2020 жылдың 26 ақпанында М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында Халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші қатысып, олар білім беру, коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс, медицина, және т.б. салаларға қатысты  400-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс іздеушілер үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында  жұмысқа орналасу, микрокредит беру, тегін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке  кеңестер жүргізілді, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушылар аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдаудың жаңа шарттары туралы ақпарат берілді.

 Қатысушылар назарларына ақпараттық және тарату материалдары (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар) ұсынылды.

Аталған іс – шараға 70-ден астам жұмыссыз азаматтар қатысты.