Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаға шығындарын өтеу туралы» шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі.

Үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі және 2020 жылы әр балаға тоқсан сайын 5 айлық есептік көрсеткіш (1АЕК - 2778 теңге) немесе жалпы сомасы 13890 теңге мөлшерінде белгіленді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

3) мүгедектігі туралы анықтама;

4) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

5) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ