық «Жан шуағы» шығармашылық фестивалі және ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Алтын күз», «Күзгі бал» шаралары өтті;
- Мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге "Алтын күз" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды;
 - 7 мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік жиынтығынан қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
- 9 қазан 2020 ж. Балқаш қаласының әкімі О. Таурбековтың қатысуымен  мүмкіндігі  шектеулі  баланы тәрбиелеп отырған отбасына барып,  тәттілер  мен  сыйлықтар  сертификаттары тапсырылды.
9 қазан 2020 ж мүмкіндігі шектеулі балалардың "Үлкен Жүрек"  әлеуметтік бейімдеу  мен  даму  орталығында  мәдени – ойынсауық шарасы өткізілді.
11 қазанда 20-дан астам мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға  "Стамбул Донер" мен   "Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы"  ҚБ мерекелік  дастархан жайылды. (ЖК Арымбекова А.).

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1