Жарқын болашаққа қадам басқыңыз келеді ме?
    Мамандығыңыз бойынша лайықты жұмысқа тұрғыңыз келеді, алайда мүлдем тәжірибеңіз жоқ болса,
    Біз Сізге көмектесе аламыз!
    Халықты  жұмыспен қамту орталығы оқу орындары түлектеріне «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасына қатысып, Балқаш қаласының мекемелері және кәсіпорындарына Жастар практикасына жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.
    Жастар практикасы Сізге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Мамандығыңыз бойынша алғашқы тәжірибе алып, еңбігіңіз үшін жалақы алу
  • Мемлекет қолдауымен енбек нарығында бәсекелестікті көтеру
  • Мансапты әрі қарай жетілдіру үшін негіз салу

    Жастар практикасынан өту мерзімі-6 айдан жоғары емес.
    Жастар практикасына өткен 3 жыл ішінде оқуды аяқтаған түлектер қатыса алады.

    Жастар практикасына қатысу жайлы сұрақтар бойынша:
    Уәлиханов 5 көшесі, 1 қабат № 13 кабинетке жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 65070, 87007332301.