Ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін құру мақсатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек Жолы» республикалық байқауын өткізеді.

Ағымдағы жылы республикалық «Еңбек жолы» байқауына Балқаш қаласынан «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 2 отбасы, «Жұмыскердің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 3 тәлімгер, «Үздік жас жұмыскер» номинациясы бойынша 4 білікті жұмыскер қатысты.

Республикалық «Еңбек жолы» байқауының облыстық деңгейіне белсенді қатысқаны үшін, Балқаш қаласы әкімінің атынан алғыс хат пен сыйлықтар келесі азаматтарға табысталды:

1. Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

- Шарипов Аскар Булатовичтің отбасына - «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смелтинг)» ЖШС;

- Левкович Анатолий Мичеславовичтің отбасына - «Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейі» КММ-і.

2. «Жұмыскердің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:

- Бейсембекова Айгуль Джурсиевнаға «Балқаш сервис колледжі» КММ-ң өндірістік оқыту мастері;

- Султанова Елена Анатольевнаға «Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің» КММ-нің химия пәні мұғалімі;

- Ким Елена Олеговнаға «Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.

3. «Үздік жас жұмыскер» номинациясы бойынша:

- Надирбеков Азилхан Булатовичке «Балқаш қаласының лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 мекетебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі;

- Тусипбеков Батырхан Магрипбековичке Балқаш қаласының жалпы білім беретін №4 мектебі» КММ-нің география пәні мұғалімі;

- Досымбетова Бахытгуль Сабурбаевнаға «Балқаш сервис колледжі» КММ-ң методисті;

- Аманкелдыева Айгулим Саятовнаға «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің физика пәні мұғалімі.