25 ақпанда қала әкімінің орынбасары С.Жақсылықова бастаған жұмыс тобы практикалық көмек көрсету және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Саяқ кентіне барды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, жұмыспен қамту орталығы және жастар ресурстық орталығының директорлары, кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағы, мемлекеттік мұрағат өкілдері және т.б. жұмыс тобының құрамына енді.

Жұмыс тобының мүшелері «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін "Садвокасова Д.Р." жеке кәсіпкер асханасында болды. Сонымен қатар, клуб, аурухана, мектеп, балабақша, мешіт, олардың қызметімен танысып, осы мекемелердің қызметкерлерімен кездесті.

Кент тұрғындарымен кездесу барысында «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Еңбек» бағдарламасына қатысудың мүмкіндіктері мен шарттары туралы толық ақпарат берілді.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндіріліп, азқамтылған және көпбалалы отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну, ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері және әлеуметтік қызметтер порталы бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар қамқоршыларымен және жастармен жеке кездесулер өткізіліп, жас саяқтықтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы жан-жақты және мемлекеттік гранттар туралы пайдалы ақпарат алды.

Сондай-ақ, қала әкімнің орынбасары және мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.