Мемлекеттік қызмет Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет өмірлік қиын жағдайда қалған, Балқаш қаласы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты тұратын адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көмекке мұқтаждар санатына азаматтарды жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

· табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;

· амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы болса;

· операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруы болса;

· адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;

· бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, босап шыққаннан күннен бастап 3 айдан кеш емес уақытта жүгінетін болса.

Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші («Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

2) кент әкімі;

3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар - www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ