Ағымдағы жылдың 20 мамырында Балқаш қаласының Кəсіпкерлер палатасы филиалының ғимаратында Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша қалалық  комиссия өткізілді.
Отырыс барысында  30 əртүрлі жобалар қарастырылды. Оның ішінде 200 АЕК - ге 5 жоба мақұлданды: "жылы - жай бизнесі", "қуыршақ театры","балаларға арналған шаштараз","Балаларға арналған массаж кабинеті","тəтті өнімдер өндірісі".
Оң шешім алған үміткерлермен мемлекеттік гранттар беру туралы шарттар ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.